О внесении изменений и дополнений в решение маслихата района Т.Рыскулова от 29 марта 2013 года № 10-6 "Об утверждении Правил оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) по Т.Рыскуловскому району"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в решение маслихата района Т.Рыскулова от 29 марта 2013 года № 10-6 "Об утверждении Правил оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) по Т.Рыскуловскому району"
- Атауы (қаз.)
- Т. Рысқұлов ауданы бойынша табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегiн көрсету Қағидаларын бекiту туралы» Т. Рысқұлов аудандық мәслихатының 2013 жылғы 29 наурыздағы № 10-6 шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 10-8
- Қабылданған күні
- 10.10.2013
- Көрсетілген редакция
- 07.09.2020 74899_482222.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 07.09.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V13GH002030
- ЭКБ идентификаторы
- 74899
- Редакция идентификаторы
- 74899_482222
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 22:07
0 Т. Рысқұлов ауданы бойынша табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегiн көрсету Қағидаларын бекiту туралы» Т. Рысқұлов аудандық мәслихатының 2013 жылғы 29 наурыздағы № 10-6 шешіміне өзгерістер мен
толықтыру енгізу туралы
«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуiрдегi Заңының 97 бабына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 «Тұрғын үй көмегiн көрсету Ережесiн бекiту туралы» қаулысына сәйкес, Т.Рысқұлов аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. «Т.Рысқұлов ауданы бойынша табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегiн көрсету Қағидаларын бекiту туралы» Т.Рысқұлов аудандық мәслихатының 2013 жылғы 29 наурыздағы № 10-6(Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1911 болып тіркелген, 2013 жылғы 16 сәуіріндегі № 32-33 «Құлан таңы» газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
- Мемлекеттік тілдегі шешім тақырыбы, мәтініндегі «табысы аз отбасылары» деген сөздер «аз қамтылған отбасылары» деген сөздермен ауыстырылсын.
- Орыс тіліндегі шешімінің тақырыбы, мәтініндегі «малообеспеченным семьям» деген сөздер өзгеріссіз қалсын.
Аталған шешімнің қосымшасындағы 4 тармағы келесі мазмұндағы 4-1 тармағымен толықтырылсын:
«4-1 Т.Рысқұлов ауданында тұрақты тұратын адамдарға тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға арналған ай сайынғы және нысаналы жарналардың мөлшерiн айқындайтын сметаға сәйкес, тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға арналған коммуналдық қызметтер көрсету ақысын төлеу үшін жеткізушілер ұсынған шоттар бойынша, сондай-ақ жекешелендiрiлген тұрғын үй-жайларында (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде пайдалануда тұрған дәлдiк сыныбы 2,5 электр энергиясын бiр фазалық есептеуiштiң орнына орнатылатын тәулiк уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдiк сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бiр фазалық есептеуiштiң құнын төлеуге жеткiзушi ұсынған шот бойынша тұрғын үй көмегi бюджет қаражаты есебiнен көрсетiледi».