О внесении изменения в приказ Министра иностранных дел Республики Казахстан от 29 августа 2013 года № 08-1-1-1/375 «Об утверждении перечня персональных данных, необходимого и достаточного для выполнения осуществляемых задач»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в приказ Министра иностранных дел Республики Казахстан от 29 августа 2013 года № 08-1-1-1/375 «Об утверждении перечня персональных данных, необходимого и достаточного для выполнения осуществляемых задач»
- Атауы (қаз.)
- «Жүзеге асырылатын міндеттерді орындау үшін қажетті және жеткілікті дербес деректердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2013 жылғы 29 тамыздағы № 08-1-1-1/375 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 11-1-4/200
- Қабылданған күні
- 22.06.2020
- Көрсетілген редакция
- 22.06.2020 144082_468817.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 22.06.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2000020897
- ЭКБ идентификаторы
- 144082
- Редакция идентификаторы
- 144082_468817
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 13:58
0 «Жүзеге асырылатын міндеттерді орындау үшін қажетті және жеткілікті дербес деректердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2013 жылғы 29 тамыздағы № 08-1-1-1/375 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің «Жүзеге асырылатын міндеттерді орындау үшін қажетті және жеткілікті дербес деректердің тізбесін бекіту туралы» 2013 жылғы 29 тамыздағы
№ 08-1-1-1/375 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8797 болып тіркелген, 2013 жылғы 19 желтоқсандағы
№ 277 (28216) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жүзеге асырылатын міндеттерді орындау үшін қажетті және жеткілікті дербес деректердің тізбесінде:
реттік нөмірі 40-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
40.
«Мемлекеттік сатып алу туралы» 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңымен бекітілген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің әлеуетті өнім берушілермен ұсынылатын біліктілік талаптарын растауға арналған мәлімет
».
2 2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Адам ресурстары департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.