Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в совместный приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 29 декабря 2015 года № 1264 и исполняющего обязанности Министра национальной экономики Республики Казахстан от 31 декабря 2015 года № 842 «Об утверждении критериев оценки степени риска и проверочных листов за соблюдением законодательства Республики Казахстан о туристской деятельности»

Бұйрық · № 318 · қабылданған 02.11.2018
Заңдық күші: Қолданыста · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/29-2015-no-1264-31-2015-no-842-ekb-125755/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О внесении изменений в совместный приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 29 декабря 2015 года № 1264 и исполняющего обязанности Министра национальной экономики Республики Казахстан от 31 декабря 2015 года № 842 «Об утверждении критериев оценки степени риска и проверочных листов за соблюдением законодательства Республики Казахстан о туристской деятельности» Қолданыста Бұйрық ·№ 318 ·02.11.2018
02.11.2018 редакциясы
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.11.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в совместный приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 29 декабря 2015 года № 1264 и исполняющего обязанности Министра национальной экономики Республики Казахстан от 31 декабря 2015 года № 842 «Об утверждении критериев оценки степени риска и проверочных листов за соблюдением законодательства Республики Казахстан о туристской деятельности»

Қолданыста Бұйрық ·№ 318 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в совместный приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 29 декабря 2015 года № 1264 и исполняющего обязанности Министра национальной экономики Республики Казахстан от 31 декабря 2015 года № 842 «Об утверждении критериев оценки степени риска и проверочных листов за соблюдением законодательства Республики Казахстан о туристской деятельности»
Атауы (қаз.)
«Қазақстан Республикасының туристік қызмет туралы заңнамасының сақталуына тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 1264 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 842 бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
318
Қабылданған күні
02.11.2018
Көрсетілген редакция
02.11.2018 125755_369865.kaz
Соңғы өзгеріс
02.11.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1800017692
ЭКБ идентификаторы
125755
Редакция идентификаторы
125755_369865
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 22:44

0 «Қазақстан Республикасының

туристік қызмет туралы заңнамасының сақталуына тәуекел дәрежесін
бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің
2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 1264 және
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а.
2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 842
бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫЗ:

1

1. «Қазақстан Республикасының туристік қызмет туралы заңнамасының сақталуына тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 1264 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 842 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12991 тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 16 ақпанда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған:
1) осы бірлескен бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес, туристік қызмет саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;
2) осы бірлескен бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес, туристік операторға қатысты туристік қызмет саласындағы тексеру парағы;
3) осы бірлескен бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес, туристік агентке қатысты туристік қызмет саласындағы тексеру парағы;
4) осы бірлескен бұйрықтың 4-қосымшасына сәйкес, гидке (гид-аудармашыларға) қатысты туристік қызмет саласындағы тексеру парағы;
5) осы бірлескен бұйрықтың 5-қосымшасына сәйкес, экскурсоводқа қатысты туристік қызмет саласындағы тексеру парағы;
6) осы бірлескен бұйрықтың 6-қосымшасына сәйкес, туризм нұсқаушысына қатысты туристік қызмет саласындағы тексеру парағы.».
осы бірлескен бұйрыққа 1,2, 3, 4, 5, 6-қосымшаларға сәйкес, көрсетілген бірлескен бұйрықтың 1, 2, 3, 4, 5, 6-қосымшалары жаңа редакцияда жазылсын;

2 2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2

2) осы бірлескен бұйрықты мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

3 3) қолданысқа енгізілгеннен кейін екі жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

4 4) осы бірлескен бұйрықта көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шараладың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бірлескен бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Бас прокуратурасының
Құқықтық статистика және
арнайы есепке алу жөніндегі
комитеті

1 Туристік қызмет саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары

Қазақстан Республикасының
Мәдениет және спорт министрінің
2018 жылғы 2 қарашадағы № 318 және
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2018 жылғы 2 қарашадағы № 57
бірлескен бұйрығына
1-қосымша
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің
2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 1264
және Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің м.а.
2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 842
бірлескен бұйрығына
1-қосымша
Туристік қызмет саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1

1. Туризм саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары (бұдан әрі – Өлшемшарттар) 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 141-бабының 3-тармағына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 31 шілдедегі № 3 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17371 болып тіркелген) бекітілген Мемлекеттік органдардың тәуекелдерді бағалау жүйесін қалыптастыру қағидалары және тексеру парақтарының нысандарына сәйкес тексерулер жүргізу мақсатында бақылау субъекттерді (объекттерді) іріктеу үшін әзірленген.

2 2. Осы Өлшемшарттарда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1 1) елеулі бұзушылық – «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» 2001 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңында (бұдан әрі - Заң) белгіленген туристтер болып табылатын Қазақстан Республикасы азаматтарына сапалы туристік қызмет алуға кедергі жасайтын талаптардың бұзушылығы;

2 2) елеулісіз бұзушылық – туристтер болып табылатын Қазақстан Республикасы азаматтарына дұрыс ақпарат алуды шектейтін бұзушылық, сондай-ақ бақылау субъектілерге (объектілерге) құқығы бұзылған расталған шағымдардың және өтініштердің болуы;

3

3) өрескел бұзушылық – Заңда белгіленген турагенттің, гидтің (гид-аудармашының), экскурсоводтың және туризм нұсқаушының қызметінің басталғаны туралы хабарламаның жоқтығы,туристік оператордың және туристік агенттің азаматтық – құқықтық жауапкершілігінің міндетті сақтандырудың, туристік қызмет көрсету және туроператор қалыптастырған туристік өнімді іске асыру шарттарының жоқтығы, сонымен қатар туристтер болып табылатын Қазақстан Республикасы азаматтарына саяхаттың ерекшеліктері туралы берілетін мәлімет бойынша растаудың бар болуы;

4 4) тәуекел – бақылау субъектінің (объектінің) қызметі нәтижесінде, оның салдарының ауырлық дәрежесі ескеріле отырып, адамның өміріне немесе денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделеріне, мемлекеттің мүліктік мүдделеріне зиян келтіру ықтималдығы;

5

5) тәуекел дәрежесін бағалаудың объективті өлшемшарттары (бұдан әрі – объективті өлшемшарттар) – белгілі бір қызмет саласында тәуекел дәрежесіне байланысты және жекелеген бақылау субъектіге (объектіге) тікелей байланыссыз субъектілерді (объектілерді) іріктеу үшін пайдаланылатын тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;

6 6) тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті өлшемшарттары (бұдан әрі – субъективті өлшемшарттар) – нақты бақылау субъектінің (объектінің) қызмет нәтижелеріне байланысты бақылау субъектілерді (объектілерді) іріктеу үшін пайдаланылатын тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;

7

7) туристік қызмет саласындағы бақылау субъектілер (бұдан әрі – бақылау субъектілері) – туристік операторлар (туроператорлар),туристік агенттер (турагенттер), гидтер (гид-аудармашылар), экскурсоводтар, туризм нұсқаушылары, туристер және олардың бірлестіктері, экскурсанттар, туристік қызмет саласындағы өзге де бірлестіктер, туристік қызмет саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейтін мемлекеттік органдар.

2 2-тарау. Объективті өлшемшарттар

3 3. Туристік қызмет саласындағы жоғары тәуекел дәрежесіне Қазақстан Республикасы азаматтарының өміріне және/немесе денсаулығына және бақылау субъектілердің (объектілердің) заңды мүдделіріне зиян келтіру ықтималдығы.

Объективті өлшемшарттар бойынша жоғары тәуекел дәрежесіне туристік операторлар жәнетуристік агенттер жатады.
Жоғары тәуекел дәрежесіне жатқызылмағанға гидтер (гид-аудармашылар), экскурсоводтар және туризм нұсқаушылары жатады.
Жоспардан тыс тексерулер жоғары тәуекел дәрежесіне жатқызылған және жатқызылмаған бақылау субъектілеріне (объектілеріне) қатысты қолданылады.
Субъективті өлшемшарттар бойынга жоғары тәуекел дәрежесіне жатқызылған бақылау субъектілеріне (объектілеріне) қатысты бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды жүргізу мақсатымен субъективті өлшемшарттар қолданылады.

3 3-тарау. Субъективті өлшемшарттар

4 4. Субъективті өлшемшарттарды айқындау:

1 1) деректер базасын қалыптастыру және ақпарат жинау;

2 2) ақпаратты талдау және тәуекелдерді бағалау кезеңдерін қолдана отырып жүзеге асырылады.

5 5. Тәуекел дәрежесін бағалау үшін мынадай ақпарат көздері пайдаланылады:

1 1) бұрынғы тексерулер және бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылаудың нәтижелері (бұзу ауырлығының дәрежесі (өрескел, елеулі, елеусіз) туристік қызмет саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптары сақталмаған жағдайда белгіленеді);

2 2) бақылау субъектінің (объектінің) кінәсі бойынша пайда болған оқиғалардың болуы;

3 3) бақылау субъектілерге (объектілерге) жеке және заңды тұлғалардан, мемлекеттік органдардан түскен және расталған шағымдар мен өтініштерің болуы және саны;

4 4) Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесінің әкімшісі ұсынатын ақпарат пен мәліметтердің мониторингі.

6 6. Өлшемшарттардың 5-тармағында айқындалған ақпарат көздерінің негізінде осы Өлшемшарттарға қосымшаға сәйкес туристік нарық субъектілері үшін тәуекел дәрежесінің субъективті өлшемшарттар айқындалады.

«Бұрынғы тексеру нәтижелері» ақпарат көзі бойынша Тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары талаптарының мынадай ауырлық дәрежелеріне бөлінеді: өрескел, елеулі және елеусіз.
Бір бұзушылық болған кезде субъектіге тәуекел дәрежесінің 100 көрсеткіші теңетіріледі және бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізіледі.
Егер өрескел дәрежедегі талаптардың бұзылуы анықталмаған кезде, онда тәуекел дәрежесінің көрсеткішін анықтау үшін елеулі және елеусіз дәрежелерінің жиынтық көрсеткіштері есептеледі.
Елеулі дәрежедегі бұзушылықтың көрсеткішін анықтау кезінде 0,7 коэффициенті қолданылады және осы көрсеткіш мына формула бойынша есептеледі:
ΣРз = (SР2 х 100/SР1) х 0,7 мұндағы:
ΣРз – елеулі дәрежедегі бұзушылық көрсеткіші;
ΣР1 – елеулі бұзушылықтардың талап етілетін саны;
ΣР2 – елеулі дәрежедегі талаптардың бұзушылықтарсаны.
Елеусіз дәрежедегі бұзушылықтың көрсеткішін анықтау кезінде 0,3 коэффициенті қолданылады және осы көрсеткіш мына формула бойынша есептеледі:
ΣРн = (SР2 х 100/SР1) х 0,3мұндағы:
ΣРн – елеулі емес дәрежедегі бұзушылық көрсеткіші;
ΣР1 – елеулі емес бұзушылықтардың талап етілетін саны;
ΣР2 – елеулі емес дәрежедегі талаптардың бұзушылықтарсаны.
Тәуекел дәрежедегі жалпы көрсеткіші (ΣР) 0 ден 100 дейінгі шәкіл бойынша есептеледі және көрсеткіштерді мына формула бойынша жиынтықтау арқылы анықталады:
ΣР = ΣРз + ΣРн мұндағы:
ΣР – тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші;
ΣРз – елеулі дәрежедегі бұзушылық көрсеткіші;
ΣРн– елеусіз дәрежедегі бұзушылық көрсеткіші;
Тәуекел дәрежесінің көрсеткіштері бойынша бақылау субъектілерге (объектілерге) мыналар жатады:

1 1) жоғарғы тәуекел дәрежесіне – тәуекел дәрежесі 60 тан 100 дейінгі көрсеткіш кезінде және оған қатысты бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізіледі;

2 2) жоғарғы тәуекел дәрежесіне жатқызылмаған – тәуекел дәрежесі 0 дан 60 дейінгі көрсеткіш кезінде және оған қатысты бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізілмейді.

4 4-тарау. Қорытынды ережелер

7 7. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізудің мерзімділігі субъективті өлшемшарттар бойынша алынатын мәліметтерге жүргізілетін талдау мен бағалаудың нәтижелері бойынша айқындалады және жылына ең көбі бір реттен аспайды.

8 8. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау Кодекстің 141-бабының 3-тармағына сәйкес құрылатын бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылаудың жарты жылдық тізімдері негізінде жүргізіледі.

Тәуекелдер дәрежесін тандау және бағалау кезінде нақты бақылау субъектіге (объектіге) қатысты бұрын есептелген және пайдаланған субъективті өлшемшарттардың деректері қолданылмайды.

9 Туристік қызмет субъектілері үшін тәуекел дәрежесінің субъективтік өлшемшарттары

9. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау тізімдері субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің барынша жоғары көрсеткіші бар бақылау субъектісінің басымдығы ескеріле отырып жасалады.
Туристік қызмет саласындағы
тәуекел дәрежелерін бағалау
өлшемшарттарына қосымша
Туристік қызмет субъектілері үшін тәуекел дәрежесінің
субъективтік өлшемшарттары
р/с №
Өл­шем­шар­ттар
Бұ­зу­шы­лық дә­ре­же­ле­рі
Ту­ри­стік опе­ра­тор үшін
1. Ал­дың­ғы тек­се­ру­лер­дің және ба­қы­лау субъ­ек­ті­сіне (объ­ек­ті­сіне) ба­ру ар­қы­лы про­фи­лак­ти­ка­лық ба­қы­ла­удың­нәти­же­ле­рі (бұ­зу­шы­лық­тың ауыр­лық дә­ре­же­сі (өрес­кел, еле­улі, еле­у­сіз) ту­ри­стік қыз­мет са­ла­сын­да­ғы Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы заң­на­ма­сы­ның та­лап­та­рын сақ­та­ма­ған­да бел­гі­ле­не­ді)
1
Ту­ри­стік опе­ра­тор­лық қыз­мет­ке ли­цен­зи­я­ның бо­луы
өрес­кел
2
Ту­ри­стік қыз­мет көр­се­ту­ге жа­сал­ған жа­з­ба­ша шар­ттың бар бо­луы
өрес­кел
3
Қа­лып­тас­қан ту­ри­стік өнім­нің бар бо­луы
еле­улі
4
Ту­ри­стік өнім­ді өт­кізу­ге агент­тік шар­ттың бо­луы
өрес­кел
5
Ту­ри­стік бі­лі­мі бар, жұ­мыс өті­лі бір жыл­дан кем емес, бір адам­нан кем емес жұ­мыс­кер­дің бар­бо­луы
еле­улі
6
Мен­шік құқы­ғы бар неме­се өзге заң­ды негіз­де кең­се үшін үй – жай­дың бар бо­луы
еле­улі
7
Ту­ри­стер­ге ел­ге (орын­ға) ке­лу, ке­ту, уа­қыт­ша бо­лу қа­ғи­да­лар ту­ра­лы заң­на­ма­сы ту­ра­лы, жер­гі­лік­ті ха­лық­тың дәс­түр­ле­рі ту­ра­лы, ді­ни салт­та­ры, ки­е­лі жер­ле­рі, ерекше қор­ғау­ға алын­ған та­би­ғи, та­ри­хи, мә­де­ни ес­керт­кіш­те­рі және ерекше қор­ғауда тұр­ған, бас­қа ту­ри­стік көр­се­ту объ­ек­ті­лер­ді қор­ша­ған ор­та­ның жай-күйі ту­ра­лы, сон­дай-ақ са­я­хат ба­ры­сын­да олар­ға кез­де­се­тін және ту­ри­стер­дің қа­уіп­сіз­ді­гін қам­та­ма­сыз ету­ге ба­ғыт­тал­ған ал­дын алу ша­ра­ла­рын жү­зе­ге асы­ра ала­тын қа­уіп­тер ту­ра­лы са­я­хат ерекше­лік­те­рі ту­ра­лы, қа­жет­ті және дұ­рыс ақ­па­рат ту­ра­лы жа­з­ба­ша рас­та­удың бо­луы (ту­ри­стік жады­на­ма)
өрес­кел
8
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы аза­мат­та­ры­ның шы­ғу ту­риз­мі са­ла­сын­да­ғы құқық­та­ры­на ке­піл­дік бе­ру жүй­е­сі әкім­ші­сіне шар­ттың түп­нұс­қа­сын не но­та­ри­ат ку­әлан­дыр­ған кө­шір­ме­сін ұсы­на оты­рып, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы аза­мат­та­ры­ның шы­ғу ту­риз­мі са­ла­сын­да­ғы құқық­та­ры­на ке­піл­дік бе­ру жүй­е­сі әкім­ші­сі­нің не Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы аза­мат­та­ры­ның шы­ғу ту­риз­мі са­ла­сын­да­ғы құқық­та­ры­на ке­піл­дік бе­ру жүй­е­сі­нің әкім­ші­сі ай­қын­да­ған үшін­ші тұл­ға­ның пай­да­сы­на банк ке­піл­ді­гі­мен қам­та­ма­сыз еті­л­ген ақ­ша­ны тө­ле­уді көз­дей­тін, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның банк заң­на­ма­сы­на сәй­кес екін­ші дең­гей­де­гі банк­пен банк­тік ке­піл­дік жа­сас­қан шар­ты­ның бо­луы
өрес­кел
9
Ар­найы шот­қа ту­ро­пе­ра­тор неме­се ту­ро­пе­ра­тор-әуе ке­ме­сі­мен жал­да­ну­шы қа­лып­та­стыр­ған және ту­ра­гент Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның аза­ма­ты­на өт­кіз­ген әр­бір ту­ри­стік өнім­нен 0,5 ай­лық есеп­тік көр­сет­кіш со­ма­да ақ­ша­ны аудар­ғанды­ғын ку­әлан­ды­ра­тын, тө­лем құ­жа­ты­ның бо­луы
өрес­кел
2. Ба­қы­лау субъ­ек­ті­нің (объ­ек­ті­нің) кінә­сі бой­ын­ша пай­да болған оқи­ға­лар­дың бо­луы
1
Мем­ле­кет­тік ор­ган­дар­дан түс­кен Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сын­да­ғы ту­ри­стік қыз­мет ту­ра­лы Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын бұ­зу ту­ра­лы рас­тал­ған ақ­па­рат­тың бо­луы
өрес­кел
3. Ба­қы­лау субъ­ек­ті­лер­ге же­ке және заң­ды тұ­лға­лар­дан, мем­ле­кет­тік ор­ган­дар­дан түс­кен және рас­тал­ған ша­ғым­дар мен өті­ніш­те­рің бо­луы және са­ны
1
Құқы­ғы бұ­зы­л­ған же­ке және заң­ды тұ­лға­лар­дан түс­кен рас­тал­ған ша­ғым­дар­дың және өті­ніш­тер­дің бо­луы
еле­улі
4. Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы аза­мат­та­ры­ның шы­ғу ту­риз­мі са­ла­сын­да­ғы құқық­та­ры­на ке­піл­дік бе­ру жүй­е­сі­нің әкім­ші­сі ұсы­на­тын ақ­па­рат пен мә­лі­мет­тер­дің мо­ни­то­рин­гі
1
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы аза­мат­та­ры­ның шы­ғу ту­риз­мі са­ла­сын­да­ғы құқық­та­ры­на ке­піл­дік бе­ру жүй­е­сі әкім­ші­сіне шар­ттың түп­нұс­қа­сын не но­та­ри­ат ку­әлан­дыр­ған кө­шір­ме­сін ұсы­на оты­рып, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы аза­мат­та­ры­ның шы­ғу ту­риз­мі са­ла­сын­да­ғы құқық­та­ры­на ке­піл­дік бе­ру жүй­е­сі әкім­ші­сі­нің не Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы аза­мат­та­ры­ның шы­ғу ту­риз­мі са­ла­сын­да­ғы құқық­та­ры­на ке­піл­дік бе­ру жүй­е­сі­нің әкім­ші­сі ай­қын­да­ған үшін­ші тұл­ға­ның пай­да­сы­на банк ке­піл­ді­гі­мен қам­та­ма­сыз еті­л­ген ақ­ша­ны тө­ле­уді көз­дей­тін, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның банк заң­на­ма­сы­на сәй­кес екін­ші дең­гей­де­гі банк­пен банк­тік ке­піл­дік жа­сас­қан шар­ты­ның­бол­мауы ту­ра­лы ақ­па­рат­тың бо­луы
өрес­кел
2
Ар­найы шот­қа ту­ро­пе­ра­тор неме­се ту­ро­пе­ра­тор-әуе ке­ме­сі­мен жал­да­ну­шы қа­лып­та­стыр­ған және ту­ра­гент Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның аза­ма­ты­на өт­кіз­ген әр­бір ту­ри­стік өнім­нен 0,5 ай­лық есеп­тік көр­сет­кіш со­ма­да ақ­ша­ны ауда­рыл­мау ту­ра­лы ақ­па­рат­тың бо­луы
өрес­кел
Ту­ри­стік агент үшін
1. Ал­дың­ғы тек­се­ру­лер­дің және ба­қы­лау субъ­ек­ті­сіне (объ­ек­ті­сіне) ба­ру ар­қы­лы про­фи­лак­ти­ка­лық ба­қы­ла­удың нәти­же­ле­рі (бұ­зу­шы­лық­тың ауыр­лық дә­ре­же­сі (өрес­кел, еле­улі, еле­у­сіз) ту­ри­стік қыз­мет са­ла­сын­да­ғы Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы заң­на­ма­сы­ның та­лап­та­рын сақ­та­ма­ған­да бел­гі­ле­не­ді)
1
Ту­ри­стік агент­тің қыз­ме­тін жү­зе­ге асы­ру­ды ба­стау ту­ра­лы ха­бар­ла­ма­ның бо­луы
өрес­кел
2
Ту­ри­стік қыз­мет көр­се­ту­ге жа­сал­ған жа­з­ба­ша шар­ттың бар бо­луы
өрес­кел
3
Ту­ри­стік өнім­ді өт­кізу­ге агент­тік шар­ттың бо­луы
өрес­кел
4
Ту­ри­стер­ге ел­ге (орын­ға) ке­лу, ке­ту, уа­қыт­ша бо­лу қа­ғи­да­лар ту­ра­лы заң­на­ма­сы ту­ра­лы, жер­гі­лік­ті ха­лық­тың дәс­түр­ле­рі ту­ра­лы, ді­ни салт­та­ры, ки­е­лі жер­ле­рі, ерекше қор­ғау­ға алын­ған та­би­ғи, та­ри­хи, мә­де­ни ес­керт­кіш­те­рі және ерекше қор­ғауда тұр­ған, бас­қа ту­ри­стік көр­се­ту объ­ек­ті­лер­ді қор­ша­ған ор­та­ның жай-күйі ту­ра­лы, сон­дай-ақ са­я­хат ба­ры­сын­да олар­ға кез­де­се­тін және ту­ри­стер­дің қа­уіп­сіз­ді­гін қам­та­ма­сыз ету­ге ба­ғыт­тал­ған ал­дын алу ша­ра­ла­рын жү­зе­ге асы­ра ала­тын қа­уіп­тер ту­ра­лы са­я­хат ерекше­лік­те­рі ту­ра­лы, қа­жет­ті және дұ­рыс ақ­па­рат ту­ра­лы жа­з­ба­ша рас­та­удың бо­луы (ту­ри­стік жады­на­ма)
өрес­кел
2. Ба­қы­лау субъ­ек­ті­нің (объ­ек­ті­нің) кінә­сі бой­ын­ша пай­да болған оқи­ға­лар­дың бо­луы
1
Мем­ле­кет­тік ор­ган­дар­дан түс­кен Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сын­да­ғы ту­ри­стік қыз­мет ту­ра­лы Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын бұ­зу ту­ра­лы рас­тал­ған ақ­па­рат­тың бо­луы
өрес­кел
3. Ба­қы­лау субъ­ек­ті­л­ге же­ке және заң­ды тұ­лға­лар­дан, мем­ле­кет­тік ор­ган­дар­дан түс­кен және рас­тал­ған ша­ғым­дар мен өті­ніш­те­рің бо­луы және са­ны
1
Құқы­ғы бұ­зы­л­ған же­ке және заң­ды тұ­лға­лар­дан түс­кен рас­тал­ған ша­ғым­дар­дың және өті­ніш­тер­дің бо­луы
еле­улі

