О внесении изменений в постановление акимата Жамбылской области от 29 апреля 2013 года № 95 и решение Жамбылского областного маслихата от 4 мая 2013 года № 12-3 "Об образовании нового сельского округа в Байзакском районе Жамбылской области и изменений границы Сарыкемерского сельского округа"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление акимата Жамбылской области от 29 апреля 2013 года № 95 и решение Жамбылского областного маслихата от 4 мая 2013 года № 12-3 "Об образовании нового сельского округа в Байзакском районе Жамбылской области и изменений границы Сарыкемерского сельского округа"
- Атауы (қаз.)
- "Жамбыл облысының Байзақ ауданында жаңа ауылдық округ құру және Сарыкемер ауылдық округінің шекарасын өзгерту туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2013 жылғы 29 сәуірдегі № 95 қаулысы және Жамбыл облыстық мәслихатының 2013 жылғы 4 мамырдағы № 12-3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 224
- Қабылданған күні
- 28.08.2014
- Қолданысқа енгізілген күні
- 17.10.2014
- Көрсетілген редакция
- 28.08.2014 84000_133891.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.08.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V14G0002358
- ЭКБ идентификаторы
- 84000
- Редакция идентификаторы
- 84000_133891
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 18:42
0 "Жамбыл облысының Байзақ ауданында жаңа ауылдық округ құру және Сарыкемер
ауылдық округінің шекарасын өзгерту туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің
2013 жылғы 29 сәуірдегі № 95 қаулысы және Жамбыл облыстық мәслихатының
2013 жылғы 4 мамырдағы № 12-3 шешіміне
өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңына және«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы Заңына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Жамбыл облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. «Жамбыл облысының Байзақ ауданында жаңа ауылдық округ құру және Сарыкемер ауылдық округінің шекарасын өзгерту туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2013 жылғы 29 сәуірдегі № 95 қаулысы және Жамбыл облыстық мәслихатының 2013 жылғы 4 мамырдағы № 12-3 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1948 болып тіркелген, 2013 жылдың 11 маусымында № 74 (17762) «Ақ жол» және № 67 (17783) «Знамя труда» газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
1 тармақ төмендегідей жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Жамбыл облысы Байзақ ауданының Сарыкемер ауылдық округінің құрамынан Сарыкемер ауылының солтүстік бөлігі Мәмбет батыр көшесінің тақ сан нөмірлі үйлер жағын және Қосақ, Базарбай ауылдарын бөліп алу арқылы жалпы көлемі 3 021 гектар жерімен орталығы Қосақ ауылы болатын жаңа ауылдық округ құрылсын.»
2
2. Осы нормативтік құқықтық актінің орындалуын бақылау жасау облыстық мәслихаттың аймақты, әкімшілік-аумақтық құрылымды, ауыл шаруашылығын дамыту мәселелері және жер учаскесін сатып алу туралы шарттар жобаларын қарау жөніндегі тұрақты комиссиясына және облыс әкімінің орынбасары М.Жолдасбаевқа жүктелсін.