Құжат мәтініне өту

О внесении изменения в приказ Министра индустрии и новых технологий Республики Казахстан от 29 июня 2012 года № 223 «Об утверждении формы предписания об устранении нарушения требований законодательства Республики Казахстан об энергосбережении и повышении энергоэффективности»

Бұйрық · № 196 · қабылданған 11.04.2017
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/29-2012-no-223/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменения в приказ Министра индустрии и новых технологий Республики Казахстан от 29 июня 2012 года № 223 «Об утверждении формы предписания об устранении нарушения требований законодательства Республики Казахстан об энергосбережении и повышении энергоэффективности» Қолданыста Бұйрық ·№ 196 ·11.04.2017
11.04.2017 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.04.2017. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения в приказ Министра индустрии и новых технологий Республики Казахстан от 29 июня 2012 года № 223 «Об утверждении формы предписания об устранении нарушения требований законодательства Республики Казахстан об энергосбережении и повышении энергоэффективности»

Қолданыста Бұйрық ·№ 196 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения в приказ Министра индустрии и новых технологий Республики Казахстан от 29 июня 2012 года № 223 «Об утверждении формы предписания об устранении нарушения требований законодательства Республики Казахстан об энергосбережении и повышении энергоэффективности»
Атауы (қаз.)
«Қазақстан Республикасының энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманың нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2012 жылғы 29 маусымдағы № 223 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
196
Қабылданған күні
11.04.2017
Көрсетілген редакция
11.04.2017 112387_189451.kaz
Соңғы өзгеріс
11.04.2017
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1700015137
ЭКБ идентификаторы
112387
Редакция идентификаторы
112387_189451
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 05:26

0 «Қазақстан Республикасының

энергия үнемдеу және энергия
тиімділігін арттыру туралы
заңнамасының талаптарын
бұзушылықтарды жою туралы
нұсқаманың нысанын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Индустрия
және жаңа технологиялар министрінің
2012 жылғы 29 маусымдағы № 223
бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 29 қазандағы Кәсіпкерлік Кодексінің 153-бабына және «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 13 қаңтардағы Заңының 5-бабының 7) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Қазақстан Республикасының энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманың нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2012 жылғы 29 маусымдағы № 223 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7793 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2012 жылғы 22 тамызда № 280-281 (27099-27100) жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманың нысаны осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2

2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеу күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3 3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;

4 4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

5

5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЭНЕРГИЯ ҮНЕМДЕУ ЖӘНЕ ЭНЕРГИЯ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ ТУРАЛЫ ЗАҢНАМАСЫ ТАЛАПТАРЫНЫҢ БҰЗУШЫЛЫҚТАРЫН ЖОЮ ТУРАЛЫ №________ НҰСҚАМА

Қазақстан Республикасы Инвестициялар
және даму министрінің 2017 жылғы
11 сәуірдегі № 196
бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы
Индустрия және жаңа технологиялар
министрінің 2012 жылғы 29 маусымдағы
№ 223 бұйрығымен бекітілген
Нысан
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЭНЕРГИЯ ҮНЕМДЕУ ЖӘНЕ ЭНЕРГИЯ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ ТУРАЛЫ ЗАҢНАМАСЫ ТАЛАПТАРЫНЫҢ БҰЗУШЫЛЫҚТАРЫН ЖОЮ ТУРАЛЫ №________ НҰСҚАМА
ПРЕДПИСАНИЕ ОБ УСТРАНЕНИИ НАРУШЕНИЯ ТРЕБОВАНИЙ ЗАКОНОДАТЕЛЬСТВА РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН ОБ ЭНЕРГОСБЕРЕЖЕНИИ И ПОВЫШЕНИИ ЭНЕРГОЭФФЕКТИВНОСТИ №_______
20___ жылғы/года «___» ___________
______________________________________
құрастыру орны/место составления
_________________________________________________________________________
(тексерілетін субъектінің атауы/наименование проверяемого субъекта)
Тексеру нәтижелері туралы актімен 20_____ жылғы «____»_______№ _______
Актом о результатах проверки «____»_______ 20_____ года № _______
Қазақстан Республикасының энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы заңнамасы талаптарының бұзушылықтары анықталды/установлены нарушения требований закаонодательства Республики Казахстан в сфере энергосбережения и повышения энергоэффективности
2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 153-бабына және «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» 2012 жылғы 13 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабына сәйкес НҰСҚАМА беремін:
В соответствии со статьей 153 Предпринимательского Кодекса Республики Казахстан от 29 декабря 2015 года и статьей 7 Закона Республики Казахстан от 13 января 2012 года «Об энергосбережении и повышении энергоэффективности», ПРЕДПИСЫВАЮ:

1 1. Келесідей іс-шаралардың көрсетілген мерзімдерде орындау жолымен мынадай бұзушылықтар жойылсын/Устранить выявленные нарушения путем выполнения в указанные сроки следующих мероприятий:

р/с №
Анықталған бұзушылықтарды жою бойынша іс-шаралар//Мероприятие по устранению выявленных нарушений
Жою мерзімдері /Сроки исполнения
1
2
3
1
2
3

2 2. Нұсқаманы орындалғаны туралы ақпаратты растайтын құжаттардың қоса ұсыну/Представить информацию об исполнении предписания с приложением подтверждающих документов в:

__________________________________________________________________________________
(тексеруді жүргізген органының атауы/наименование органа, осуществившего проверку)
Тексеру жүргізуге уәкілетті бақылаушы органның басшысы/Руководитель органа контроля, уполномоченного на проведение проверки:
______________________________________________ ____________
(Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)/ (қолы/подпись)
(Фамилия, имя, отчество (при его наличии)

Қолданыстағы