2 Туристік операторға қатысты туристік қызмет саласындағы тексеру парағы

Қазақстан Республикасының
Мәдениет және спорт министрінің
2018 жылғы 2 қарашадағы № 318 және
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2018 жылғы 2 қарашадағы № 57
бірлескен бұйрығына
2-қосымша
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің
2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 1264
және Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің м.а.
2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 842
бірлескен бұйрығына
2-қосымша
Туристік операторға қатысты
туристік қызмет саласындағы тексеру парағы
Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган _______________________________
Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеруді/профилактикалық
бақылауды тағайындау туралы акт_____________________________________
(№, күні)
Тексерілетін субъектінің (объектінің) атауы
____________________________________________________________________
Тексерілетін субъектінің (объектінің) (Жеке сәйкестендіру нөмірі), бизнес-
сәйкестендіру нөмірі__________________________________________________
Орналасқан жерінің мекен-жайы ________________________________________

Та­лап­тар тіз­бе­сі
Та­лап еті­ле­ді
Та­лап етіл­мей­ді
Та­лап­тар­ға сәй­кес ке­ле­ді
Та­лап­тар­ға сәй­кес кел­мей­ді
1
2
3
4
5
6
1
Ту­ри­стік опе­ра­тор­лық қыз­мет­ке ли­цен­зи­я­ның бо­луы
2
Ту­ри­стік қыз­мет көр­се­ту­ге жа­сал­ған жа­з­ба­ша шар­ты­ның бо­луы
3
Қа­лып­та­стыр­ған ту­ри­стік өнім­нің бо­луы
4
Ту­ри­стік өнім­ді өт­кізу­ге ар­нал­ған агент­тік шар­ты­ның бо­луы
5
Ең­бек өті­лі бір жыл­дан кем емес, ту­ри­стік бі­лі­мі бар, ке­мін­де бір қыз­мет­кер­дің бо­луы
6
Же­ке мен­шік құқы­ғын­да­ғы неме­се өзге­де заң­ды негіз­де­гі кең­се­ге ар­нал­ған үй-жай­дың бо­луы
7
Ту­ри­стер­ге уа­қыт­ша бо­ла­тын ел­ге (жер­ге) ба­ру, шы­ғу және сон­да бо­лу қа­ғи­да­ла­ры ту­ра­лы, заң­на­ма ту­ра­лы, жер­гі­лік­ті ха­лық­тың салт-дәс­түр­ле­рі ту­ра­лы, ді­ни әдет-ғұ­рып, қа­си­ет­ті орын­дар, та­би­ғи, та­ри­хи, мә­де­ни ес­керт­кіш­тер және ту­ри­стер­ге көр­се­ті­ле­тін, ерекше қор­ғауда­ғы бас­қа да объ­ек­ті­лер, қор­ша­ған ор­та­ның жай-күйі ту­ра­лы, сон­дай-ақ са­я­хат жа­са­ған кез­де тап бо­луы мүм­кін қа­уіп­тер ту­ра­лы қа­жет­ті және дұ­рыс ақ­па­рат­ты қам­ти­тын са­я­хат­тың ерекше­лік­те­рі ту­ра­лы мә­лі­мет­тер­ді уақ­ты­лы бер­ге­ні және ту­ри­стер­дің қа­уіп­сіз­ді­гін қам­та­ма­сыз ету­ге ба­ғыт­тал­ған ал­дын алу ша­ра­ла­рын жү­зе­ге асы­ру ту­ра­лы жа­з­ба­ша рас­та­удың бо­луы (ту­ри­стік жады­на­ма)
8
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы аза­мат­та­ры­ның шы­ғу ту­риз­мі са­ла­сын­да­ғы құқық­та­ры­на ке­піл­дік бе­ру жүй­е­сі әкім­ші­сіне шар­ттың түп­нұс­қа­сын не но­та­ри­ат ку­әлан­дыр­ған кө­шір­ме­сін ұсы­на оты­рып, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы аза­мат­та­ры­ның шы­ғу ту­риз­мі са­ла­сын­да­ғы құқық­та­ры­на ке­піл­дік бе­ру жүй­е­сі әкім­ші­сі­нің не Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы аза­мат­та­ры­ның шы­ғу ту­риз­мі са­ла­сын­да­ғы құқық­та­ры­на ке­піл­дік бе­ру жүй­е­сі­нің әкім­ші­сі ай­қын­да­ған үшін­ші тұл­ға­ның пай­да­сы­на банк ке­піл­ді­гі­мен қам­та­ма­сыз еті­л­ген ақ­ша­ны тө­ле­уді көз­дей­тін, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның банк заң­на­ма­сы­на сәй­кес екін­ші дең­гей­де­гі банк­пен банк­тік ке­піл­дік жа­сас­қан шар­ты­ның бо­луы
9
