Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра культуры и информации Республики Казахстан от 29 августа 2013 года № 211 «Об утверждении перечня персональных данных, необходимого и достаточного для выполнения осуществляемых задач»

Бұйрық · № 182 · қабылданған 27.06.2016
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/29-2013-no-211/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра культуры и информации Республики Казахстан от 29 августа 2013 года № 211 «Об утверждении перечня персональных данных, необходимого и достаточного для выполнения осуществляемых задач» Қолданыста Бұйрық ·№ 182 ·27.06.2016
27.06.2016 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.06.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра культуры и информации Республики Казахстан от 29 августа 2013 года № 211 «Об утверждении перечня персональных данных, необходимого и достаточного для выполнения осуществляемых задач»

Қолданыста Бұйрық ·№ 182 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра культуры и информации Республики Казахстан от 29 августа 2013 года № 211 «Об утверждении перечня персональных данных, необходимого и достаточного для выполнения осуществляемых задач»
Атауы (қаз.)
«Жүзеге асырылатын міндеттерді орындау үшін қажетті және жеткілікті дербес деректердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2013 жылғы 29 тамыздағы № 211 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
182
Қабылданған күні
27.06.2016
Көрсетілген редакция
27.06.2016 105431_Some(104655).kaz
Соңғы өзгеріс
27.06.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1600014024
ЭКБ идентификаторы
105431
Редакция идентификаторы
105431_Some(104655)
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 08:35

0 «Жүзеге асырылатын міндеттерді

орындау үшін қажетті және жеткілікті
дербес деректердің тізбесін бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және ақпарат министрінің
2013 жылғы 29 тамыздағы
№ 211 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» 2013 жылғы 21 мамырдағы Заңының 25-бабы 2-тармағының
1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Жүзеге асырылатын міндеттерді орындау үшін қажетті және жеткілікті дербес деректердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2013 жылғы 29 тамыздағы № 211 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8757 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2013 жылғы 28 қарашада № 263 (28202) болып жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:
«Жүзеге асыратын міндеттерді орындау үшін қажетті және жеткілікті дербес деректердің тізбесін бекіту туралы»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Жауапты хатшысына жүктелсін.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген жүзеге асырылатын міндеттерді орындау үшін қажетті және жеткілікті дербес деректердің тізбесінде:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:
«Жүзеге асыратын міндеттерді орындау үшін қажетті және жеткілікті дербес деректердің тізбесі»;
2-бағанның тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Дербес деректердің атауы».

2 2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Персоналды басқару қызметі заңнамада белгіленген тәртіпте:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде төлнұсқасына толық сәйкес келетін оның графикалық форматтағы көшірмелерін «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялау үшін жолдауды;

3

3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрыққа қол қоюға уәкілетті тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электронды және қағаз түріндегі көшірмелерін ресми жариялау үшін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне, Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізіліміне енгізу үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

4 4) ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

5 5) осы тармақта көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Жауапты хатшысына жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы