Құжат мәтініне өту

О внесении изменении в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 29 сентября 2011 года № 491 "Об утверждении Положения о дегустационной комиссии, правил дегустации"

Бұйрық · № 528 · қабылданған 30.11.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/29-2011-no-491/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
О внесении изменении в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 29 сентября 2011 года № 491 "Об утверждении Положения о дегустационной комиссии, правил дегустации" Күшін жойған Бұйрық ·№ 528 ·30.11.2012
19.02.2016 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.02.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменении в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 29 сентября 2011 года № 491 "Об утверждении Положения о дегустационной комиссии, правил дегустации"

Күшін жойған Бұйрық ·№ 528 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменении в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 29 сентября 2011 года № 491 "Об утверждении Положения о дегустационной комиссии, правил дегустации"
Атауы (қаз.)
"Дәмін айыру комиссиясының ережесін, дәмін айыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2011 жылғы 29 қыркүйектегі № 491 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
528
Қабылданған күні
30.11.2012
Көрсетілген редакция
19.02.2016 69468_499844.kaz
Соңғы өзгеріс
19.02.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1200008129
ЭКБ идентификаторы
69468
Редакция идентификаторы
69468_499844
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 00:42

0 "Дәмін айыру комиссиясының ережесін, дәмін айыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2011 жылғы 29 қыркүйектегі № 491 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Дәмін айыру комиссиясының ережесін, дәмін айыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2011 жылғы 29 қыркүйектегі № 491 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеудің тізілімінде 2011 жылғы 6 қазанда № 7235 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің бюллетенінде жарияланған, 2012 жылғы ақпан, № 2, 433-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Дәмін айыру комиссиясының ережесіне:
12-тармақтың алтыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«әрбір отырысының нәтижесі бойынша осы Ережеге қосымшаға сәйкес нысан бойынша дәмін айыру комиссияның қорытындысын рәсімдеу және оны уәкілетті органға беру;»;
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«13. Дәмін айыру комиссиясы:
уәкілетті органға Қазақстан Республикасында өндірілетін этил спирті мен алкоголь өнімінің (сырадан басқа) сапасын арттыру, олардың түрлерін және технологиялық процестерін жоғарылату бойынша ұсынымдар әзірлейді және береді;
бұйымдарына қанағаттандырарлық емес баға берілген этил спирті мен алкоголь өнімінің (сырадан басқа) импорттаушылары мен өндірушілері дәмін айыру комиссияның келесі отырысында осы өнім атауының бір рет қайта ұсынылуына мүмкіндік береді;
қажет болғанда этил спирті мен (немесе) алкоголь өнімін (сырадан басқа) өндіру орнынан және сақтау үшін сақтау қоймасынан, оларды сақтауды және сатуды іске асыратын импорттаушылар мен өндірушілерден, сондай-ақ бөлшек сауда желісінен үлгілерді іріктеуді жүзеге асырады;
өнімнің сапасын бағалауды сататын орынға барып жүргізуді жүзеге асырады;
өндірушілер шығаратын этил спирті және алкоголь өнімінің конкурстары мен көрмелерінің қорытындылары бойынша медальдар, дипломдар, грамоталар және басқаларын береді.»;
14-тармақ алып тасталсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Дәмін айыру қағидаларында;
2-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Дәмін айыру тәртібі»;
3-тармақтың бірінші, екінші және жетінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Өнімнің дәмін айыруға ұсынылған кезде үлгілерін іріктеу техникалық реттеу салаларындағы Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес жүзеге асырылады және мынадай құжаттамамен қоса беріледі:
үлгілерді іріктеу актісі «Сәйкестікті растау рәсімдері» техникалық регламентін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 4 ақпандағы № 90 қаулысымен бекітілген нысан бойынша;
рецептураны көрсетіп, технологиялық нұсқаулықтың сипаты беріліп, ал өнімнің жаңа түрлерін бекіткен жағдайда, сондай-ақ нормативтік техникалық құжаттаманың жобасы ұсынылады;»;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу және техникалық реттеу салаларындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларына сәйкес келмейтін өнімді өткізген жағдайда, сондай-ақ тұтынушы сауда желісінде сапасы нашар өнімді тапқан немесе сатып алған жағдайда, техникалық қызметкер немесе дәмін айыру комиссиясының мүшелері тауар өндірушінің дайын өнім қоймасынан және этил спирті мен алкоголь өнімін (сырадан басқа) сақтау қоймасынан, этил спирті мен алкоголь өнімін (сырадан басқа) сақтау және көтерме сатуды іске асыратын импорттаушылар мен өндірушілердің, сондай-ақ мүдделі тараптардың қатысуымен бөлшек сауда желісінен өнімдердің үлгілерін іріктеуді жүзеге асырады.»;
3-тараудың атауы алып тасталсын;
29-тармақ алып тасталсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті (Ә.С. Жұмаділдаев) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның заңмен белгіленген тәртіпте бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы