Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в решение маслихата от 29 декабря 2014 года № 290 "Об утверждении Правил оказания жилищной помощи"

Ереже · № 388 · қабылданған 10.12.2015
Заңдық күші: Күшін жойған · 04.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/29-2014-no-290-ekb-97541/on/2026-09-04/
Басып шығарылды 2026-09-04 · adilet.kz
О внесении изменений в решение маслихата от 29 декабря 2014 года № 290 "Об утверждении Правил оказания жилищной помощи" Күшін жойған Ереже ·№ 388 ·10.12.2015
29.04.2024 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
04.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.04.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в решение маслихата от 29 декабря 2014 года № 290 "Об утверждении Правил оказания жилищной помощи"

Күшін жойған Ереже ·№ 388 · 04.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в решение маслихата от 29 декабря 2014 года № 290 "Об утверждении Правил оказания жилищной помощи"
Атауы (қаз.)
Мәслихаттың 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 290 "Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
388
Қабылданған күні
10.12.2015
Көрсетілген редакция
29.04.2024 97541_698924.kaz
Соңғы өзгеріс
29.04.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V15NJ006122
ЭКБ идентификаторы
97541
Редакция идентификаторы
97541_698924
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 12:08

0 Мәслихаттың 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 290 «Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Жітіқара аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Мәслихаттың 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 290 «Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 5348 нөмірімен тіркелген, 2015 жылғы 12 ақпанда «Житикаринские новости» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген шешіммен бекітілген, Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасында:
2-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«2. Тұрғын үй көмегін «Жітіқара ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі көрсетеді.
Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін көрсетілетін қызметті алушы «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалының Жітіқара қаласы бөліміне (бұдан әрі-ХҚКО) немесе «электрондық үкіметтің www.egov.kz веб-порталына (бұдан әрі-портал) балама негізде өтініш береді және «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 319 бұйрығымен бекітілген, «Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.»;
3-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«3. Уәкілетті орган тұрғын үй көмегін көрсету нәтижесін ХҚКО-ға құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға өтініш берген кезде ұсынады – күнтізбелік 10 (он) күн.»;
4-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«4. Тұрғын үй көмегі өтініш беру айынан бастап тағайындалады және көрсетілетін қызметті алушы өтініш жасаған ағымдағы бүкіл тоқсанға көрсетіледі.»;
11-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«11. Тұрғын үй көмегі кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, коммуналдық қызметтер мен телекоммуникация желiсiне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының ұлғаюы бөлiгiнде байланыс қызметтерін тұтынуға, жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін жалға алу ақысына жұмсалатын шығыстарға нормалар шегінде ақы төлеу сомасы мен отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсаған шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады.».

2 2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға таратылады.

КЕЛІСІЛДІ
«Жітіқара ауданы әкімдігінің
жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы
____________ А. Мекебаева
2015 жылғы «10» желтоқсан
«Жітіқара ауданы әкімдігінің экономика
және бюджеттік жоспарлау бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің басшысы
____________Г. Баймухамбетова
2015 жылғы «10» желтоқсан

Қолданыстағы