О внесении изменения в постановление акимата Карагандинской области от 29 июля 2014 года № 40/01 «Об утверждении перечня энзоотических болезней животных, профилактика и диагностика которых осуществляется за счет бюджетных средств»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в постановление акимата Карагандинской области от 29 июля 2014 года № 40/01 «Об утверждении перечня энзоотических болезней животных, профилактика и диагностика которых осуществляется за счет бюджетных средств»
- Атауы (қаз.)
- «Профилактикасы мен диагностикасы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларының тізбесін бекіту туралы» Қарағанды облысы әкімдігінің 2014 жылғы 29 шілдедегі № 40/01 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 04/01
- Қабылданған күні
- 28.01.2020
- Көрсетілген редакция
- 28.01.2020 139251_441610.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.01.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V20K0005696
- ЭКБ идентификаторы
- 139251
- Редакция идентификаторы
- 139251_441610
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 16:13
0 «Профилактикасы мен диагностикасы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларының тізбесін бекіту туралы» Қарағанды облысы әкімдігінің 2014 жылғы 29 шілдедегі № 40/01 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» заңдарына сәйкес, Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Қарағанды облысы әкімдігінің 2014 жылғы 29 шілдедегі № 40/01 «Профилактикасы мен диагностикасы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларының тізбесін бекіту туралы» қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2723 болып тіркелген, 2014 жылғы 4 қырқүйекте № 154-155 (21675-21676) «Индустриальная Караганда», № 167-168 (21802) «Орталық Қазақстан» газеттерінде, 2014 жылғы 8 қыркүйекте «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) өзгеріс енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген Профилактикасы мен диагностикасы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларының тізбесі, осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік жасайтын орынбасарына жүктелсін.
3 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
0 Профилактикасы мен диагностикасы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларының тізбесі
Қарағанды облысының
әкімі
2020 жылғы 28 қаңтары
№ 04/01
қаулысына қосымша
Қарағанды облысы әкімдігінің
2014 жылғы 29 шілдедегі
№ 40/01 қаулысымен бекітілді
Профилактикасы мен диагностикасы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларының тізбесі
Аурудың атауы
Жануарлардың бірнеше түріне ортақ
трипаносомоздар
Ірі қара мал
тейлериоз
Жылқылар
сақау
биелердің сальмонеллезді іш тастауы