О внесении изменений в решение маслихата Меркенского района от 29 марта 2011 года № 42-7 "Об утверждении Правил оказания жилищной помощи малоообеспеченным семьям (гражданам) по Меркенскому району"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение маслихата Меркенского района от 29 марта 2011 года № 42-7 "Об утверждении Правил оказания жилищной помощи малоообеспеченным семьям (гражданам) по Меркенскому району"
- Атауы (қаз.)
- "Меркі ауданы бойынша табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Ережелерін бекіту туралы" Меркі ауданы мәслихатының 2011 жылғы 29 наурыздағы № 42-7 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 47-5
- Қабылданған күні
- 09.11.2011
- Қолданысқа енгізілген күні
- 13.12.2011
- Көрсетілген редакция
- 31.07.2012 AI61619_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 31.07.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V11GF000098
- ЭКБ идентификаторы
- 61619
- Редакция идентификаторы
- AI61619_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 04:15
0 "Меркі ауданы бойынша табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Ережелерін бекіту туралы" Меркі ауданы мәслихатының 2011 жылғы 29 наурыздағы № 42-7 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуiрдегi Заңының 97-бабына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1
1. «Меркі ауданы бойынша табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Ережелерін бекіту туралы» Меркі ауданы мәслихатының 2011 жылғы 29 наурыздағы № 42-7 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6-6-93 болып тіркелген, 2011 жылдың 27 сәуірінде № 50-51 «Меркі тынысы» - «Меркенский вестник» газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
аталған шешіммен бекітілген Меркі ауданы бойынша табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегiн көрсету Ережелерiнің:
3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Тұрғын үй көмегін тағайындау уәкілетті органмен – «Меркі ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесімен жүзеге асырылады.»;
4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Тұрғын үй көмегі телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға арналған шығыстар төлемін, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға нормалар шегінде ақы төлеу сомасы мен отбасының осы мақсаттарға жұмсаған шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады.»;
7 - тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Белгiленген нормадан жоғары тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға арналған шығыстар төлемін, коммуналдық қызметтердi және телекоммуникацияның желiсiне қосылған телефонға абоненттiк ақының өсуi бөлiгiнде байланыс қызметтерiн тұтыну төлемiн, тұрғын жайды пайдаланғаны үшiн ақы төлеу жалпы негiздерде жүргiзiледi.»;
8 тармағы алынып тасталсын.