Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в решение маслихата от 29 сентября 2011 года № 388 "Об оказании социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан"

Өзге акт · № 103 · қабылданған 12.03.2013
Заңдық күші: Күшін жойған · 17.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/29-2011-no-388/on/2026-08-17/
Басып шығарылды 2026-08-17 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в решение маслихата от 29 сентября 2011 года № 388 "Об оказании социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан" Күшін жойған Өзге акт ·№ 103 ·12.03.2013
22.10.2013 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
17.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.10.2013. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в решение маслихата от 29 сентября 2011 года № 388 "Об оказании социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан"

Күшін жойған Өзге акт ·№ 103 · 17.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в решение маслихата от 29 сентября 2011 года № 388 "Об оказании социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан"
Атауы (қаз.)
Мәслихаттың 2011 жылғы 29 қыркүйектегі № 388 "Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" шешіміне өзгерістер және толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
103
Қабылданған күні
12.03.2013
Көрсетілген редакция
22.10.2013 71920_215379.kaz
Соңғы өзгеріс
22.10.2013
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V13NM004085
ЭКБ идентификаторы
71920
Редакция идентификаторы
71920_215379
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 23:30

0 Мәслихаттың 2011 жылғы 29 қыркүйектегі № 388 "Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" шешіміне өзгерістер және толықтырулар енгізу туралы

"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағы 15) тармақшасына, "Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 қаулысымен бекітілген "Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу" мемлекеттік қызмет стандартына сәйкес, Қарасу аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

1

1. Мәслихаттың "Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" 2011 жылғы 29 қыркүйектегі № 388 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-13-135 тіркелген, 2011 жылғы 19 қазандағы "Қарасу өңірі" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер және толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1-тармағында:
4) тармақшасында "20" деген сан "15" деген санымен ауыстырылсын;
5) тармақшасында "5" деген сан "25" деген санымен ауыстырылсын;
6) тармақша жаңа редакцияда жазылсын:
"6) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілген тұлғаларға, сондай-ақ, соғысқа қатысушыларға жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілген тұлғалардың басқа да санаттарына және 1941 жылғы 22 маусымнан бастап 1945 жылғы 9 мамырға дейін кемінде алты ай еңбек еткен (қызмет атқарған) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталмаған тұлғаларға, Жеңіс Күніне орай, бір жолғы, 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
7) тармақшасында "10" деген сан "15" деген санымен ауыстырылсын;
9) тармақшасында "4" деген сан "6" деген санымен ауыстырылсын;
10) тармақшасында "2,5" деген сан "3" деген санымен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 11) тармақшамен толықтырылсын:
"11) мүгедектерге, табыстарын есепке алмай, шипажайға және оңалту орталықтарына жол жүруімен байланысты шығындарын өтеуге, бір жолғы, нақты шығындар бойынша.".
Мәслихат шешімінің қосымшасында:
1-тармағының 3) тармақшасы алынып тасталсын;
2-тармағының 6) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
"6) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілген тұлғаларға, сондай-ақ, соғысқа қатысушыларға жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілген тұлғалардың басқа да санаттарына және 1941 жылғы 22 маусымнан бастап 1945 жылғы 9 мамырға дейін кемінде алты ай еңбек еткен (қызмет атқарған) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталмаған тұлғаларға, Жеңіс Күніне орай, бір жолғы, 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде:
егер аталған азамат уәкілетті органда есепте тұрмаған жағдайда, алушының әлеуметтік мәртебесін растайтын құжат;
2-тармағы мынадай мазмұндағы 11) тармақшасымен толықтырылсын:
"11) мүгедектер үшін, табыстарын есепке алмай, шипажайға және оңалту орталықтарына жол жүруімен байланысты шығындарын өтеуге, бір жолғы, нақты шығындар бойынша:
алушының әлеуметтік мәртебесін растайтын құжат;
мүгедектің жеке оңалту бағдарламасынан үзінді;
шипажай курорттық картасынан немесе медициналық картасынан үзінді;
тұратын жерінен белгіленген жеріне дейін және қайта жол билеттері.".

2 2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

КЕЛІСІЛДІ:
"Қарасу ауданының жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
_______________ А. Ерменова

Қолданыстағы