Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнения в приказ и.о. Министра юстиции Республики Казахстан от 29 июля 2011 года № 271 "Об утверждении инструкции о прохождении стажировки по оценочной деятельности"

Бұйрық · № 236 · қабылданған 27.06.2013
Заңдық күші: Күшін жойған · 16.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/29-2011-no-271/on/2026-08-16/
Басып шығарылды 2026-08-16 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнения в приказ и.о. Министра юстиции Республики Казахстан от 29 июля 2011 года № 271 "Об утверждении инструкции о прохождении стажировки по оценочной деятельности" Күшін жойған Бұйрық ·№ 236 ·27.06.2013
15.05.2018 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
16.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.05.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнения в приказ и.о. Министра юстиции Республики Казахстан от 29 июля 2011 года № 271 "Об утверждении инструкции о прохождении стажировки по оценочной деятельности"

Күшін жойған Бұйрық ·№ 236 · 16.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнения в приказ и.о. Министра юстиции Республики Казахстан от 29 июля 2011 года № 271 "Об утверждении инструкции о прохождении стажировки по оценочной деятельности"
Атауы (қаз.)
"Бағалау қызметі бойынша тағылымдамадан өту жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 29 шілдедегі № 271 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
236
Қабылданған күні
27.06.2013
Көрсетілген редакция
15.05.2018 73946_329054.kaz
Соңғы өзгеріс
15.05.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1300008589
ЭКБ идентификаторы
73946
Редакция идентификаторы
73946_329054
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 22:52

0 "Бағалау қызметі бойынша тағылымдамадан өту жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 29 шілдедегі № 271 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

«Бағалау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Бағалау қызметі бойынша тағылымдамадан өту жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 29 шілдедегі № 271 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 7188 нөмірімен тіркелген, 2011 жылғы 11 қазандағы «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған, № 488-490 (26882) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген, бағалау қызметі бойынша тағылымдамадан өту жөніндегі нұсқаулықта:
6-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
«6. Тағылымдаманың нәтижесі бойынша бағалаушылар палатасы тағылымдамадан өту барысында бағалау қызметімен айналысу құқығына үміткер тұлғаның алған теориялық білімдері мен тәжірибелік дағдысын, жалпы дайындық дәрежесін, бағалау қызметі бойынша пәндер тізбесін көрсетумен қорытынды шығарады.
Мүлікті бағалау бойынша (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтердің құнын қоспағанда) не зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтер құнын бағалау бойынша тағылымдамадан өту туралы қорытындыға тағылымдама жетекшісі қол қояды және осы нұсқаулықтың қосымшасына сәйкес нысан бойынша бағалаушылар палатасының төрағасы бекітеді.
Нұсқаулық осы бұйрыққа қосымшамен толықтырылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитеті осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсына орналастыру бойынша шараларды қабылдасын.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетінің төрағасы Б.Ш. Әбішевке жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Мүлікті бағалау бойынша (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтердің құнын қоспағанда) және зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтер құнын бағалау бойынша тағылымдамадан өту туралы № _____ Қорытынды

Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2013 жылғы 27 маусымдағы
№ 236 бұйрығына
қосымша
Бағалау қызметі бойынша
тағылымдамадан өту жөніндегі
нұсқаулыққа
қосымша
Нысан
«БЕКІТЕМІН»
Бағалаушылар палатасының Төрағасы
_____________________________
(аймақтың атауы)
__________________ Т.Ә.А.
(қолы)
Мүлікті бағалау бойынша (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтердің құнын қоспағанда) және зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтер құнын бағалау бойынша тағылымдамадан өту туралы № _____ Қорытынды
1. Тағылымдамадан өтуші _____________________________________________
(тегі, аты және әкесінің аты бар болған жағдайда көрсетілсін)
2. Тағылымдаманың жетекшісі айқындалды ______________________________
(тегі, аты және әкесінің аты бар болған жағдайда көрсетілсін),
_____________________________________________________________________
(лицензиясының нөмірі және ол тұратын бағалаушылар палатасының атауы көрсетілсін)
3. Тағылымдама өткен бағалау компаниясы
_____________________________________________________________________
(заңды тұлғаның атауы, лицензиясының нөмірі көрсетілсін)
4. Тағылымдамадан өту кезеңі «__» _____ ____ бастап «__» ______ дейін
5. Тағылымдамадан өту барысында бағалау қызметімен айналысу құқығына
үміткер тұлға алған теориялық білімдерді және тәжірибелік машықтарды,
жалпы даярлық деңгейін көрсете отырып, бағалау қызметі бойынша пәндердің тізімі.
6. Тағылымдама нәтижесі (оң не теріс).
Тағылымдаманың жетекшісі ____________________________________________
(тегі, аты және әкесінің аты бар болған жағдайда көрсетілсін) (қолы)

Қолданыстағы