Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 29 августа 2012 года № 15-02/435 «Об утверждении перечня должностных лиц имеющих право на ношение форменной одежды (без погон), образцов форменной одежды (без погон) и Правил ношения форменной одежды (без погон)»

Бұйрық · № 15-05/831 · қабылданған 18.09.2015
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/29-2012-no-15-02435/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 29 августа 2012 года № 15-02/435 «Об утверждении перечня должностных лиц имеющих право на ношение форменной одежды (без погон), образцов форменной одежды (без погон) и Правил ношения форменной одежды (без погон)» Қолданыста Бұйрық ·№ 15-05/831 ·18.09.2015
18.09.2015 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.09.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 29 августа 2012 года № 15-02/435 «Об утверждении перечня должностных лиц имеющих право на ношение форменной одежды (без погон), образцов форменной одежды (без погон) и Правил ношения форменной одежды (без погон)»

Қолданыста Бұйрық ·№ 15-05/831 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 29 августа 2012 года № 15-02/435 «Об утверждении перечня должностных лиц имеющих право на ношение форменной одежды (без погон), образцов форменной одежды (без погон) и Правил ношения форменной одежды (без погон)»
Атауы (қаз.)
«Нысанды киім (погонсыз) киіп жүруге құқығы бар лауазымды адамдардың тізбесін, нысанды киім (погонсыз) үлгілерін және нысанды киімді (погонсыз) киіп жүру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 29 тамыздағы № 15-02/435 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
15-05/831
Қабылданған күні
18.09.2015
Көрсетілген редакция
18.09.2015 95212_29807.kaz
Соңғы өзгеріс
18.09.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1500012187
ЭКБ идентификаторы
95212
Редакция идентификаторы
95212_29807
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 13:19

0 «Нысанды киім (погонсыз) киіп жүруге құқығы бар лауазымды адамдардың тізбесін, нысанды киім (погонсыз) үлгілерін және нысанды киімді (погонсыз) киіп жүру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 29 тамыздағы № 15-02/435 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

«Өсімдіктер карантині туралы» 1999 жылғы 11 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Нысанды киім (погонсыз) киіп жүруге құқығы бар лауазымды адамдардың тізбесін, нысанды киім (погонсыз) үлгілерін және нысанды киімді (погонсыз) киіп жүру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 29 тамыздағы № 15-02/435 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7967 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2012 жылғы 6 желтоқсандағы № 802-806 (27877) санында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Нысанды киім (погонсыз) киіп жүруге құқығы бар лауазымды адамдардың тізбесін, нысанды киім (погонсыз) үлгілерін және нысанды киімді (погонсыз) киіп жүру қағидаларын бекіту туралы»;
көрсетілген бұйрықтың 1-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес нысанды киімді (погонсыз) киіп жүру қағидалары бекітілсін.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Нысанды киім (погонсыз) үлгілері» деген 2-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік бақылауды және қадағалауды тікелей жүзеге асыратын лауазымды адамдарды нысанды (погонсыз) киіммен (бұдан әрі - нысанды киім) қамтамасыз ету Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 2 маусымдағы № 15-2/509 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11638 болып тіркелген) бекітілген өсімдіктер карантині саласында мемлекеттік қадағалауды тікелей жүзеге асыратын лауазымды адамдарды нысанды киіммен (погонсыз) қамтамасыз етудің заттай нормаларының негізінде жүзеге асырылады.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Нысанды киімді (погонсыз) киіп жүру туралы ережесі» деген 3-қосымшада:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Нысанды киімді (погонсыз) киіп жүру туралы қағидалары»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы нысанды киімді (погонсыз) киіп жүру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Өсімдіктер карантині туралы» 1999 жылғы 11 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 1-тармағына сәйкес әзірленді және өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік бақылауды және қадағалауды тікелей жүзеге асыратын лауазымды адамдардың нысанды киімді (погонсыз) киіп жүру тәртібін айқындайды.»;
2-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар мен анықтамалар:».

2 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

3 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы