Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра по делам государственной службы Республики Казахстан от 29 декабря 2015 года № 12 «О некоторых вопросах занятия административной государственной должности корпуса «Б»

Бұйрық · № 104 · қабылданған 19.05.2016
Заңдық күші: Күшін жойған · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/29-2015-no-12-ekb-103874/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра по делам государственной службы Республики Казахстан от 29 декабря 2015 года № 12 «О некоторых вопросах занятия административной государственной должности корпуса «Б» Күшін жойған Бұйрық ·№ 104 ·19.05.2016
21.02.2017 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.02.2017. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра по делам государственной службы Республики Казахстан от 29 декабря 2015 года № 12 «О некоторых вопросах занятия административной государственной должности корпуса «Б»

Күшін жойған Бұйрық ·№ 104 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра по делам государственной службы Республики Казахстан от 29 декабря 2015 года № 12 «О некоторых вопросах занятия административной государственной должности корпуса «Б»
Атауы (қаз.)
«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
104
Қабылданған күні
19.05.2016
Көрсетілген редакция
21.02.2017 103874_174408.kaz
Соңғы өзгеріс
21.02.2017
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1600013817
ЭКБ идентификаторы
103874
Редакция идентификаторы
103874_174408
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 09:06

0 «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасудың кейбір мәселелері туралы»

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы
29 желтоқсандағы № 12 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12639 болып тіркелген, 2016 жылғы 22 қаңтарда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларында:
19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«19. Конкурстық комиссия кемінде бес мүшеден, соның ішінде төрағадан тұрады. Бұл ретте орталық мемлекеттік органның ішінде құрылатын конкурстық комиссияның құрамына конкурстық комиссияның үштен бірінен кем емес мөлшерінде түрлі құрылымдық бөлімшелердің өкілдері қосылады.»;
43-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) құжаттарды қабылдау мерзiмi (ішкі конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 3 жұмыс күні);»;
47-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«47. Құжаттар электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы
әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірілмей беріледі.
Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.»;
58-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«58. Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны әңгімелесуге кандидаттарды жіберу туралы оларды хабардар еткен күннен бастап үш жұмыс күн ішінде конкурс жариялаған мемлекеттік органдарда өтеді.»;
80-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) құжаттарды қабылдау мерзiмi (жалпы конкурс үшін – жалпы конкурс туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 7 жұмыс күні);»;
84-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«84. Құжаттар электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда құжаттардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірілмей беріледі.
Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.»;
99-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«99. Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны әңгімелесуге кандидаттарды жіберу туралы оларды хабардар еткен күнннен бастап үш жұмыс күні ішінде конкурс жариялаған мемлекеттік органдарда өтеді.»;
көрсетілген Қағидалардың 2-қосымшасы осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Заң департаменті (Алмабаев Н.С.) заңнамамен белгіленген тәртіпте:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оның мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберуді;

3

3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін бес жұмыс күн ішінде оның көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

4 4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері вице-министрі Н.М. Ыбырайымға жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен қолданысқа енгізіледі.

1 Қазақстан Республикасы

Мемлекеттік қызмет істері
министрінің
2016 жылғы 19 мамырдағы № 104 бұйрығына қосымша
«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларына 2-қосымша
___________________________
(мемлекеттік орган)
Өтініш
Мені_______________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________________
__________________бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға
жiберуiңiздi сұраймын. Мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарға орналасуға конкурс өткiзу және
конкурс комиссиясын қалыптастыру қағидаларының негiзгi талаптарымен таныстым, олармен
келiсемiн және орындауға мiндеттеме аламын.
Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектiлiгiне жауап беремiн.
Қоса берілген құжаттар:
___________________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________________
Мекен жайы және байланыс телефоны__________________________________________________
___________________________________________________________________________________
__________ _______________________________
(қолы) (Т.А.Ә. (болған жағдайда)
«____»_______________ 20__ ж.

Қолданыстағы