Ар­найы шот­қа ту­ро­пе­ра­тор неме­се ту­ро­пе­ра­тор-әуе ке­ме­сі­мен жал­да­ну­шы қа­лып­та­стыр­ған және ту­ра­гент Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның аза­ма­ты­на өт­кіз­ген әр­бір ту­ри­стік өнім­нен 0,5 ай­лық есеп­тік көр­сет­кіш со­ма­да ақ­ша­ны аудар­ғанды­ғын ку­әлан­ды­ра­тын, тө­лем құ­жа­ты­ның бо­луы
Лауазымдық тұлға (лар) ____________ ________________________________________________
(лауазымы) (қолы) (тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда)
____________ _______ ________________________________________
(лауазымы) (қолы) (тегі, аты және әкесінің аты ( бар болған жағдайда)
Тексерілетін субъектінің басшысы _____________ ________________________________________
(лауазымы) (қолы) (тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда)

3 Туристік агентке қатысты туристік қызмет саласындағы тексеру парағы

Қазақстан Республикасының
Мәдениет және спорт министрінің
2018 жылғы 2 қарашадағы № 318 және
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2018 жылғы 2 қарашадағы № 57
бірлескен бұйрығына
3-қосымша
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің
2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 1264
және Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің м.а.
2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 842
бірлескен бұйрығына
3-қосымша
Туристік агентке қатысты
туристік қызмет саласындағы тексеру парағы
Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган _______________________________
Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеруді/профилактикалық
бақылауды тағайындау туралы акт ______________________________________
(№, күні)
Тексерілетін субъектінің (объектінің) атауы
____________________________________________________________________
Тексерілетін субъектінің (объектінің) (Жеке сәйкестендіру нөмірі), бизнес-
сәйкестендіру нөмірі __________________________________________________
Орналасқан жерінің мекен-жайы ________________________________________

Та­лап­тар тіз­бе­сі
Та­лап еті­ле­ді
Та­лап етіл­мей­ді
Та­лап­тар­ға сәй­кес ке­ле­ді
Та­лап­тар­ға сәй­кес кел­мей­ді
1
2
3
4
5
6
1
Ту­ри­стік агент­тік қыз­мет­тің ба­стал­ға­ны ту­ра­лы ха­бар­ла­ма­ның бо­луы
2
Ту­ри­стік қыз­мет көр­се­ту­ге жа­сал­ған жа­з­ба­ша шар­ты­ның бо­луы
3
Ту­ри­стік өнім­ді өт­кізу­ге ар­нал­ған агент­тік шар­ттың бо­луы
4
Ту­ри­стер­ге уа­қыт­ша бо­ла­тын ел­ге (жер­ге) ба­ру, шы­ғу және сон­да бо­лу қа­ғи­да­ла­ры ере­же­ле­рі ту­ра­лы, заң­на­ма­сы ту­ра­лы, жер­гі­лік­ті ха­лық­тың салт-дәс­түр­ле­рі ту­ра­лы, ді­ни әдет-ғұр­пы, қа­си­ет­ті орын­дар, та­би­ғи, та­ри­хи, мә­де­ни ес­керт­кіш­тер және ту­ри­стер­ге көр­се­ті­ле­тін, ерекше қор­ғауда­ғы бас­қа да объ­ек­ті­лер, қор­ша­ған ор­та­ның жай-күйі ту­ра­лы, сон­дай-ақ са­я­хат жа­са­ған кез­де тап бо­луы мүм­кін қа­уіп­тер ту­ра­лы қа­жет­ті және дұ­рыс ақ­па­рат­ты қам­ти­тын са­я­хат­тың ерекше­лік­те­рі ту­ра­лы мә­лі­мет­тер­ді уақ­ты­лы бер­ге­ні және ту­ри­стер­дің қа­уіп­сіз­ді­гін қам­та­ма­сыз ету­ге ба­ғыт­тал­ған ал­дын алу ша­ра­ла­рын жү­зе­ге асы­ру ту­ра­лы жа­з­ба­ша рас­та­удың бо­луы(ту­ри­стік жады­на­ма)
Лауазымдық тұлға (лар) ____________ _______ ___________________________________
(лауазымы) (қолы) (тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда)
____________ _______ ___________________________________
(лауазымы) (қолы) (тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда)
Тексерілетін субъектінің басшысы _____________ ______ ___________________________
(лаауазымы) (қолы) (тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда)

