Құжат мәтініне өту

О внесении изменения и дополнений в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 29 сентября 2014 года № 30 "Об утверждении Положения о Комитете по делам строительства, жилищно-коммунального хозяйства и управления земельными ресурсами Министерства национальной экономики Республики Казахстан"

Бұйрық · № 445 · қабылданған 23.06.2015
Заңдық күші: Күшін жойған · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/29-2014-no-30/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
О внесении изменения и дополнений в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 29 сентября 2014 года № 30 "Об утверждении Положения о Комитете по делам строительства, жилищно-коммунального хозяйства и управления земельными ресурсами Министерства национальной экономики Республики Казахстан" Күшін жойған Бұйрық ·№ 445 ·23.06.2015
02.06.2016 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.06.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения и дополнений в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 29 сентября 2014 года № 30 "Об утверждении Положения о Комитете по делам строительства, жилищно-коммунального хозяйства и управления земельными ресурсами Министерства национальной экономики Республики Казахстан"

Күшін жойған Бұйрық ·№ 445 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения и дополнений в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 29 сентября 2014 года № 30 "Об утверждении Положения о Комитете по делам строительства, жилищно-коммунального хозяйства и управления земельными ресурсами Министерства национальной экономики Республики Казахстан"
Атауы (қаз.)
"Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрінің 2014 жылғы 29 қыркүйектегі № 30 бұйрығына өзгеріс және толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
445
Қабылданған күні
23.06.2015
Көрсетілген редакция
02.06.2016 92168_93177.kaz
Соңғы өзгеріс
02.06.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1500011715
ЭКБ идентификаторы
92168
Редакция идентификаторы
92168_93177
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 14:27

0

«Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрінің 2014 жылғы 29 қыркүйектегі № 30 бұйрығына өзгеріс және толықтырулар енгізу туралы»
«Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына, «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 359 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрінің 2014 жылғы 29 қыркүйектегі № 30 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9778 болып тіркелген, 2014 жылғы 24 қазанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс және толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті туралы ережеде:
14-тармақта:
9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«9) республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, халқының есептік саны бір жүз мың тұрғыннан асатын облыстық маңызы бар қалалардың бас жоспарларының жобаларына, сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган бекітетін өзге де қала құрылысы құжаттамаларының кешенді қала құрылысы сараптамасын жүргізуді ұйымдастыру;»;
мынадай мазмұндағы 16-1) тармақшамен толықтырылсын:
«16-1) сәулет, қала құрылысы, құрылыс және мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы істері жөніндегі жергілікті атқарушы органдарға нұсқамалар беру және Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген әкімшілік ықпал ету шараларын қолдану;»;
мынадай мазмұндағы 22-1) тармақшамен толықтырылсын:
«22-1) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында сараптамалық жұмыстар мен инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыратын аттестатталған сарапшылардың тізілімін жүргізу.»;
20-тармақта:
мынадай мазмұндағы 16) тармақшамен толықтырылсын:
«16) жер учаскелері мәжбүрлеп алып қойылған тұлғалардың тізілімін қалыптастыру және жүргізу;».

2 2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

3 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы