Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 29 октября 2014 года № 1145 «Об утверждении Правил добровольной возмездной сдачи огнестрельного бесствольного, газового оружия с возможностью стрельбы патронами травматического действия физическими лицами, имеющими соответствующее разрешение органов внутренних дел на хранение и ношение оружия»

Қаулы · № 1190 · қабылданған 31.12.2015
Заңдық күші: Қолданыста · 16.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/29-2014-no-1145/on/2026-08-16/
Басып шығарылды 2026-08-16 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 29 октября 2014 года № 1145 «Об утверждении Правил добровольной возмездной сдачи огнестрельного бесствольного, газового оружия с возможностью стрельбы патронами травматического действия физическими лицами, имеющими соответствующее разрешение органов внутренних дел на хранение и ношение оружия» Қолданыста Қаулы ·№ 1190 ·31.12.2015
31.12.2015 редакциясы
16.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.12.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 29 октября 2014 года № 1145 «Об утверждении Правил добровольной возмездной сдачи огнестрельного бесствольного, газового оружия с возможностью стрельбы патронами травматического действия физическими лицами, имеющими соответствующее разрешение органов внутренних дел на хранение и ношение оружия»

Қолданыста Қаулы ·№ 1190 · 16.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 29 октября 2014 года № 1145 «Об утверждении Правил добровольной возмездной сдачи огнестрельного бесствольного, газового оружия с возможностью стрельбы патронами травматического действия физическими лицами, имеющими соответствующее разрешение органов внутренних дел на хранение и ношение оружия»
Атауы (қаз.)
«Жарақат салатын патрондармен ату мүмкіндігі бар ұңғысыз атыс қаруын, газды қаруды сақтауға және алып жүруге ішкі істер органдарының тиісті рұқсаты бар жеке тұлғалардың қаруды ерікті түрде өтеулі негізде тапсыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 29 қазандағы № 1145 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
1190
Қабылданған күні
31.12.2015
Көрсетілген редакция
31.12.2015 97750_Some(98280).kaz
Соңғы өзгеріс
31.12.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1500001190
ЭКБ идентификаторы
97750
Редакция идентификаторы
97750_Some(98280)
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 11:17

