О внесении изменений в приказ Министра по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан от 29 мая 2014 года № 258 «Об утверждении структуры планов гражданской обороны и планов действий по ликвидации чрезвычайных ситуаций»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Министра по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан от 29 мая 2014 года № 258 «Об утверждении структуры планов гражданской обороны и планов действий по ликвидации чрезвычайных ситуаций»
- Атауы (қаз.)
- «Азаматтық қорғаныс жоспарларының және төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-қимылдар жоспарларының құрылымын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2014 жылғы 29 мамырдағы № 258 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 375
- Қабылданған күні
- 03.05.2019
- Көрсетілген редакция
- 03.05.2019 131674_406686.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 03.05.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1900018660
- ЭКБ идентификаторы
- 131674
- Редакция идентификаторы
- 131674_406686
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 20:06
0 «Азаматтық қорғаныс жоспарларының және төтенше жағдайларды
жою жөніндегі іс-қимылдар жоспарларының құрылымын бекіту
туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің
2014 жылғы 29 мамырдағы № 258 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Азаматтық қорғаныс жоспарларының және төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-қимылдар жоспарларының құрылымын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2014 жылғы 29 мамырдағы № 258 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9554 болып тіркелген, 2014 жылғы 9 шілдеде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Азаматтық қорғаныс жоспарларының құрылымында:
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Радиацияға қарсы, химиялық және биологиялық қорғау.»;
18-тармақта:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) қазіргі заманғы зақымдаушы құралдарды қолдану кезіндегі ықтимал ахуал (мынадай масштабтардағы топографиялық картада: республикалық деңгей үшін М 1:1 000 000; облыстар үшін М 1:500 00, республикалық маңызы бар қалалар, астана, облыстық маңызы бар қалалар үшін М 1:50 000; облыстың аудандары үшін М 1:100 000, қаладағы аудандар үшін М 1:25 000, түсіндірме жазбасымен (еркін нысанда);»;
6) және 7) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«6) эвакуациялау және шоғырландыру (эвакуацияланған халықты қабылдау және орналастыру) жоспары (мынадай масштабтардағы топографиялық картада: республикалық деңгей үшін М 1:1 000 000; облыстар үшін М 1:500 00, республикалық маңызы бар қалалар, астана, облыстық маңызы бар қалалар үшін М 1:50 000; облыстың аудандары үшін М 1:100 000, қаладағы аудандар үшін М 1:25 000, түсіндірме жазбасымен (еркін нысанда);
7) облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана, аудан, қалалар үшін әскери басқару органдарымен және азаматтық қорғауды басқару органдарымен азаматтық қорғаныс іс-шараларын орындау кезінде өзара іс-қимыл жасау жоспары (мынадай масштабтардағы топографиялық картада: облыстар үшін М 1:500 00, республикалық маңызы бар қалалар, астана, облыстық маңызы бар қалалар үшін М 1:50 000; облыстың аудандары үшін М 1:100 000, қаладағы аудандар үшін М 1:25 000, түсіндірме жазбасымен (еркін нысанда).»;
27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«27. Радиацияға қарсы, химиялық және биологиялық қорғау.».
2 2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті (В.Р. Беккер) заңнамада белгіленген тәртіпте:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;