О внесении изменений в решение акима Кайранкольского сельского округа от 29 сентября 2011 года № 1 «О присвоении наименований улицам сел Кайранкольского сельского округа»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение акима Кайранкольского сельского округа от 29 сентября 2011 года № 1 «О присвоении наименований улицам сел Кайранкольского сельского округа»
- Атауы (қаз.)
- Қайранкөл ауылдық округі әкімінің 2011 жылғы 29 қыркүйектегі № 1 «Қайранкөл ауылдық округі ауылдарының көшелеріне атау беру туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 1
- Қабылданған күні
- 12.03.2018
- Көрсетілген редакция
- 12.03.2018 120523_309688.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 12.03.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V18NRD07662
- ЭКБ идентификаторы
- 120523
- Редакция идентификаторы
- 120523_309688
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 01:25
0 Қайранкөл ауылдық округі әкімінің 2011 жылғы 29 қыркүйектегі № 1 «Қайранкөл ауылдық округі ауылдарының көшелеріне атау беру туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қантардағы Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына, «Қостанай облысының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы» Қостанай облысы әкімдігінің 2017 жылғы 24 мамырдағы № 3 бірлескен қаулысына және Қостанай облысы мәслихатының 2017 жылғы 24 мамырдағы № 161 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7123 болып тіркелген) шешіміне сәйкес, Мақсұт ауылының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Қайранкөл ауылдық округі әкімінің 2011 жылғы 29 қыркүйектегі № 1 «Қайранкөл ауылдық округі ауылдарының көшелеріне атау беру туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-18-145 болып тіркелген, 2011 жылғы 10 қарашада «Маяк» аудандық газетінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Мақсұт ауылының құрамдас бөліктеріне атау беру туралы»;
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы»
1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 4) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қантардағы Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына сәйкес, ауыл тұрғындарының пікірін ескере отырып, Мақсұт ауылының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:»;
1-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мақсұт ауылының атаусыз көшелеріне атаулар берілсін:»;
2-тармақ алынып тасталсын.
2 2. «Мақсұт ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1 1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2
2) осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;