О внесении дополнений в постановление акимата города Алматы от 29 апреля 2014 года № 2/310 "Об утверждении регламента государственной услуги "Выдача архивных справок"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнений в постановление акимата города Алматы от 29 апреля 2014 года № 2/310 "Об утверждении регламента государственной услуги "Выдача архивных справок"
- Атауы (қаз.)
- Алматы қаласы әкімдігінің "Мұрағаттық анықтамалар беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" 2014 жылғы 29 сәуірдегі № 2/310 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 4/859
- Қабылданған күні
- 20.10.2014
- Көрсетілген редакция
- 05.08.2015 84376_251844.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 05.08.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V14R0001098
- ЭКБ идентификаторы
- 84376
- Редакция идентификаторы
- 84376_251844
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 18:16
0 Алматы қаласы әкімдігінің "Мұрағаттық анықтамалар беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" 2014 жылғы 29 сәуірдегі № 2/310 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңына және Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2013 жылғы 14 тамыздағы № 249 «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары мен регламенттерін әзірлеу жөніндегі қағиданы бекіту туралы» бұйрығына сәйкес Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Алматы қаласы әкімдігінің «Мұрағаттық анықтамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» 2014 жылғы 29 сәуірдегі № 2/310 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1044 болып тіркелген, 2014 жылғы 17 мамырда «Алматы ақшамы» және «Вечерний Алматы» газеттерінде жарияланған) келесі толықтырулар енгізілсін:
жоғарыда аталған қаулымен бекітілген «Мұрағаттық анықтамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті:
келесі мазмұндағы 17 тармақпен толықтырылсын:
«17. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс-әрекеттердің) кезектілігін, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының толық сипаттамасы, сонымен қатар халыққа қызмет көрсету орталығымен өзара іс-қимыл тәртібінің және мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібінің сипаттамасы осы Регламенттің 3, 4, 5 қосымшаларына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі»;
«Мұрағаттық анықтамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы қаулының 1, 2, 3 қосымшаларына қосымшаларына сәйкес 3, 4, 5 қосымшалармен толықтырылсын.
2 2. Алматы қаласы Тілдерді дамыту, мұрағаттар және құжаттама басқармасы осы қаулыны интернет-ресурста орналастыруды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің орынбасары З. Аманжоловаға жүктелсін.
4 4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
5 Алматы қаласы әкімдігінің
2014 жылғы 20 қазандағы
№ 4/859 қаулысына
1 қосымша
«Мұрағаттық анықтамалар
беру» мемлекеттік көрсетілетін
қызметтің регламентіне
3 қосымша
Көрсетілетін қызметті беруші арқылы «Мұрағаттық анықтамалар беру» мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы
*ҚФБ - құрылымдық-функционалдық бірлік: көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің), халыққа қызмет көрсету орталықтарының, «электрондық үкімет» веб-порталының өзара іс-қимылдары;
6 Алматы қаласы әкімдігінің
2014 жылғы 20 қазандағы
№ 4/859 қаулысына
2 қосымша
«Мұрағаттық анықтамалар
беру» мемлекеттік көрсетілетін
қызметтің регламентіне
4 қосымша
ХҚО арқылы «Мұрағаттық анықтамалар беру» мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы
*ҚФБ - құрылымдық-функционалдық бірлік: көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің), халыққа қызмет көрсету орталықтарының, «электрондық үкімет» веб-порталының өзара іс-қимылдары;
7 Алматы қаласы әкімдігінің
2014 жылғы 20 қазандағы
№ 4/859 қаулысына
3 қосымша
«Мұрағаттық анықтамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін
қызметтің регламентіне
5 қосымша
«Электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы «Мұрағаттық анықтамалар беру» мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы
*ҚФБ - құрылымдық-функционалдық бірлік: көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің), халыққа қызмет көрсету орталықтарының, «электрондық үкімет» веб-порталының өзара іс-қимылдары;