Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 29 декабря 2014 года № 595 "Об утверждении перечня государств с льготным налогообложением"

Бұйрық · № 480 · қабылданған 05.09.2016
Заңдық күші: Күшін жойған · 16.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/29-2014-no-595/on/2026-08-16/
Басып шығарылды 2026-08-16 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 29 декабря 2014 года № 595 "Об утверждении перечня государств с льготным налогообложением" Күшін жойған Бұйрық ·№ 480 ·05.09.2016
08.02.2018 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
16.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.02.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 29 декабря 2014 года № 595 "Об утверждении перечня государств с льготным налогообложением"

Күшін жойған Бұйрық ·№ 480 · 16.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 29 декабря 2014 года № 595 "Об утверждении перечня государств с льготным налогообложением"
Атауы (қаз.)
"Салық салуда жеңiлдiгi бар мемлекеттердiң тiзбесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 595 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
480
Қабылданған күні
05.09.2016
Көрсетілген редакция
08.02.2018 106661_297769.kaz
Соңғы өзгеріс
08.02.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1600014296
ЭКБ идентификаторы
106661
Редакция идентификаторы
106661_297769
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 07:52

0 «Салық салуда жеңiлдiгi бар мемлекеттердiң тiзбесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 595 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1 1. «Салық салуда жеңiлдiгi бар мемлекеттердiң тiзбесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы

29 желтоқсандағы № 595 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10097 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 27 қаңтарда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
мемлекеттік тілдегі мәтінінде тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
«Жеңілдікті салық салынатын мемлекеттердiң тiзбесiн бекiту туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
«қоса беріліп отырған Жеңілдікті салық салынатын мемлекеттердiң тiзбесi бекітілсін»;
мемлекеттік тілдегі мәтінінде көрсетілген бұйрықпен бекітілген Салық салуда жеңілдігі бар мемлекеттердің тізбесінде:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
«Жеңілдікті салық салынатын мемлекеттердiң тiзбесi»;
17-тармақ алып тасталсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық және кеден заңнамасы департаменті (Қ.Б. Жолмұхамбетов) заңнамада белгіленген тәртіпте:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оның мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

3

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерінің эталондық бақылау банкiнде орналастыру үшін жіберілуін;

4 4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы