Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по делам спорта и физической культуры от 29 июля 2014 года № 300 «Об утверждении Правил присвоения спортивных званий, разрядов и квалификационных категорий»

Бұйрық · № 357 · қабылданған 29.12.2017
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/29-2014-no-300-ekb-117675/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по делам спорта и физической культуры от 29 июля 2014 года № 300 «Об утверждении Правил присвоения спортивных званий, разрядов и квалификационных категорий» Қолданыста Бұйрық ·№ 357 ·29.12.2017
29.12.2017 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.12.2017. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по делам спорта и физической культуры от 29 июля 2014 года № 300 «Об утверждении Правил присвоения спортивных званий, разрядов и квалификационных категорий»

Қолданыста Бұйрық ·№ 357 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по делам спорта и физической культуры от 29 июля 2014 года № 300 «Об утверждении Правил присвоения спортивных званий, разрядов и квалификационных категорий»
Атауы (қаз.)
«Спорттық атақтар, разрядтар және біліктілік санаттарын беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының 2014 жылғы 29 шілдедегі № 300 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
357
Қабылданған күні
29.12.2017
Көрсетілген редакция
29.12.2017 117675_278235.kaz
Соңғы өзгеріс
29.12.2017
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1700016192
ЭКБ идентификаторы
117675
Редакция идентификаторы
117675_278235
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 02:12

0 «Спорттық атақтар, разрядтар және біліктілік санаттарын беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының 2014 жылғы 29 шілдедегі № 300 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

«Дене шынықтыру және спорт туралы» 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 25) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. «Спорттық атақтар, разрядтар және біліктілік санаттарын беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының 2014 жылғы 29 шілдедегі

№ 300 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9675 болып тіркелген, 2014 жылғы 3 қыркүйекте «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Спорттық атақтар, разрядтар және біліктілік санаттарын беру қағидаларында:
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«14. Қызметкерге біліктілік санаттарын беру 5 жыл ішінде кемінде бір рет даярлау, қайта даярлау мен біліктілігін арттыру курстарынан өткен жағдайда, оның біліктілік деңгейін, кәсіби құзыреттілігін, әдістемелік жұмысқа қатысуын талдаудың негізінде өткізіледі.»;
9-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;

2

2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

4 4) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2), және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

1 Қазақстан Республикасы

Мәдениет және спорт министрінің
2017 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 357 бұйрығына
1-қосымша
Спорттық атақтарды, разрядтарды
және біліктілік санаттарын беру
қағидаларына
9-қосымша
Нысан
Куәлік
Беткі жағы Артқы жағы
📌 Ескерту.
Куәлік мынадай параметрлерге сәйкес жасалады: куәліктің өлшемі - 54х86,5 миллиметр. Мәтін «Arial» (ариал) № 13 (қою) қаріппен жасалады, тегі, аты әкесінің атын (бар болған жағдайда) қоспағанда «Arial» (ариал) № 6 (қою) қаріппен рәсімделеді.

Қолданыстағы