О внесении изменений в решение районного маслихата от 29 марта 2013 года № 64 "Об утверждении Правил определения размера и порядка оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) в Иргизском районе"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение районного маслихата от 29 марта 2013 года № 64 "Об утверждении Правил определения размера и порядка оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) в Иргизском районе"
- Атауы (қаз.)
- "Ырғыз ауданында аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау Қағидасын бекіту туралы" 2013 жылғы 29 наурыздағы № 64 аудандық мәслихаттың шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 185
- Қабылданған күні
- 20.05.2015
- Көрсетілген редакция
- 20.02.2017 90756_166261.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 20.02.2017
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15CE004358
- ЭКБ идентификаторы
- 90756
- Редакция идентификаторы
- 90756_166261
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 15:02
0 «Ырғыз ауданында аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау Қағидасын бекіту туралы» 2013 жылғы 29 наурыздағы № 64 аудандық мәслихаттың шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына сәйкес Ырғыз аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 29 наурыздағы № 64 «Ырғыз ауданында аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау Қағидасын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3561 тіркелген, 2013 жылы 30 сәуірде аудандық «Ырғыз» газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Ырғыз ауданында аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау Қағидасындағы:
бүкіл мәтін бойынша «тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты)» деген сөздер «кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін» деген сөздермен ауыстырылсын;
1 тармақтың 1) тармақшасының 3 азат жолы жаңа редакцияда жазылсын:
«жекешелендiрiлген тұрғынжайларда тұратын немесе мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлердi) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстарына;».
көрсетілген шешіммен бекітілген Ырғыз ауданында аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау Қағидасындағы:
1 тармақтың 1) тармақшасының 5 азат жолы;
2 тармақтың;
2 азат жолындағы «, тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құнының» сөздері;
3 азат жолындағы «, тәулік уақыты бойынша электр қуатының шығынын саралап есептейтін және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр қуатын бір фазалық есептегіштің құнына» сөздері;
3 тармақтағы «, тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құнына» сөздері;
4 тармақтағы «жеке тұрғын үйде пайдалануда тұрған дәлдік сыныбы 2,5 электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің орнына орнатылатын тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құнын төлеуге» сөздері;
10 тармақтағы «тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құнына» сөздері;
14 тармақтағы «тәулік уақыты бойынша электр қуатының шығынын саралап есептейтін және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр қуатын бір фазалық есептегіштің құны» сөздері 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап алынып тасталсын.