Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в постановление акимата от 29 октября 2010 года № 807 "Об установлении квоты рабочих мест для несовершеннолетних выпускников интернатных организаций и лиц, освободившихся из мест лишения свободы"

Қаулы · № 509 · қабылданған 25.10.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 21.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/29-2010-no-807-ekb-68738/on/2026-09-21/
Басып шығарылды 2026-09-21 · adilet.kz
О внесении изменений в постановление акимата от 29 октября 2010 года № 807 "Об установлении квоты рабочих мест для несовершеннолетних выпускников интернатных организаций и лиц, освободившихся из мест лишения свободы" Күшін жойған 23.09.2016 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О внесении изменений в постановление акимата от 29 октября 2010 года № 807 "Об установлении квоты рабочих мест для несовершеннолетних выпускников интернатных организаций и лиц, освободившихся из мест лишения свободы"

Күшін жойған Қаулы № 509 21.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в постановление акимата от 29 октября 2010 года № 807 "Об установлении квоты рабочих мест для несовершеннолетних выпускников интернатных организаций и лиц, освободившихся из мест лишения свободы"
Атауы (қаз.)
2010 жылғы 29 қазандағы "Интернаттық ұйымдардың кәмелетке толмаған түлектеріне және қамаудан босатылған азаматтарға жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" әкімдіктің № 807 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
509
Қабылданған күні
25.10.2012
Көрсетілген редакция
23.09.2016 68738_285820.kaz
Соңғы өзгеріс
23.09.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V12VH002727
ЭКБ идентификаторы
68738
Редакция идентификаторы
68738_285820
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 01:04
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
21.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.09.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 2010 жылғы 29 қазандағы "Интернаттық ұйымдардың кәмелетке толмаған түлектеріне және қамаудан босатылған азаматтарға жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" әкімдіктің № 807 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 1-тармағының 13) тармақшасы, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7-бабы 5-5), 5-6) тармақшалары негізінде, Бородулиха ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. 2010 жылғы 29 қазандағы «Интернаттық ұйымдардың кәмелетке толмаған түлектеріне және қамаудан босатылған азаматтарға жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы» әкімдіктің № 807 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылғы 15 қарашада № 5-8-118 тіркелген, аудандық «Пульс района» газетінде 2010 жылғы 13 қарашада № 66, «Аудан тынысы» газетінде 2010 жылғы 19 қарашада № 65 сандарында жарияланған) қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:
қаулының атауы келесі редакцияда жазылсын:
«Интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар және қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы»
1-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
«1. Интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар және қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін барлық меншік нысандарының кәсіпорындарындағы, ұйымдары мен мекемелеріндегі жұмыс орындарының жалпы санының жеті пайызы мөлшерінде жұмыс орындарына квота белгіленсін.».

2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Р.А. Атаеваға жүктелсін.

3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен сон қолданысқа енгізіледі.