Құжат мәтініне өту

О ратификации Протокола о внесении изменений в Договор о Евразийском экономическом союзе от 29 мая 2014 года в части пенсионного обеспечения должностных лиц и сотрудников Евразийской экономической комиссии и Суда Евразийского экономического союза, являющихся гражданами Российской Федерации

Заң · № 151-VII · қабылданған 02.11.2022
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/29-2014-ekb-173383/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О ратификации Протокола о внесении изменений в Договор о Евразийском экономическом союзе от 29 мая 2014 года в части пенсионного обеспечения должностных лиц и сотрудников Евразийской экономической комиссии и Суда Евразийского экономического союза, являющихся гражданами Российской Федерации Қолданыста Заң ·№ 151-VII ·02.11.2022
02.11.2022 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.11.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О ратификации Протокола о внесении изменений в Договор о Евразийском экономическом союзе от 29 мая 2014 года в части пенсионного обеспечения должностных лиц и сотрудников Евразийской экономической комиссии и Суда Евразийского экономического союза, являющихся гражданами Российской Федерации

Қолданыста Заң ·№ 151-VII · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О ратификации Протокола о внесении изменений в Договор о Евразийском экономическом союзе от 29 мая 2014 года в части пенсионного обеспечения должностных лиц и сотрудников Евразийской экономической комиссии и Суда Евразийского экономического союза, являющихся гражданами Российской Федерации
Атауы (қаз.)
2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Ресей Федерациясының азаматтары болып табылатын Еуразиялық экономикалық комиссияның және Еуразиялық экономикалық одақ сотының лауазымды адамдары мен қызметкерлерін зейнетақымен қамсыздандыру бөлігінде өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы
Акт түрі
Заң
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
151-VII
Қабылданған күні
02.11.2022
Көрсетілген редакция
02.11.2022 173383_599831.kaz
Соңғы өзгеріс
02.11.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
Z2200000151
ЭКБ идентификаторы
173383
Редакция идентификаторы
173383_599831
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 23:13

0

2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Ресей Федерациясының азаматтары болып табылатын Еуразиялық экономикалық комиссияның және Еуразиялық экономикалық одақ сотының лауазымды адамдары мен қызметкерлерін зейнетақымен қамсыздандыру бөлігінде өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы
2022 жылғы 24 наурызда Мәскеуде жасалған 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Ресей Федерациясының азаматтары болып табылатын Еуразиялық экономикалық комиссияның және Еуразиялық экономикалық одақ сотының лауазымды адамдары мен қызметкерлерін зейнетақымен қамсыздандыру бөлігінде өзгерістер енгізу туралы хаттама ратификациялансын.
Бейресми аударма
📌 Ескерту. Нормативтік құқықтық актіге
қоса тіркелген халықаралық Хаттаманың мәтіні ресми болып табылмайды. ҚР халықаралық Хаттамасының жасасқан тілдердегі ресми куәландырылған көшірмесін ҚР халықаралық Хаттамаларын тіркеуге, есептеуге және сақтауға жауапты ҚР Сыртқы істер министрлігінен алуға болады
2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Ресей Федерациясының азаматтары болып табылатын Еуразиялық экономикалық комиссияның және Еуразиялық экономикалық одақ сотының лауазымды адамдары мен қызметкерлерін зейнетақымен қамсыздандыру бөлігінде өзгерістер енгізу туралы ХАТТАМА
Бұдан әрі мүше мемлекеттер деп аталатын Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер
2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 115-бабын басшылыққа ала отырып,
төмендегілер туралы келісті:

1 1-бап

2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа мынадай өзгерістер енгізілсін:

1 1) XXVII бөлім мынадай мазмұндағы 106-баппен1 толықтырылсын:

"106-бап1
XXVIII бөлімге қатысты өтпелі ережелер
Еуразиялық экономикалық одақтағы әлеуметтік кепілдіктер, артықшылықтар мен иммунитеттер туралы ереженің (осы Шартқа № 32 қосымша) 53-тармағында көзделген тәртіппен 2022 ж. 24 наурызда қол қойылған 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Ресей Федерациясының азаматтары болып табылатын Еуразиялық экономикалық комиссияның және Еуразиялық экономикалық одақ сотының лауазымды адамдары мен қызметкерлерін зейнетақымен қамсыздандыру бөлігінде өзгерістер енгізу туралы хаттамамен (бұдан әрі - Өзгерістер енгізу туралы Хаттама) енгізілген мемлекеттік азаматтық қызмет өтілінің ұзақтығы бөлігіндегі өзгерістерді есепке алмағанда, еңбек сіңірген жылдары үшін мыналарға:
Еуразиялык экономикалық одақтағы әлеуметтік кепілдіктер, артықшылықтар мен иммунитеттер туралы ереженің (осы Шартқа № 32 қосымша) 53-тармағына сәйкес еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы алу құқығына ие болған және Өзгерістер енгізу туралы хаттама күшіне енген күнге дейін Комиссияда немесе Одақтың Сотында атқаратын лауазымдарынан босатылған адамдар үшін;
Өзгерістер енгізу туралы хаттама күшіне енген күнге Комиссияда немесе Одақтың Сотында лауазымды атқаратын және осы күнге еңбек сіңірген жылдарына зейнетақы тағайындау үшін кемінде 20 жыл мемлекеттік азаматтық қызмет өтілі бар адамдар үшін;
Өзгерістер енгізу туралы хаттама күшіне енген күнге Комиссияда немесе Одақтың Сотында лауазымды атқаратын, осы күнге еңбек сіңірген жылдарына зейнетақы тағайындау үшін кемінде 15 жыл мемлекеттік азаматтық қызмет өтілі бар және Өзгерістер енгізу туралы хаттама күшіне енген күнге дейін Ресей Федерациясының заңнамасына сәйкес қарттығына (мүгедектігіне) байланысты сақтандыру зейнетақысына құқық алған адамдар үшін зейнетақы алу қүқығы сақталады.
Аталған адамдар санатына еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы 2016 ж. 31 желтоқсандағы жағдай бойынша қолданыста болған, федералдық мемлекеттік азаматтық қызметшілер үшін Ресей Федерациясының заңнамасында айқындалған шарттарға сәйкес және тәртіппен тағайындалады.";

2

2) Еуразиялық экономикалық одақтағы әлеуметтік кепілдіктер, артықшылықтар мен иммунитеттер туралы ереженің (көрсетілген Шартқа № 32 қосымша) 53-тармағы бірінші абзацының бірінші сөйлемі мынадай редакцияда жазылсын: "Ресей Федерациясының азаматтары болып табылатын, Комиссияда және Одақтың Сотында жұмыс істегенге дейін Ресей Федерациясының мемлекеттік қызмет лауазымын атқарған, Комиссияда және Одақтың Сотында атқарған лауазымдардан босатылған (кінәлі әрекеттеріне байланысты босатылған жағдайларды қоспағанда) және тиісті жылы федералдык мемлекеттік азаматтық қызметшілерге еңбек сіңірген жылдарына зейнетақы тағайындау үшін Ресей Федерациясының заңнамасында белгіленген ұзақтығымен мемлекеттік азаматтық қызмет өтілі бар Комиссияның және Одақ Сотының лауазымды адамдары мен қызметкерлері, егер олар Комиссиядан немесе Одақтың Сотынан босатылудың алдында кемінде 3 жыл соларда лауазымды атқарса, федералдық мемлекеттік азаматтық қызметшілер үшін Ресей Федерациясының заңнамасында айқындалған шарттарға сәйкес және тәртіппен тағайындалатын еңбек сіңірген жылдарына зейнетақы алуға құқығы бар.".

2 2-бап

Осы Хаттама оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді мүше мемлекеттердің орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарламаны депозитарий дипломатиялық арналар арқылы алған күннен бастап күшіне енеді.
2022 жылғы 24 наурызда Мәскеу қаласында орыс тілінде бір төлнұсқа данада жасалды.
Осы Хаттаманың төлнұсқа данасы Еуразиялық экономикалық комиссияда сақталады, ол осы Хаттаманың депозитарийі бола отырып, әрбір мүше мемлекетке оның куәландырылған көшірмесін жібереді.
Армения Республикасы үшін
Беларусь Республикасы үшін
Қазақстан Республикасы үшін
Қырғызстан Республикасы үшін
Ресей Федерациясы үшін
Осымен қазақ тіліндегі осы мәтін 2022 жылғы 24 наурызда Мәскеу қаласында қол қойылған 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Ресей Федерациясының азаматтары болып табылатын Еуразиялық экономикалық комиссияның және Еуразиялық экономикалық одақ сотының лауазымды адамдары мен қызметкерлерін зейнетақымен қамсыздандыру бөлігінде өзгерістер енгізу туралы хаттаманың толық және теңтүпнұсқалы көшірмесі болып табылатынын куәландырамын:
Армения Республикасы үшін - Армения Республикасының Премьер-Министрі Н.В.Пашинян;
Беларусь Республикасы үшін - Беларусь Республикасының Президенті A.Г.Лукашенко;
Қазақстан Республикасы үшін - Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаев;
Қырғыз Республикасы үшін - Қырғыз Республикасының Президенті С.Н.Жапаров;
Ресей Федерациясы үшін - Ресей Федерациясының Президенті B.В.Путин.
Түпнұсқа данасы орыс тілінде Еуразиялық экономикалық комиссияда сақталады.

Қолданыстағы