О внесении изменений в решение маслихата от 29 апреля 2014 года № 231 «Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количественного состава представителей жителей сел для участия в сходе местного сообщества Есенкольского сельского округа Карабалыкского района Костанайской области»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение маслихата от 29 апреля 2014 года № 231 «Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количественного состава представителей жителей сел для участия в сходе местного сообщества Есенкольского сельского округа Карабалыкского района Костанайской области»
- Атауы (қаз.)
- Мәслихаттың 2014 жылғы 29 сәуірдегі № 231 «Қостанай облысы Қарабалық ауданы Есенкөл ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидасын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 101
- Қабылданған күні
- 22.12.2016
- Көрсетілген редакция
- 07.06.2019 109533_409672.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 07.06.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V16NL006817
- ЭКБ идентификаторы
- 109533
- Редакция идентификаторы
- 109533_409672
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 06:47
0 Мәслихаттың 2014 жылғы 29 сәуірдегі № 231 «Қостанай облысы Қарабалық ауданы Есенкөл ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидасын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабы 6-тармағына сәйкес Қарабалық аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Қарабалық аудандық мәслихатының 2014 жылғы 29 сәуірдегі № 231 «Қостанай облысы Қарабалық ауданы Есенкөл ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидасын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4760 тіркелген, 2014 жылғы 29 мамырда «Айна» аудандық газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 8-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«8. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Есенкөл ауылдық округі ауылдарының тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын Қарабалық аудандық мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жиынның қатысушылары ұсынады.
Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін тұрғындары өкілдерінің саны тең өкілдік ету қағидаты негізінде айқындалады.»;
көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2 2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қарабалық ауданы Есенкөл
ауылдық округінің әкімі
_____________А. Сағынбек
3 Мәслихаттың
2016 жылғы 22 желтоқсандағы
№ 101 шешіміне қосымша
Мәслихаттың
2014 жылғы 29 сәуірдегі
№ 231 шешіміне қосымша
Қостанай облысы Қарабалық ауданы Есенкөл ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы
Елді мекеннің атауы
Қостанай облысы Қарабалық ауданы Есенкөл ауылдық округінің ауыл тұрғындары өкілдерінің саны (адам)
Қостанай облысы Қарабалық ауданы Есенкөл ауылдық округінің Лесное ауылының тұрғындары үшін
30
Қостанай облысы Қарабалық ауданы Есенкөл ауылдық округінің Славян ауылының тұрғындары үшін
10