О внесении изменений в приказ Министра по делам государственной службы Республики Казахстан от 29 декабря 2015 года № 12 "О некоторых вопросах занятия административной государственной должности корпуса "Б"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Министра по делам государственной службы Республики Казахстан от 29 декабря 2015 года № 12 "О некоторых вопросах занятия административной государственной должности корпуса "Б"
- Атауы (қаз.)
- "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 81
- Қабылданған күні
- 19.04.2016
- Көрсетілген редакция
- 21.02.2017 102474_174406.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 21.02.2017
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1600013720
- ЭКБ идентификаторы
- 102474
- Редакция идентификаторы
- 102474_174406
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 09:32
0 «Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына орналасудың
кейбір мәселелері туралы»
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік
қызмет істері Министрінің 2015 жылғы
29 желтоқсандағы № 12 бұйрығына
өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12639 болып тіркелген, 2016 жылғы 22 қаңтарда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді, мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға үміткерлерді тестiлеуді ұйымдастыру, бағдарламалары мен қағидалары» деген 2-қосымшасында:
Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді, мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға үміткерлерді тестiлеуді ұйымдастыру, бағдарламалары мен қағидаларына «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне алуға үміткерлерды Қазақстан Республикасы заңнамасын білуге арналған тестілеу бағдарламалары» деген 1-қосымшада:
1-тармақтың 1), 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«1) бірінші бағдарлама, осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген лауазымдарды қоспағанда, «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің лауазымдарына (бұдан әрі – «А» корпусының лауазымдары) арналған және Қазақстан Республикасының Конституциясын (10 сұрақ), «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» (10 сұрақ), «Қазақстан Республикасының Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы» (10 сұрақ), «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» (10 сұрақ) конституциялық заңдарын, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» (10 сұрақ), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» (10 сұрақ), «Әкімшілік рәсімдер туралы» (10 сұрақ), «Құқықтық актілер туралы» (10 сұрақ), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» (10 сұрақ) Қазақстан Республикасының заңдарын білуге арналған тестерді қамтиды.
Бірінші бағдарлама бойынша тестерді орындау үшін жалпы уақыт 80 минутті құрайды.
2) екінші бағдарлама «А» корпусы лауазымдарының екінші санатына арналған және Қазақстан Республикасының Конституциясын (10 сұрақ), «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» (10 сұрақ), «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» (10 сұрақ) конституциялық заңдарын, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі (10 сұрақ), «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» (10 сұрақ), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» (10 сұрақ), «Әкімшілік рәсімдер туралы» (10 сұрақ), «Құқықтық актілер туралы» (10 сұрақ), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» (10 сұрақ) Қазақстан Республикасының заңдарын бiлуге арналған тестерді қамтиды.
Екінші бағдарлама бойынша тестерді орындау үшін жалпы уақыт 80 минутті құрайды.»;
Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді, мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға үміткерлерді тестiлеуді ұйымдастыру, бағдарламалары мен қағидаларына «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға үміткерлерды Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамаларын білуге арналған тестілеу бағдарламалары деген 4-қосымшада:
1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) бірінші бағдарлама А-1, А-2, А-3, А-4, В-1, В-2, В-3, В-4, С-1, С-2, С-3, С-О-1, С-О-2, C-R-1, D-1, D-2, D-3, D-О-1, D-О-2, Е-1, Е-2 санаттарына арналған және келесіні қамтиды:
Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілін білуге арналған тест (20 сұрақ), ұзақтығы 20 минут;
Қазақстан Республикасының Конституциясын (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының конституциялық заңдарын, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» (15 сұрақ), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» (15 сұрақ), «Әкімшілік рәсімдер туралы» (15 сұрақ), «Құқықтық актілер туралы» (15 сұрақ), «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» (15 сұрақ), «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының заңдарын бiлуге арналған тестер.
Бірінші бағдарлама бойынша тестілеуді өту мәндері барлық нормативтік құқықтық актілер бойынша сұрақтардың жалпы санынан (135 сұрақ) кем дегенде 95 дұрыс жауапты және әрбір нормативтік құқықтық актілер бойынша кем дегенде 5 дұрыс жауапты құрайды.
Бірінші бағдарлама бойынша Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге арналған тестерді орындау үшін жалпы уақыт 110 минутті құрайды.».