О внесении дополнений в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 29 декабря 2014 года № 180 «Об утверждении перечня существенно важных товаров»
Қолданыста
Бұйрық
·№ 138-НҚ
·
15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнений в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 29 декабря 2014 года № 180 «Об утверждении перечня существенно важных товаров»
- Атауы (қаз.)
- «Елеулі маңызды тауарлар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 180 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 138-НҚ
- Қабылданған күні
- 12.04.2023
- Көрсетілген редакция
- 12.04.2023 179730_624621.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 12.04.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2300032293
- ЭКБ идентификаторы
- 179730
- Редакция идентификаторы
- 179730_624621
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 19:53
0 «Елеулі маңызды тауарлар тізбесін бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің
2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 180 бұйрығына
толықтырулар енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1 1. «Елеулі маңызды тауарлар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 29 желтоқсандағы №180 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10953 тіркелген) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Елеулі маңызды тауарлар тізбесі:
мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 148, 149, 150-жолдармен толықтырылсын:
«
148.
2701
тас көмір, брикеттер, тас көмірден алынған түйіршіктер және қатты отынның ұқсас түрлері
149.
2702
лигнит немесе гагаттан басқа агломерленген немесе агломерленбеген қоңыр көмір
150.
2503 00
мұздатылған кептірілген, тұндырылған және коллоидты күкірттен басқа барлық түрдегі күкірт
».
2 2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Сыртқы сауда қызметі департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі