О внесении дополнения в приказ исполняющего обязанности Министра индустрии и новых технологий Республики Казахстан от 29 декабря 2012 года № 510 "Об утверждении Правил подготовки, переподготовки, повышения квалификации экспертов-аудиторов по подтверждению соответствия, аккредитации, определению страны происхождения товара, статуса товара Таможенного союза или иностранного товара и их аттестации, и квалификационных требований к ним"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнения в приказ исполняющего обязанности Министра индустрии и новых технологий Республики Казахстан от 29 декабря 2012 года № 510 "Об утверждении Правил подготовки, переподготовки, повышения квалификации экспертов-аудиторов по подтверждению соответствия, аккредитации, определению страны происхождения товара, статуса товара Таможенного союза или иностранного товара и их аттестации, и квалификационных требований к ним"
- Атауы (қаз.)
- "Тауарды шығарған елді, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау, сәйкестігін растау, аккредиттеу жөніндегі сарапшы-аудиторларды даярлау, қайта даярлау, біліктілігін арттыру және оларды аттестаттау қағидасын, және оларға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің міндетін атқарушының 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 510 бұйрығына толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 263
- Қабылданған күні
- 28.08.2013
- Көрсетілген редакция
- 06.02.2015 AI74627_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 06.02.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1300008737
- ЭКБ идентификаторы
- 74627
- Редакция идентификаторы
- AI74627_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 22:22
0
"Тауарды шығарған елді, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау, сәйкестігін растау, аккредиттеу жөніндегі сарапшы-аудиторларды даярлау, қайта даярлау, біліктілігін арттыру және оларды аттестаттау қағидасын, және оларға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің міндетін атқарушының 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 510 бұйрығына толықтыру енгізу туралы
«Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының бірінші бөлімінің 11) тармақшасына, «Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 2-тармағының 5) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Тауарды шығарған елді, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау, сәйкестігін растау, аккредиттеу жөніндегі сарапшы аудиторларды даярлау, қайта даярлау, біліктілігін арттыру және оларды аттестаттау қағидасын, және оларға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің міндетін атқарушының 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 510 бұйрығына (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8323 тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2013 жылғы 4 мамырдағы № 121 (28060) жарияланған) мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тауарды шығарған елді, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау, сәйкестігін растау, аккредиттеу жөніндегі сарапшы аудиторларды даярлау, қайта даярлау, біліктілігін арттыру және оларды аттестаттау қағидасы мынадай мазмұндағы 13-1-тармақпен толықтырылсын:
«13-1. Комиссия кемінде бес адамнан құралады. Комиссия құрамына уәкілетті органның және Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері кіреді.».
2
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті (Р.А. Сәтбаев) заңнамада белгіленген тәртіпте осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.