Құжат мәтініне өту

О внесении изменения в решение Майского районного маслихата от 29 апреля 2014 года № 9/34 «Об установлении размеров социальной помощи для отдельно взятых категорий получателей к памятным датам и праздничным дням»

Өзге акт · № 2/52 · қабылданған 05.09.2019
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/29-2014-no-934/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О внесении изменения в решение Майского районного маслихата от 29 апреля 2014 года № 9/34 «Об установлении размеров социальной помощи для отдельно взятых категорий получателей к памятным датам и праздничным дням» Күшін жойған Өзге акт ·№ 2/52 ·05.09.2019
10.03.2021 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.03.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения в решение Майского районного маслихата от 29 апреля 2014 года № 9/34 «Об установлении размеров социальной помощи для отдельно взятых категорий получателей к памятным датам и праздничным дням»

Күшін жойған Өзге акт ·№ 2/52 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения в решение Майского районного маслихата от 29 апреля 2014 года № 9/34 «Об установлении размеров социальной помощи для отдельно взятых категорий получателей к памятным датам и праздничным дням»
Атауы (қаз.)
Май аудандық мәслихатының 2014 жылғы 29 сәуірдегі «Жекелеген санаттағы алушыларға атаулы күндерге және мерекелік күндерге әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу туралы» № 9/34 шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
2/52
Қабылданған күні
05.09.2019
Көрсетілген редакция
10.03.2021 135273_513553.kaz
Соңғы өзгеріс
10.03.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V19PJ006570
ЭКБ идентификаторы
135273
Редакция идентификаторы
135273_513553
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 18:36

0 Май аудандық мәслихатының 2014 жылғы 29 сәуірдегі

«Жекелеген санаттағы алушыларға атаулы күндерге және
мерекелік күндерге әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу
туралы» № 9/34 шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 2-3 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысымен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларының 10-тармағына сәйкес, Май аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1

1. Май аудандық мәслихатының 2014 жылғы 29 сәуірдегі «Жекелеген санаттағы алушыларға атаулы күндерге және мерекелік күндерге әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу туралы» № 9/34 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3783 болып тіркелген, 2014 жылғы 01 мамырда «Шамшырақ» газетінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Алушылардың жекелеген санаттарына атаулы күндерге және мерекелік күндерге біржолғы әлеуметтік көмектің мөлшері белгіленсін, атап айтқанда:
8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай:
мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алатын кәмелеттік жасқа толмаған төрт және одан да көп балалары бар көп балалы аналарға – 2,4 (екі бүтін оннан төрт) айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі – АЕК) мөлшерінде;
9 мамыр – Жеңіс күніне орай:
Ұлы Отан соғысының (бұдан әрі – ҰОС) қатысушылары мен мүгедектеріне – 500000 (бес жүз мың) теңге мөлшерінде, сонымен қоса 5 (бес) АЕК мөлшерінде азық-түлік жиынтығы;
жеңілдектер мен кепілдіктер жағынан ҰОС қатысушыларына теңестірілген тұлғаларға, атап айтқанда:
Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердің, геттолардың және басқа да еріксіз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындарына – 10 (он) АЕК мөлшерінде;
Ауғанстандағы ұрыс кимылдарына қатысқан Совет Армиясының әскери қызметшілеріне – 50000 (елу мың) теңге мөлшерінде;
1986 – 1987 жылдары Чернобыль атом электростанциясы апатының зардаптарын жоюға қатысқан тұлғаларға – 50000 (елу мың) теңге мөлшерінде;
жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан ҰОС қатысушыларына теңестірілген басқа да санаттағы тұлғаларға, атап айтқанда:
қайтыс болған ҰОС мүгедектерінің және соларға теңестірілген мүгедектердің әйелдеріне (күйеулеріне), сондай-ақ, жалпы сырқат салдары, еңбек жарақаты және басқа да себеп (заңға қарсысын есептемегенде) нәтижесінде мүгедек деп танылған қайтыс болған ҰОС қатысушыларының өзге некеге тұрмаған әйелдеріне (күйеулеріне) – 10 (он) АЕК мөлшерінде;
ҰОС жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының (әрі қарай – КСРО) ордендерімен және медальдерімен марапатталған тұлғаларға – 10 (он) АЕК мөлшерінде;
1941 жылғы 22 маусымнан бастап 1945 жылғы 9 мамырды қоса алғанда кемінде 6 ай жұмыс істеген (әскери қызмет өткерген) және ҰОС жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСРО ордендерімен және медальдерімен марапатталмаған тұлғаларға – 5 (бес) АЕК мөлшерінде;
1 казан – Халықаралық қарттар күніне орай:
ең төмен мөлшердегі зейнетақы немесе жәрдемақы алатын зейнеткерлік жасқа жеткен тұлғаларға, атап айтқанда:
жалғыз басты және жалғыз тұратын тұлғаларға – 1,2 (бір бүтін оннан екі) АЕК мөлшерінде;
80 жасқа толған және одан да асқан тұлғаларға – 2,3 (екі бүтін оннан үш) АЕК мөлшерінде;
қазан айының екінші жексенбісі – Қазақстан Республикасының Мүгедектер күніне орай:
мүгедектерге, атап айтқанда:
18 жасқа дейінгі мүгедек балаларға – 2,3 (екі бүтін оннан үш) АЕК мөлшерінде;
бірінші топтағы мүгедектерге – 2,3 (екі бүтін оннан үш) АЕК мөлшерінде;
екінші топтағы мүгедектерге – 2,3 (екі бүтін оннан үш) АЕК мөлшерінде.».

2 2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму және азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

3 3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Павлодар облысының әкімі
_____________ Б. Бақауов
2019 жылғы «18» қыркүйек

Қолданыстағы