О внесении изменений в решение маслихата города Алматы от 29 июня 2011 года № 450 «Об утверждении Правил присвоения звания «Почетный гражданин города Алматы»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение маслихата города Алматы от 29 июня 2011 года № 450 «Об утверждении Правил присвоения звания «Почетный гражданин города Алматы»
- Атауы (қаз.)
- Алматы қаласы мәслихатының 2011 жылғы 29 маусымдағы № 450 «Алматы қаласының Құрметті азаматы» атағын беру туралы Ережені бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 88
- Қабылданған күні
- 21.02.2024
- Көрсетілген редакция
- 21.02.2024 193604_685202.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 21.02.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V24R0001754
- ЭКБ идентификаторы
- 193604
- Редакция идентификаторы
- 193604_685202
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 13:05
0 Алматы қаласы мәслихатының 2011 жылғы 29 маусымдағы № 450 «Алматы қаласының Құрметті азаматы» атағын беру туралы Ережені бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Алматы қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
1 1. Алматы қаласы мәслихатының 2011 жылғы 29 маусымдағы № 450 «Алматы қаласының Құрметті азаматы» атағын беру туралы Ережені бекіту туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 900 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
аталған шешіммен бекітілген «Алматы қаласының Құрметті азаматы» атағын беру туралы Ережедегі:
17 және 18-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«17. Атақ беру туралы куәлікке Алматы қаласының әкімі қол қояды.
Атақ беру туралы дипломға Алматы қаласының әкімі және Алматы қаласы мәслихатының төрағасы қол қояды.
18. «Алматы қаласының Құрметті азаматы» медалін, «Алматы қаласының Құрметті азаматы» төсбелгісін, Атақ беру туралы дипломды және куәлікті тапсыру салтанатты жағдайда жүргізіледі.»;
«Алматы қаласының Құрметті азаматы» атағын беру туралы Ереженің қосымшасындағы:
3-бөлімнің алтыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Орталық бөлігінде мемлекеттік тілде тегі, есімі, әкесінің есімі, негіздемесі, «Алматы қаласының Құрметті азаматы» атағын беру туралы қала мәслихатының шешімінің қабылданған нөмірі және датасы жазылады, оның төменгі жағына Алматы қаласы әкімінің және Алматы қаласы мәслихаты төрағасының қолы қойылады және «Алматы және берілген жылы» деген жазулар орналастырылған. Сол жағындағы төменгі бөлігінің оң жағында екі кішкентай лентамен бірге Алматы қаласының елтаңбасы қиып өрнектеліп орналастырылған.»;
4-бөлімнің үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Медальдің бейнесі оң ішкі жағында орналасқан, оның төменгі жағында Алматы қаласы әкімінің қолы қойылады.».