О внесении изменений в решение Целиноградского районного маслихата от 29 марта 2013 года № 98/14-5 "Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам), проживающим в Целиноградском районе"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение Целиноградского районного маслихата от 29 марта 2013 года № 98/14-5 "Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам), проживающим в Целиноградском районе"
- Атауы (қаз.)
- Целиноград аудандық мәслихатының 2013 жылғы 29 наурыздағы № 98/14-5 "Целиноград ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 235/34-5
- Қабылданған күні
- 22.09.2014
- Көрсетілген редакция
- 22.09.2014 83706_183587.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 22.09.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V14BQ004395
- ЭКБ идентификаторы
- 83706
- Редакция идентификаторы
- 83706_183587
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 18:32
0 Целиноград аудандық мәслихатының 2013 жылғы 29 наурыздағы № 98/14-5 "Целиноград ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына, «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314, «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» 2014 жылғы 5 наурыздағы № 185 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларына сәйкес Целиноград аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1
1. Целиноград аудандық мәслихатының «Целиноград ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы» 2013 жылғы 29 наурыздағы № 98/14-5 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3707 болып тіркелген, 2013 жылғы 3 мамырда «Вести Акмола», «Ақмол ақпараты» аудандық газеттерінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Целиноград ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету қағидаларында:
кіріспе бөлімі мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы Целиноград ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету қағидасы (бұдан әрі - қағида) «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңына, «Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512 қаулысына, «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысына, «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 наурыздағы № 185 қаулысына сәйкес әзірленді және Целиноград ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін тағайындаудың мөлшерін және тәртібін анықтайды.»;
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Тұрғын үй көмегін көрсету туралы белгіленген нысан бойынша өтінішті тұрғын үй иесі, жалдаушы (қосымша жалдаушы) (не сенімхат бойынша оның өкілі) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – ХҚО) немесе «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы береді.
Қажетті құжаттардың тізбесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 наурыздағы № 185 қаулысымен бекітілген «Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағының 2-тарауымен анықталады.
Өтініш беруші құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда ХҚО қызметкері белгіленген нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.»;
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Өтініш беруші толық емес, жалған мәліметтер ұсынған жағдайда, құжаттардың рәсімделуінде тұрғын үй көмегінің мөлшерін қате есептеуді тудыратын қателіктер болған кезде тұрғын үй көмегі тағайындалмайды.»;
11, 12, 13-тармақтар алынып тасталсын.
2 2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Целиноград ауданының әкімі М.Тәткеев