4 Гидке (гид-аудармашыға) қатысты туристік қызмет саласындағы тексеру парағы

Қазақстан Республикасының
Мәдениет және спорт министрінің
2018 жылғы 2 қарашадағы № 318 және
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2018 жылғы 2 қарашадағы № 57
бірлескен бұйрығына
4-қосымша
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің
2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 1264
және Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің м.а.
2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 842
бірлескен бұйрығына
4-қосымша
Гидке (гид-аудармашыға) қатысты
туристік қызмет саласындағы тексеру парағы
Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган _______________________________
Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеруді/профилактикалық
бақылауды тағайындау туралы акт ______________________________________
(№, күні)
Тексерілетін субъектінің (объектінің) атауы
____________________________________________________________________
Тексерілетін субъектінің (объектінің) (Жеке сәйкестендіру нөмірі), бизнес-
сәйкестендіру нөмірі __________________________________________________
Орналасқан жерінің мекен-жайы ________________________________________

Та­лап­тар тіз­бе­сі
Та­лап еті­ле­ді
Та­лап етіл­мей­ді
Та­лап­тар­ға сәй­кес ке­ле­ді
Та­лап­тар­ға сәй­кес кел­мей­ді
1
2
3
4
5
6
1
Гид (гид-аудар­ма­шы) қыз­ме­ті­нің ба­стал­ға­ны ту­ра­лы ха­бар­ла­ма­ның бо­луы
2
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы аза­мат­тығ­ы­ның, сон­дай-ақ ту­ризм са­ла­сын­да­ғы да­яр­лық­тан өт­ке­ні ту­ра­лы сер­ти­фи­кат­тың бо­луы
3
Ту­ри­стер­ге уа­қыт­ша бо­ла­тын ел­ге (жер­ге) ба­ру, шы­ғу және сон­да бо­лу қа­ғи­да­ла­ры ере­же­ле­рі ту­ра­лы, заң­на­ма­сы ту­ра­лы, жер­гі­лік­ті ха­лық­тың салт-дәс­түр­ле­рі ту­ра­лы, ді­ни әдет-ғұр­пы, қа­си­ет­ті орын­дар, та­би­ғи, та­ри­хи, мә­де­ни ес­керт­кіш­тер және ту­ри­стер­ге көр­се­ті­ле­тін, ерекше қор­ғауда­ғы бас­қа да объ­ек­ті­лер, қор­ша­ған ор­та­ның жай-күйі ту­ра­лы, сон­дай-ақ са­я­хат жа­са­ған кез­де тап бо­луы мүм­кін қа­уіп­тер ту­ра­лы қа­жет­ті және дұ­рыс ақ­па­рат­ты қам­ти­тын са­я­хат­тың ерекше­лік­те­рі ту­ра­лы мә­лі­мет­тер­ді уақ­ты­лы бер­ге­ні және ту­ри­стер­дің қа­уіп­сіз­ді­гін қам­та­ма­сыз ету­ге ба­ғыт­тал­ған ал­дын алу ша­ра­ла­рын жү­зе­ге асы­ру ту­ра­лы жа­з­ба­ша рас­та­удың бо­луы(ту­ри­стік жады­на­ма)
Лауазымдық тұлға (лар) ____________ _______ __________________________________
(лауазымы) (қолы) (тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда)
____________ _______ ___________________________________
(лауазымы) (қолы) (тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда)
Тексерілетін субъектінің басшысы _____________ ______ __________________________
(лауазымы) (қолы) (тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда)

5 Экскурсоводқа қатысты туристік қызмет саласындағы тексеру парағы

Қазақстан Республикасының
Мәдениет және спорт министрінің
2018 жылғы 2 қарашадағы № 318 және
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2018 жылғы 2 қарашадағы № 57
бірлескен бұйрығына
5-қосымша
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің
2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 1264
және Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің м.а.
2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 842
бірлескен бұйрығына
5-қосымша
Экскурсоводқа қатысты
туристік қызмет саласындағы тексеру парағы
Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган _______________________________
Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеруді/профилактикалық
бақылауды тағайындау туралы акт ______________________________________
(№, күні)
Тексерілетін субъектінің (объектінің) атауы
____________________________________________________________________
Тексерілетін субъектінің (объектінің) (Жеке сәйкестендіру нөмірі), бизнес-
сәйкестендіру нөмірі __________________________________________________
Орналасқан жерінің мекен-жайы ________________________________________

Та­лап­тар тіз­бе­сі
Та­лап еті­ле­ді
Та­лап етіл­мей­ді
Та­лап­тар­ға сәй­кес ке­ле­ді
Та­лап­тар­ға сәй­кес кел­мей­ді
1
2
3
4
5
6
1
Экс­кур­со­вод қыз­ме­ті­нің ба­стал­ға­ны ту­ра­лы ха­бар­ла­ма­ның бо­луы
2
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның аза­мат­тығ­ы­ның, ту­ризм са­ла­сын­да да­яр­лық­тан өт­ке­ні ту­ра­лы сер­ти­фи­кат­тың бо­луы
3
Ту­ри­стер­ге уа­қыт­ша бо­ла­тын ел­ге (жер­ге) ба­ру, шы­ғу және сон­да бо­лу қа­ғи­да­ла­ры ере­же­ле­рі ту­ра­лы, заң­на­ма­сы ту­ра­лы, жер­гі­лік­ті ха­лық­тың салт-дәс­түр­ле­рі ту­ра­лы, ді­ни әдет-ғұр­пы, қа­си­ет­ті орын­дар, та­би­ғи, та­ри­хи, мә­де­ни ес­керт­кіш­тер және ту­ри­стер­ге көр­се­ті­ле­тін, ерекше қор­ғауда­ғы бас­қа да объ­ек­ті­лер, қор­ша­ған ор­та­ның жай-күйі ту­ра­лы, сон­дай-ақ са­я­хат жа­са­ған кез­де тап бо­луы мүм­кін қа­уіп­тер ту­ра­лы қа­жет­ті және дұ­рыс ақ­па­рат­ты қам­ти­тын са­я­хат­тың ерекше­лік­те­рі ту­ра­лы мә­лі­мет­тер­ді уақ­ты­лы бер­ге­ні және ту­ри­стер­дің қа­уіп­сіз­ді­гін қам­та­ма­сыз ету­ге ба­ғыт­тал­ған ал­дын алу ша­ра­ла­рын жү­зе­ге асы­ру ту­ра­лы жа­з­ба­ша рас­та­удың бо­луы(ту­ри­стік жады­на­ма)
Лауазымдық тұлға (лар) ____________ _______ __________________________________
(лауазымы) (қолы) (тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда)
____________ _______ ___________________________________
(лауазымы) (қолы) (тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда)
Тексерілетін субъектінің басшысы _____________ ______ ___________________________
(лауазымы) (қолы) (тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда)

6 Туризм нұсқаушысына қатысты туристік қызмет саласындағы тексеру парағы

Қазақстан Республикасының
Мәдениет және спорт министрінің
2018 жылғы 2 қарашадағы № 318 және
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2018 жылғы 2 қарашадағы № 57
бірлескен бұйрығына
6-қосымша
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің
2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 1264
және Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің м.а.
2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 842
бірлескен бұйрығына
6-қосымша
Туризм нұсқаушысына қатысты
туристік қызмет саласындағы тексеру парағы
Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган _______________________________
Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеруді/профилактикалық
бақылауды тағайындау туралы акт ______________________________________
(№, күні)
Тексерілетін субъектінің (объектінің) атауы
____________________________________________________________________
Тексерілетін субъектінің (объектінің) (Жеке сәйкестендіру нөмірі), бизнес-
сәйкестендіру нөмірі __________________________________________________
Орналасқан жерінің мекен-жайы ________________________________________

Та­лап­тар тіз­бе­сі
Та­лап еті­ле­ді
Та­лап етіл­мей­ді
Та­лап­тар­ға сәй­кес ке­ле­ді
Та­лап­тар­ға сәй­кес кел­мей­ді
1
2
3
4
5
6
1
Ту­ризм нұс­қа­у­шы­сы қыз­ме­ті­нің ба­стал­ға­ны ту­ра­лы ха­бар­ла­ма­ның бо­луы
2
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы аза­мат­тығ­ы­ның, сон­дай-ақ ту­ризм са­ла­сын­да да­яр­лық­тан өт­ке­ні ту­ра­лы сер­ти­фи­кат­тың бо­луы
3
Ту­ри­стер­ге уа­қыт­ша бо­ла­тын ел­ге (жер­ге) ба­ру, шы­ғу және сон­да бо­лу қа­ғи­да­ла­ры ере­же­ле­рі ту­ра­лы, заң­на­ма­сы ту­ра­лы, жер­гі­лік­ті ха­лық­тың салт-дәс­түр­ле­рі ту­ра­лы, ді­ни әдет-ғұр­пы, қа­си­ет­ті орын­дар, та­би­ғи, та­ри­хи, мә­де­ни ес­керт­кіш­тер және ту­ри­стер­ге көр­се­ті­ле­тін, ерекше қор­ғауда­ғы бас­қа да объ­ек­ті­лер, қор­ша­ған ор­та­ның жай-күйі ту­ра­лы, сон­дай-ақ са­я­хат жа­са­ған кез­де тап бо­луы мүм­кін қа­уіп­тер ту­ра­лы қа­жет­ті және дұ­рыс ақ­па­рат­ты қам­ти­тын са­я­хат­тың ерекше­лік­те­рі ту­ра­лы мә­лі­мет­тер­ді уақ­ты­лы бер­ге­ні және ту­ри­стер­дің қа­уіп­сіз­ді­гін қам­та­ма­сыз ету­ге ба­ғыт­тал­ған ал­дын алу ша­ра­ла­рын жү­зе­ге асы­ру ту­ра­лы жа­з­ба­ша рас­та­удың бо­луы(ту­ри­стік жады­на­ма)
Лауазымдық тұлға (лар) ____________ _______ ___________________________________
(лауазымы) (қолы) тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда)
____________ _______ ____________________________________

Қолданыстағы