О внесении дополнений в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 29 декабря 2014 года № 180 «Об утверждении перечня существенно важных товаров»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнений в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 29 декабря 2014 года № 180 «Об утверждении перечня существенно важных товаров»
- Атауы (қаз.)
- «Елеулі маңызды тауарлар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 180 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 451-НҚ
- Қабылданған күні
- 09.07.2021
- Көрсетілген редакция
- 09.07.2021 156976_530143.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 09.07.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2100023479
- ЭКБ идентификаторы
- 156976
- Редакция идентификаторы
- 156976_530143
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 07:38
0 «Елеулі маңызды тауарлар тізбесін бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің
2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 180 бұйрығына толықтырулар
енгізу туралы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. «Елеулі маңызды тауарлар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 180 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10953 болып тіркелген) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Елеулі маңызды тауарлар тізбесінде:
мынадай мазмұндағы 123, 124, 125, 126, 127, 128, 129, 130, 131, 132, 133, 134, 135, 136 және 137 реттік нөмірлі жолдармен толықтырылсын:
«
123.
0102
Тірі ірі қара мал
124.
0104
Тірі қойлар мен ешкілер
125.
2902
Циклдік көмірсутектер
126.
3403
Жақпа материалдары (кескіш жабдықтар үшін жақпасалқындатқыш эмульсияларды, болттар немесе жаңғақтарды бұрауды жеңілдетуге арналған құралдар, тотты кетіруге арналған құралдар немесе тоттануға қарсы құралдар және майлау негізінде дайындалған қалыптан бұйымдарды алуды жеңілдетуге арналған препараттар) және битуминоздық жыныстардан алынған негізгі құрамдас бөліктер ретінде сал. 70 % немесе одан қөп мұнай немесе мұнай өнімдері бар құралдардан басқа, тоқыма материалдарын, теріні, жүнді жаққымаймен және маймен өңдеу үшін пайдаланылатын құралдар
127.
3811
Антидетонаторлар, антиоксиданттар, шайыртүзуші тежегіштер, қоюлатқыштар, даттануға қарсы заттар және мұнай өнімдеріне (бензинді қоса алғанда) немесе мұнай өнімдерге арналған мақсаттарда сияқты пайдаланылатын басқа да сұйықтықтарға қосылатын өзге де дайын қоспалар
128.
3826 00
Битуминоз жыныстарынан алынған, құрамында сал. 70 % кем болатын мұнай өнімдері немесе мұнай бар немесе жоқ биодизель және оның қоспалары
129.
4015 топтан*
Стерильді, стерильді емес медициналық қолғаптар
130.
6210 топтан*
Бір рет қолданылатын, көп рет қолданылатын медициналық қорғаныш костюмдері (барлық түрлері)
131.
6307 90 980 0 бірі*
Үш қабатты медициналық маска (барлық түрлері)
132.
7303 00*
Бұрын пайдалануда болған шойынды құймадан жасалған түтіктер, түтікшелер және қуыс профильдер
133.
7304*
Бұрын пайдалануда болған жіксіз, қара металдардан жасалған түтіктер, түтікшелер және қуыс профильдер (шойынды құймадан басқа)
134.
7305*
Бұрын пайдалануда болған дөңгелек қималы, сыртқы диаметрі 406,4 мм-ден астам, қара металдардан жасалған өзге де түтіктер мен түтікшелер (мысалы, пісірілген, шегеленген немесе ұқсас тәсілмен біріктірілген)
135.
7306*
Бұрын пайдалануда болған қара металдардан жасалған түтіктер, түтікшелер және қуыс профильдер (мысалы, жігі ашық немесе дәнекерленген, шегеленген немесе осыған ұқсас тәсілмен біріктірілген)
136.
8548 10
Бастапқы элементтер, бастапқы батареялар мен электр аккумуляторлары қалдықтары мен сынықтары; мерзімі өткен бастапқы элементтер, мерзімі өткен бастапқы батареялар мен мерзімі өткен электр аккумуляторлары
137.
9020 00 000 0*
№ 95 маска-респиратор (барлық түрлері)
»;
ескертпе мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
«* ЕАЭО СЭҚ ТН көрсетілген кодымен жіктелетін тауарларға қатысты ЕАЭО СЭҚ ТН кодын да, тауар атауын да басшылыққа алған жөн.».
2 2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Сыртқы сауда қызметі департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрлігі