Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в решение маслихата от 29 августа 2014 года № 206 «О возмещении затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов»

Өзге акт · № 366 · қабылданған 16.10.2020
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/29-2014-no-206/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменений в решение маслихата от 29 августа 2014 года № 206 «О возмещении затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов» Күшін жойған Өзге акт ·№ 366 ·16.10.2020
15.10.2021 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.10.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в решение маслихата от 29 августа 2014 года № 206 «О возмещении затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов»

Күшін жойған Өзге акт ·№ 366 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в решение маслихата от 29 августа 2014 года № 206 «О возмещении затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов»
Атауы (қаз.)
Мәслихаттың 2014 жылғы 29 тамыздағы № 206 «Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
366
Қабылданған күні
16.10.2020
Көрсетілген редакция
15.10.2021 147665_543578.kaz
Соңғы өзгеріс
15.10.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V20NQ009504
ЭКБ идентификаторы
147665
Редакция идентификаторы
147665_543578
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 12:16

0 Мәслихаттың 2014 жылғы 29 тамыздағы № 206 «Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

«Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» 2002 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабына сәйкес Сарыкөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1

1. Сарыкөл аудандық мәслихатының «Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу туралы» 2014 жылғы 29 тамыздағы № 206 шешіміне (2014 жылғы 29 қыркүйекте «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған, Норматівтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5082 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 2-тармағының 3) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
«3) оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу үшін алушы мынадай құжаттарды:
өтінішті;
алушының жеке басын куәландыратын құжатты (жеке басын сәйкестендіру үшін);
психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысын;
мүгедектігі туралы анықтаманы;
банк шотының нөмірі туралы мәліметтерді растайтын құжатты;
оқу орнының мүгедек баланы үйде оқыту фактісін растайтын анықтамасын ұсынады.
Құжаттарды салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларда және көшірмелерде ұсынылады, одан кейін құжаттардың түпнұсқалары алушыға қайтарылады;»;
көрсетілген шешімнің 2-тармағының 4) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
«4) оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тиісті оқу жылы ішінде өтініш берген айдан бастап тағайындалады және әр кемтар балаға төленеді.».

2 2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы