О внесении изменений в решение районного маслихата от 29 января 2009 года № 98 "Об установлении единых ставок фиксированного налога на отдельные виды предпринимательской деятельности в Тайыншинском районе"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение районного маслихата от 29 января 2009 года № 98 "Об установлении единых ставок фиксированного налога на отдельные виды предпринимательской деятельности в Тайыншинском районе"
- Атауы (қаз.)
- "Тайынша ауданындағы кәсіпкерлік қызметтің жеке түрлеріне бірыңғай тіркелген жиынтық салық ставкаларын белгілеу туралы" аудандық мәслихаттың 2009 жылғы 29 қаңтардағы № 98 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 240
- Қабылданған күні
- 20.12.2010
- Көрсетілген редакция
- 25.12.2013 57008_193113.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 25.12.2013
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V10SK000203
- ЭКБ идентификаторы
- 57008
- Редакция идентификаторы
- 57008_193113
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 06:38
0 "Тайынша ауданындағы кәсіпкерлік қызметтің жеке түрлеріне бірыңғай тіркелген жиынтық салық ставкаларын белгілеу туралы" аудандық мәслихаттың 2009 жылғы 29 қаңтардағы № 98 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 99-IV Кодекстің 422-бабына және «Нормативтік құқықтық актілері туралы» Қазақстан республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 Заңы 28-бабының 3-тармағына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШТІ:
1
1. «Тайынша ауданындағы кәсіпкерлік қызметтің жеке түрлеріне бірыңғай тіркелген жиынтық салық ставкаларын белгілеу туралы» аудандық мәслихаттың 2009 жылғы 29 қаңтардағы № 98 шешіміне (Мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2009 жылғы 10 наурызда тіркелген № 13-11-138, 2009 жылғы 3 сәуірде «Тайынша таңы», «Тайыншинские вести» газетте 2009 жылғы 3 сәуірде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
1 1) атауы келесі редакцияда жазылсын: «Тайынша ауданының аумағында қызметін жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін айына салық салу объектісінің бірлігіне бірыңғай тіркелген салық ставкаларын белгілеу туралы»;
2 2) шешімнің 1 тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Қосымшаға сәйкес Тайынша ауданының аумағында қызметін жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін айына салық салу объектісінің бірлігіне бірыңғай тіркелген салық ставкалары белгіленсін»;