О внесении изменений и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 29 ноября 2012 года № 1508 "Об утверждении Правил функционирования балансирующего рынка электрической энергии"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 29 ноября 2012 года № 1508 "Об утверждении Правил функционирования балансирующего рынка электрической энергии"
- Атауы (қаз.)
- "Электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының жұмыс істеуі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 қарашадағы № 1508 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 376
- Қабылданған күні
- 18.04.2014
- Көрсетілген редакция
- 07.09.2015 AI78960_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 07.09.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1400000376
- ЭКБ идентификаторы
- 78960
- Редакция идентификаторы
- AI78960_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 19:59
0 "Электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының жұмыс істеуі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 қарашадағы № 1508 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1 1. «Электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының жұмыс істеуі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 қарашадағы № 1508 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 1, 17-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының жұмыс істеуі қағидаларында:
2-тармақ мынадай мазмұндағы 10-1) тармақшамен толықтырылсын:
«10-1) жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі есеп айырысу-қаржы орталығы (бұдан әрі – есеп айырысу-қаржы орталығы) – жүйелік оператор құратын және Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын, жаңартылатын энергия көздерін пайдалану жөніндегі объектілер өндірген және Қазақстан Республикасының бірыңғай электр энергетикасы жүйесінің электр желілеріне берілген электр энергиясын орталықтандырылған түрде сатып алуды және сатуды «Жаңартылатын энергия көздерiн пайдалануды қолдау туралы» 2009 жылғы 4 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіппен жүзеге асыратын заңды тұлға;»;
46-тармақта:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«46. Жүйелік оператор, есеп айырысу-қаржы орталығын қоспағанда, әрбір теңгерім провайдері үшін тәуліктің әрбір сағатына электр энергиясының теңгерімсіздігі үшін төлемдерді есептеуді жүзеге асырады:»;
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«4) есеп айырысу кезеңінің нәтижелері бойынша шектес мемлекеттердің ұйымдарымен және шаруашылық жүргізуші субъектілерімен, есеп айырысу-қаржы орталығымен жасалған шарттар мен өзара қарым-қатынастардың өзге талаптарымен негізделген есеп айырысу дебеті мен есеп айырысу кредитінің көлемдері сәйкес келмеген жағдайда, электр энергиясы оң теңгерімсіздігінің сағаттық бағалары түзетуші коэффициентті есепке ала отырып, қайта есептеледі;».