0

«Жарақат салатын патрондармен ату мүмкіндігі бар ұңғысыз атыс қаруын, газды қаруды сақтауға және алып жүруге ішкі істер органдарының тиісті рұқсаты бар жеке тұлғалардың қаруды ерікті түрде өтеулі негізде тапсыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 29 қазандағы № 1145 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. «Жарақат салатын патрондармен ату мүмкіндігі бар ұңғысыз атыс қаруын, газды қаруды сақтауға және алып жүруге ішкі істер органдарының тиісті рұқсаты бар жеке тұлғалардың қаруды ерікті түрде өтеулі негізде тапсыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 29 қазандағы № 1145 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 66, 612-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Жарақат салатын патрондармен ату мүмкіндігі бар ұңғысыз атыс қаруын және газды қаруды сақтауға және алып жүруге ішкі істер органдарының тиісті рұқсаты бар жеке тұлғалардың қаруды ерікті түрде өтеулі негізде тапсыру, сондай-ақ техникалық жағынан ақаусыз және одан әрі пайдалануға жарамды ерікті түрде өтеулі негізде тапсырылған, жарақат салатын патрондармен ату мүмкіндігі бар ұңғысыз атыс қаруын және газды қаруды құқық қорғау органдарына беру қағидаларын бекіту туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған Жарақат салатын патрондармен ату мүмкіндігі бар ұңғысыз атыс қаруын және газды қаруды сақтауға және алып жүруге ішкі істер органдарының тиісті рұқсаты бар жеке тұлғалардың қаруды ерікті түрде өтеулі негізде тапсыру, сондай-ақ техникалық жағынан ақаусыз және одан әрі пайдалануға жарамды ерікті түрде өтеулі негізде тапсырылған, жарақат салатын патрондармен ату мүмкіндігі бар газды ұңғысыз атыс қаруын және қаруды құқық қорғау органдарына беру қағидалары бекітілсін.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Жарақат салатын патрондармен ату мүмкіндігі бар ұңғысыз атыс қаруын, газды қаруды сақтауға және алып жүруге ішкі істер органдарының тиісті рұқсаты бар жеке тұлғалардың қаруды ерікті түрде өтеулі негізде тапсыру қағидаларында:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Жарақат салатын патрондармен ату мүмкіндігі бар ұңғысыз атыс қаруын және газды қаруды сақтауға және алып жүруге ішкі істер органдарының тиісті рұқсаты бар жеке тұлғалардың қаруды ерікті түрде өтеулі негізде тапсыру, сондай-ақ техникалық жағынан ақаусыз және одан әрі пайдалануға жарамды ерікті түрде өтеулі негізде тапсырылған, жарақат салатын патрондармен ату мүмкіндігі бар ұңғысыз атыс қаруын және газды қаруды құқық қорғау органдарына беру қағидалары»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Жарақат салатын патрондармен ату мүмкіндігі бар ұңғысыз атыс қаруын және газды қаруды сақтауға және алып жүруге ішкі істер органдарының тиісті рұқсаты бар жеке тұлғалардың қаруды ерікті түрде өтеулі негізде тапсыру, сондай-ақ техникалық жағынан ақаусыз және одан әрі пайдалануға жарамды ерікті түрде өтеулі негізде тапсырылған, жарақат салатын патрондармен ату мүмкіндігі бар ұңғысыз атыс қаруын және газды қаруды құқық қорғау органдарына беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ішкі істер органдарының қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 23 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 2-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді және жарақат салатын патрондармен ату мүмкіндігі бар ұңғысыз атыс қаруын және газды қаруды сақтауға және алып жүруге ішкі істер органдарының тиісті рұқсаты бар жеке тұлғалардың қаруды ерікті түрде өтеулі негізде тапсыру, сондай-ақ техникалық жағынан ақаусыз және одан әрі пайдалануға жарамды ерікті түрде өтеулі негізде тапсырылған, жарақат салатын патрондармен ату мүмкіндігі бар ұңғысыз атыс қаруын және газды қаруды құқық қорғау органдарына беру тәртібін айқындайды.»;
мынадай мазмұндағы 3-бөліммен толықтырылсын:
«3. Техникалық жағынан ақаусыз және одан әрі пайдалануға жарамды ерікті түрде өтеулі негізде тапсырылған, жарақат салатын патрондармен ату мүмкіндігі бар ұңғысыз атыс қаруын және газды қаруды құқық қорғау органдарына беру тәртібі
26. Техникалық жағынан ақаусыз және одан әрі пайдалануға жарамды ерікті түрде өтеулі негізде тапсырылған 1-ші және 2-ші санаттағы қаруды беру үшін құқық қорғау органының басшысы Ішкі істер министрінің атына заттай тиесілік нормаларының және өтініш берілген калибрлер негізінде есептелген жарақат салатын патрондармен ату мүмкіндігі бар ұңғысыз атыс қаруына және газды қаруға жиынтық қажеттілікті көрсете отырып, жазбаша өтінішхат жолдайды.
27. Құқық қорғау органының өтінішхатын қарау бір ай мерзімде жүзеге асырылады, оның нәтижелері бойынша Ішкі істер министрінің бұйрығы шығарылады.
28. Ішкі істер министрінің бұйрығы негізінде қару өтінішхатпен жүгінген құқық қорғау органына ІІМ теңгеріміне қабылданбай одан әрі олардың теңгеріміне қою үшін беріледі.
29. Қаруды беру осы Қағидалардың 19-тармағында көзделген комиссия қорытындысында айқындалған оның атауы, калибрі, нөмірі, шығарылған жылы, сондай-ақ санаты мен құны көрсетіліп, қабылдап алу-беру актісі бойынша жүзеге асырылады.
Қабылдап алу-беру актісіне тапсырушы және қабылдаушы тараптардың уәкілетті лауазымды адамдары қол қояды, оны тиісті құқық қорғау органдарының басшылары бекітеді.
30. Астана, Алматы қалаларының және облыстардың, көліктегі ішкі істер департаменттеріне, ІІМ білім беру ұйымдарына, мамандандырылған күзет қызметінің аумақтық басқармаларына, ІІМ-ге ведомстволық бағынысты басқа да ұйымдарға қаруды беру осы Қағидалардың 26, 27, 28 және 29-тармақтарында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
31. Құқық қорғау органдары қажет етпеген қару уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және мерзімде жойылуға жатады.».

2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы