О внесении изменений и дополнений в решение Астраханского районного маслихата от 29 марта 2013 года № 5С-14-7 "Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам), проживающим в Астраханском районе"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в решение Астраханского районного маслихата от 29 марта 2013 года № 5С-14-7 "Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам), проживающим в Астраханском районе"
- Атауы (қаз.)
- Астрахан аудандық мәслихатының 2013 жылғы 29 наурыздағы № 5С-14-7 "Астрахан ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы" шешіміне толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 5С-36-2
- Қабылданған күні
- 31.10.2014
- Көрсетілген редакция
- 31.10.2014 84618_179923.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 31.10.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V14BF004471
- ЭКБ идентификаторы
- 84618
- Редакция идентификаторы
- 84618_179923
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 18:07
0 Астрахан аудандық мәслихатының 2013 жылғы 29 наурыздағы № 5С-14-7 "Астрахан ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы" шешіміне толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына, «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 97 бабының 2 тармағына, «Тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысына сәйкес, Астрахан аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1
1. Астрахан аудандық мәслихатының «Астрахан ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы» 2013 жылғы 29 наурыздағы № 5С-14-7 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3711 тіркелген, аудандық «Маяк» газетінде 2013 жылғы 24 мамырда жарияланған) шешіміне келесі толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
Аталған шешіммен бекітілген Астрахан ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету қағидасында:
кіріспе жаңа редакцияда баяндалсын:
«Осы Астрахан ауданында тұратын аз қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасы (бұдан әрі - Қағида) Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуiрдегi «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 «Тұрғын үй көмегін көрсету Ережесіне», 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512 «Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы», 2014 жылғы 5 наурыздағы № 185 «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» қаулыларына, Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2011 жылғы 5 қазандағы № 353-ө «Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыру кезінде Қазақстан Республикасы азаматтарын өз бетінше жұмыспен айналысушылар, жұмыссыздар және табысы аз адамдарға жатқызу критерийлерін айқындау жөніндегі қағиданы бекіту туралы» бұйрығына сәйкес әзірленді.»;
10-тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:
«Тұрғын үй көмегiн тағайындау үшiн отбасы (азамат) «Халыққа қызмет көрсету орталығына» немесе «электрондық үкіметтің» веб-порталына хабарласады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 наурыздағы № 185 қаулысымен бекітілген «Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік қызмет көрсету стандартының 9 тармағының 2 бөлімімен анықталған құжаттарды ұсынады.»;
11, 12 және 13 тармақтар алынып тасталсын.
15-тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:
«Қажет болған жағдайда, тұрғын үй көмегін көрсетуге шешім қабылдау үшін, сәйкес уәкілетті органдардан мәлімет сұрастырады.»;
17 тармақ алынып тасталсын.
келесі мазмұндағы 19-1 тармақпен толықтырылсын:
«19-1. Он сегіз жасқа дейінгі ата-анасынан бөлек тұратын балалары ата-анасының отбасында есепке алынады. Егер ата-анасы ата-ана құқығынан айырылса, балалар қамқоршылардың (асыраушылар) отбасында деп есептеледі.»;
келесі мазмұндағы 21 тармақпен толықтырылсын:
«21. Тұрғын үй көмегiн төлеудi қаржыландыру аудан бюджетінде тиісті қаржылық жылға қарастырылған қаражат шегiнде жүзеге асырылады.».
2 2. Осы шешім Ақмола облысының әділет Департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ
Астрахан ауданының әкімі Т.Ерсейітов