Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в постановление акимата Актюбинской области от 29 ноября 2013 года № 382 "Об утверждении Положения об участковых комиссиях по проведению обследования материального положения лиц (семей), обратившихся за государственной адресной социальной помощью, государственным пособием на детей до восемнадцати лет и оказанием социальной помощи"

Қаулы · № 489 · қабылданған 31.12.2015
Заңдық күші: Күшін жойған · 18.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/29-2013-no-382/on/2026-08-18/
Басып шығарылды 2026-08-18 · adilet.kz
О внесении изменений в постановление акимата Актюбинской области от 29 ноября 2013 года № 382 "Об утверждении Положения об участковых комиссиях по проведению обследования материального положения лиц (семей), обратившихся за государственной адресной социальной помощью, государственным пособием на детей до восемнадцати лет и оказанием социальной помощи" Күшін жойған Қаулы ·№ 489 ·31.12.2015
04.07.2019 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
18.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.07.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в постановление акимата Актюбинской области от 29 ноября 2013 года № 382 "Об утверждении Положения об участковых комиссиях по проведению обследования материального положения лиц (семей), обратившихся за государственной адресной социальной помощью, государственным пособием на детей до восемнадцати лет и оказанием социальной помощи"

Күшін жойған Қаулы ·№ 489 · 18.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в постановление акимата Актюбинской области от 29 ноября 2013 года № 382 "Об утверждении Положения об участковых комиссиях по проведению обследования материального положения лиц (семей), обратившихся за государственной адресной социальной помощью, государственным пособием на детей до восемнадцати лет и оказанием социальной помощи"
Атауы (қаз.)
"Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек, он сегiз жасқа дейiнгi балаларға арналған мемлекеттiк жәрдемақы алуға және әлеуметтiк көмек көрсетуге өтiнiш бiлдiрген адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргiзу жөнiндегi учаскелiк комиссиялар туралы Ереженi бекiту туралы" Ақтөбе облысы әкімдігінің 2013 жылғы 29 қарашадағы № 382 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
489
Қабылданған күні
31.12.2015
Көрсетілген редакция
04.07.2019 98598_413703.kaz
Соңғы өзгеріс
04.07.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V15C0004728
ЭКБ идентификаторы
98598
Редакция идентификаторы
98598_413703
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 11:19

0 «Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк

көмек, он сегiз жасқа дейiнгi балаларға
арналған мемлекеттiк жәрдемақы алуға
және әлеуметтiк көмек көрсетуге өтiнiш
бiлдiрген адамның (отбасының)
материалдық жағдайына тексеру жүргiзу
жөнiндегi учаскелiк комиссиялар туралы
Ереженi бекiту туралы» Ақтөбе облысы
әкімдігінің 2013 жылғы 29 қарашадағы
№ 382 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабына сәйкес Ақтөбе облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Ақтөбе облысы әкімдігінің 2013 жылғы 29 қарашадағы № 382 «Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек, он сегiз жасқа дейiнгi балаларға арналған мемлекеттiк жәрдемақы алуға және әлеуметтiк көмек көрсетуге өтiнiш білдірген адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргiзу жөнiндегi учаскелiк комиссиялар туралы Ережені бекіту туралы» қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3718 тіркелген, 2014 жылғы 7 қаңтарда «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек, он сегiз жасқа дейiнгi балаларға арналған мемлекеттiк жәрдемақы алуға және әлеуметтiк көмек көрсетуге өтiнiш білдірген адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргiзу жөнiндегi учаскелiк комиссиялар туралы Ережеде:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек, он сегiз жасқа дейiнгi балаларға арналған мемлекеттiк жәрдемақы алуға және әлеуметтiк көмек көрсетуге өтiнiш білдірген адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргiзу жөнiндегi учаскелiк комиссиялар туралы Ереже Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шiлдедегi № 246 «Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек туралы», 2005 жылғы 28 маусымдағы № 63 «Балалы отбасыларға берiлетiн мемлекеттiк жәрдемақылар туралы» Заңдарына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 5 мамырдағы № 320 «Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмектi тағайындау және төлеу қағидаларын бекіту туралы», 2015 жылғы 5 мамырдағы № 319 «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы» бұйрықтарына, Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 мамырдағы  № 504 «Әлеуметтiк көмек көрсетудiң, оның мөлшерлерiн белгiлеудiң және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың үлгiлiк қағидаларын бекiту туралы» қаулысына және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау Министрiнiң 2009 жылғы 28 қаңтардағы № 29-ө «Учаскелiк комиссиялар туралы үлгiлiк ереженi бекiту туралы» Бұйрығына сәйкес әзiрлендi және учаскелiк комиссиялардың мәртебесi мен өкiлеттiгiн айқындайды.»;
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«14. Комиссия:
уәкiлеттi органнан немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкiмiнен құжаттарды алған күннен бастап үш жұмыс күн iшiнде ұсынылған құжаттар және (немесе) атаулы әлеуметтiк көмек алуға үмiткер өтiнiш берушiнiң материалдық жағдайын тексерудiң нәтижелерi негiзiнде осы Ережедегi  1, 2 - қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша қорытынды дайындайды және оны уәкiлеттi органға немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкiмiне бередi;
құжаттарды алған күннен бастап екi жұмыс күн iшiнде өтiнiш берушiге тексеру жүргiзедi, оның нәтижелерi бойынша осы Ережедегi 1, 2 - қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша әлеуметтiк көмек көрсетуге өтiнiш бiлдiрген адамның (отбасының) материалдық жағдайы туралы акт жасайды, адамның (отбасының) әлеуметтiк көмекке мұқтаждығы туралы қорытынды дайындайды және оларды уәкiлеттi органға немесе кент, ауыл, ауылдық округтың әкiмiне жiбередi;».

2 2. «Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі осы қаулыны «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы