О внесении изменений в совместный приказ Министра по инвестициям развитию Республики Казахстан от 29 декабря 2015 года № 1264 и исполняющего обязанности Министра национальной экономики Республики Казахстан от 31 декабря 2015 года № 842 «Об утверждении критериев оценки степени риска и проверочных листов за соблюдением законодательства Республики Казахстан о туристской деятельности» Мәртебесі расталмаған
Басқа 0
«Қазақстан Республикасының туристік қызмет туралы заңнамасының сақталуына тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 1264 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 842 бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫЗ:
Тармақ 1
1. «Қазақстан Республикасының туристік қызмет туралы заңнамасының сақталуына тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 1264 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 842 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12991 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
бірлескен бұйрықтың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы бірлескен бұйрыққа:
1) 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының туристік қызмет туралы заңнамасының сақталуына тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;
2) 2-қосымшаға сәйкес туристік операторға қатысты Қазақстан Республикасының туристік қызмет туралы заңнамасының сақталуына тексеру парағы;
3) 3-қосымшаға сәйкес туристік агентке қатысты Қазақстан Республикасының туристік қызмет туралы заңнамасының сақталуына тексеру парағы;
4) 4-қосымшаға сәйкес гидке, экскурсия жүргізушіге, туризм нұсқаушысына қатысты Қазақстан Республикасының туристік қызмет туралы заңнамасының сақталуына тексеру парағы;
5) 5-қосымшаға сәйкес туристік операторға, туристік агентке, гидке, экскурсия жүргізушіге, туризм нұсқаушысына қатысты Қазақстан Республикасының туристік қызмет туралы заңнамасының сақталуына тексеру парағы бекітілсін.»;
көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген Туристік қызмет саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарында:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының туристік қызмет туралы заңнамасының сақталуына тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Қазақстан Республикасының туристік қызмет туралы заңнамасының сақталуына тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары (бұдан әрі – Өлшемшарттар) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 141-бабының 5 және 6-тармақтарына, 143-бабының 1-тармағына, сондай-ақ «Тексеру парағының нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 31 шілдедегі № 3 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17371 болып тіркелген), «Реттеуші мемлекеттік органдардың тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесін қалыптастыру қағидаларын бекіту және «Мемлекеттік органдардың тәуекелдерді бағалау жүйесін қалыптастыру қағидаларын және тексеру парақтарының нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 31 шілдедегі № 3 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 22 маусымдағы № 48 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28577 болып тіркелген) сәйкес, бақылау субъектісіне (объектісіне) бара отырып, профилактикалық бақылау жүргізу және (немесе) Қазақстан Республикасының туристік қызмет туралы заңнамасының сақталуына біліктілік талаптарына сәйкестігін тексеру мақсатында туристік қызмет саласындағы бақылау субъектілерін (объектілерін) тәуекел дәрежесіне жатқызу мақсатында тәуекелдер көрсеткіштерін айқындау үшін әзірленді.»;
2-тармақтың 13) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«13) туристік қызмет саласындағы бақылау субъектілері (бұдан әрі – бақылау субъектілері) – туроператорлар, туристік агенттер (бұдан әрі – турагент), сондай-ақ гидтер, экскурсия жүргізушілері, туризм нұсқаушылары;»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) Қазақстан Республикасының туристік қызмет туралы заңнамасының сақталуына талаптарға сәйкестігін тексеруді жүзеге асыру кезінде тәуекелдерді басқару мақсаттары үшін бақылау субъектілерін (объектілерін) талаптарға сәйкестігіне тексеру және профилактикалық бақылау жүргізу үшін тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары бірнеше кезеңмен жүзеге асырылатын объективті және субъективті өлшемшарттарды айқындау (Шешімдерді мультиөлшемшартты талдау) арқылы қалыптастырылады.
Бірінші кезеңде астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы обьективті өлшемшарттар бойынша Бақылау субьектілерін (обьектілерін) мынадай тәуекел дәрежелерінің біріне жатқызады:
1) жоғары тәуекел;
2) орташа тәуекел;
3) төмен тәуекел.
Обьективті өлшемшарттар тәуекелдің жоғары және орташа дәрежелеріне жатқызылған бақылау субъектілерінің (объектілерінің) қызметі салаларында. Қазақстан Республикасының туристік қызмет туралы заңнамасының сақталуына талаптарға сәйкестігіне тексеру, бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау, бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау және жоспардан тыс тексеру жүргізіледі.
Обьективті өлшемшарттармен тәуекелдің төмен дәрежесіне жатқызылған бақылау субъектілерінің (объектілерінің) қызметі салаларында Қазақстан Республикасының туристік қызмет туралы заңнамасының сақталуына талаптарға сәйкестігіне тексеру, бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау және жоспардан тыс тексеру жүргізіледі.
Екінші кезеңде астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы субьективті өлшемшарттар бойынша бақылау субьектілерін (обьектілерін) мынадай тәуекел дәрежелерінің біріне жатқызады:
1) жоғары тәуекел;
2) орташа тәуекел;
3) төмен тәуекел.
Тәуекел дәрежесінің көрсеткіштері бойынша бақылау және қадағалау субъектісі (объектісі) мыналарға:
1) тәуекел дәрежесінің көрсеткіші 71-ден 100-ді қоса алғанға дейін болған кезде – тәуекелдің жоғары дәрежесіне;
2) тәуекел дәрежесінің көрсеткіші 31-ден 70-ті қоса алғанға дейін болған кезде – тәуекелдің орташа дәрежесіне;
3) тәуекел дәрежесінің көрсеткіші 0-ден 30-ты қоса алғанға дейін болған кезде – тәуекелдің төмен дәрежесіне жатқызылады..»;
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Туристік қызмет саласындағы обьективті өлшемшарттар бойынша жоғары тәуекел дәрежесіне Қазақстан Республикасы азаматтарының өміріне және (немесе) денсаулығына және заңды мүдделеріне бақылау субъектілердің (объектілердің) зиян келтіру ықтималдығы жатады.
Объективті өлшемшарттар бойынша жоғары тәуекел дәрежесіне туроператорлар жатады.
Тәуекелдің орташа дәрежесіне турагенттер жатады.
Тәуекелдің төмен дәрежесіне гидтер, экскурсия жүргізушілері, туризм нұсқаушылары жатады.»;
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«12. Қолда бар ақпарат көздерінің негізінде, астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы талдауға және бағалауға жататын, субъективті өлшемшарттар бойынша деректерді қалыптастырады.
Субъективті өлшемшарттарды талдау және бағалау ең жоғары әлеуетті тәуекелі бар бақылау субъектісіне (объектісіне) қатысты бақылау субъектісіне (объектісіне) талаптарға сәйкестігіне тексеру жүргізуді және профилактикалық бақылауды шоғырландыруға мүмкіндік береді.
Бұл ретте талдау және бағалау кезінде нақты бақылау субъектісіне (объектісіне) қатысты бұрын ескерілген және пайдаланылған субъективті өлшемшарттардың деректері, немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап қою мерзімі өткен деректер қолданылмайды.
Алдыңғы жүргізілген бару арқылы профилактикалық бақылаудың және (немесе) талаптарға сәйкестігін тексерудің қорытындылары бойынша берілген бұзушылықтарды толық көлемде жойған бақылау субъектілеріне қатысты, оларды мемлекеттік бақылаудың кезекті кезеңіне кестелер мен тізімдерді қалыптастыру кезінде енгізуге жол берілмейді.
Осы Өлшемшарттардың 11-тармағында айқындалған ақпарат көздерінің негізінде 1-қосымшаға сәйкес туристік қызмет субъектілеріне бара отырып профилактикалық бақылау жүргізу үшін талаптардың бұзушылық дәрежелері және осы 2-қосымшаға сәйкес туристік қызмет субъектілерінің талаптарына сәйкестігіне тексеру жүргізу үшін талаптардың бұзушылық дәрежелері айқындалады.»;
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«15. Осы Өлшемшарттардың 3-тармағына сәйкес бақылау субъектісін тәуекел дәрежесіне жатқызу үшін тәуекел дәрежесінің көрсеткішін есептеудің мынадай тәртібі қолданылады.
Астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы осы Өлшемшарттардың 11-тармағына сәйкес субъективті өлшемшарттар бойынша ақпарат көздерін жинайды және деректер базасын қалыптастырады.
Субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткішін (R) есептеу алдыңғы тексерулер мен бақылау (SP) субъектілеріне (объектілеріне) бару арқылы профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша осы Қағидалардың (SC) 13-тармағына сәйкес айқындалған субъективті өлшемшарттарға сәйкес бұзушылықтар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткішін қорытындылау жолымен, деректер мәндерін 0-ден 100 баллға дейінгі диапозонға қалыпқа келтіре отырып, автоматтандырылған режимде жүзеге асырылады.
Rарал = SP + SC , мұнда
Rарал – субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің аралық көрсеткіші,
SР – бұзушылықтар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші,
SC – осы Қағидалардың 13-тармағына сәйкес айқындалған субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші.
Есеп мемлекеттік бақылау мен қадағалаудың әрбір саласының бақылау және қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) біртекті тобының әрбір бақылау субъектісі (объектісі) бойынша жүргізіледі. Бұл ретте мемлекеттік бақылаудың бір саласының бақылау субъектілерінің (объектілерінің) біртекті тобына жатқызылатын, бағаланатын бақылау субъектілерінің (объектілерінің) тізбесі деректерді кейіннен қалыпқа келтіру үшін іріктеу жиынтығын (іріктемені) құрайды.»;
көрсетілген бірлескен бұйрыққа 2-қосымша осы бірлескен бұйрыққа 1 қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бірлескен бұйрыққа 3-қосымша осы бірлескен бұйрыққа 2 қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бірлескен бұйрыққа 4-қосымша осы бірлескен бұйрыққа 3 қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бірлескен бұйрыққа 5-қосымша осы бірлескен бұйрыққа 4 қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің интернет-ресурсында қолданысқа енгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бірлескен бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін бес жұмыс күні ішінде оны «Тексеру субьектілері мен обьектілерінің бірыңғай тізілімі» ақпараттық жүйесінде орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетіне жолдауды;
Тармақша 4
4) осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшалары орындалғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде ақпаратты Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Бас прокуратурасының
Құқықтық статистика және
арнайы есепке алу
жөніндегі комитеті
Басқа 1. Туристік операторға қатысты Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 138 - бабына сәйкес Қазақстан Республикасының туристік қызмет туралы заңнамасының сақталуына тексеру парағы
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
міндетін атқарушы
2026 жылғы 24 шілдедегі
№ 117 мен
Қазақстан Республикасы
туризм және спорт министрі
2026 жылғы 24 шілдедегі
№ 138 бірлескен бұйрығына
1-қосымша
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және
даму министрінің
2015 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1264 және
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
міндетін атқарушының
2015 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 842 бірлескен бұйрығына
2-қосымша
Туристік операторға қатысты Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 138 - бабына сәйкес Қазақстан Республикасының туристік қызмет туралы заңнамасының сақталуына тексеру парағы
_____________________________________________________________
бақылау субъектісінің (объектісінің) біртекті тобының атауы
Тексеруді/бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық
бақылауды тағайындаған мемлекеттік орган ___________________________
Тексеруді/бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық
бақылауды тағайындау туралы акт ____________________________ (№, күні)
Бақылау субъектісінің (объектісінің) атауы _____________________________
Бақылау субъектісінің (объектісінің) бизнес-сәйкестендіру нөмірі, (жеке
сәйкестендіру нөмірі) _______________________________________________
Орналасқан жерінің мекенжайы ______________________________________
№
Талаптар тізбесі
Талаптарға сәйкес келеді
Талаптарға сәйкес келмейді
1
2
3
4
1.
Туристік қызмет көрсетуге жасалған жазбаша шартының болуы
2.
Туристік өнімді өткізуге арналған агенттік шартының болуы
3.
Туристерге уақытша болатын елге (жерге) бару, шығу және сонда болу қағидалары туралы, заңнама туралы, жергілікті халықтың салт-дәстүрлері туралы, діни әдет-ғұрып, қасиетті орындар, табиғи, тарихи, мәдени ескерткіштер және туристерге көрсетілетін, ерекше қорғаудағы басқа да объектілер, қоршаған ортаның жай-күйі туралы, сондай-ақ саяхат жасаған кезде тап болуы мүмкін қауіптер туралы қажетті және дұрыс ақпаратты қамтитын саяхаттың ерекшеліктері туралы мәліметтерді уақтылы бергені және туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған алдын алу шараларын жүзеге асыру туралы жазбаша растаудың болуы
4.
Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесі әкімшісіне шарттың түпнұсқасын не нотариат куәландырған көшірмесін ұсына отырып, Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесі әкімшісінің не Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесінің әкімшісі айқындаған үшінші тұлғаның пайдасына банк кепілдігімен қамтамасыз етілген ақшаны төлеуді көздейтін, Қазақстан Республикасының банк заңнамасына сәйкес екінші деңгейдегі банкпен банктік кепілдік жасасқан шартының болуы
5.
Арнайы шотқа туроператор немесе туроператор-әуе кемесімен жалданушы қалыптастырған және турагент Қазақстан Республикасының азаматына өткізген әрбір туристік өнімнен 0,5 айлық есептік көрсеткіш сомада ақшаны аударғандығын куәландыратын, төлем құжатының болуы
6.
Туристті міндетті сақтандыру шартының болуы
7.
Туристік қызмет саласындағы уәкілетті органға және азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органға, сондай-ақ туристің отбасына саяхат кезінде туристпен болған төтенше жағдай туралы білген немесе білуге тиіс кезден бастап ақпараттың уақтылы берілгені туралы растаудың болуы
Лауазымдық тұлға (лар) ________________________________________
(лауазымы) (қолы) (тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда)
Тексерілетін субъектінің басшысы
_____________________________________________________________
(лауазымы) (қолы) (тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда)
Басқа 2. Туристік агентке қатысты Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 138 - бабына сәйкес Қазақстан Республикасының туристік қызмет туралы заңнамасының сақталуына тексеру парағы
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
міндетін атқарушы
2026 жылғы 24 шілдедегі
№ 117 мен
Қазақстан Республикасы
туризм және спорт министрі
2026 жылғы 24 шілдедегі
№ 138 бірлескен бұйрығына
2-қосымша
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және
даму министрінің
2015 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1264 және
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
міндетін атқарушының
2015 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 842 бірлескен бұйрығына
3-қосымша
Туристік агентке қатысты Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 138 - бабына сәйкес Қазақстан Республикасының туристік қызмет туралы заңнамасының сақталуына тексеру парағы
_________________________________________________________________
бақылау субъектісінің (объектісінің) біртекті тобының атауы
Тексеруді/бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық
бақылауды тағайындаған мемлекеттік орган ___________________________
Тексеруді/бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық
бақылауды тағайындау туралы акт ___________________________ (№, күні)
Бақылау субъектісінің (объектісінің) атауы _____________________________
Бақылау субъектісінің (объектісінің) (жеке сәйкестендіру нөмірі), бизнес-
сәйкестендіру нөмірі _______________________________________________
Орналасқан жерінің мекен-жайы _____________________________________
№
Талаптар тізбесі
Талаптарға сәйкес келеді
Талаптарға сәйкес келмейді
1
2
3
4
1.
Туристік қызмет көрсетуге жасалған жазбаша шартының болуы
2.
Туристік өнімді өткізуге арналған агенттік шарттың болуы
3.
Туристерге уақытша болатын елге (жерге) бару, шығу және сонда болу қағидалары ережелері туралы, заңнамасы туралы, жергілікті халықтың салт-дәстүрлері туралы, діни әдет-ғұрпы, қасиетті орындар, табиғи, тарихи, мәдени ескерткіштер және туристерге көрсетілетін, ерекше қорғаудағы басқа да объектілер, қоршаған ортаның жай-күйі туралы, сондай-ақ саяхат жасаған кезде тап болуы мүмкін қауіптер туралы қажетті және дұрыс ақпаратты қамтитын саяхаттың ерекшеліктері туралы мәліметтерді уақтылы бергені және туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған алдын алу шараларын жүзеге асыру туралы жазбаша растаудың болуы
4.
Туристік қызмет саласындағы уәкілетті органға және азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органға, сондай-ақ туристің отбасына саяхат кезінде туристпен болған төтенше жағдай туралы білген немесе білуге тиіс кезден бастап ақпараттың уақтылы берілгені туралы растаудың болуы
Лауазымдық тұлға (лар) ___________________________________________
(лауазымы) (қолы) (тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда)
Тексерілетін субъектінің басшысы
________________________________________________________________
(лауазымы) (қолы) (тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда)
Басқа 3. Гидке, экскурсия жүргізушіге, туризм нұсқаушысына қатысты Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 138 - бабына сәйкес Қазақстан Республикасының туристік қызмет туралы заңнамасының сақталуына тексеру парағы
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
міндетін атқарушы
2026 жылғы 24 шілдедегі
№ 117 мен
Қазақстан Республикасы
туризм және спорт министрі
2026 жылғы 24 шілдедегі
№ 138 бірлескен бұйрығына
3-қосымша
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және
даму министрінің
2015 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1264 және
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
міндетін атқарушының
2015 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 842 бірлескен бұйрығына
4-қосымша
Гидке, экскурсия жүргізушіге, туризм нұсқаушысына қатысты Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 138 - бабына сәйкес Қазақстан Республикасының туристік қызмет туралы заңнамасының сақталуына тексеру парағы
__________________________________________________________________
бақылау субъектісінің (объектісінің) біртекті тобының атауы
Тексеруді/бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық
бақылауды тағайындаған мемлекеттік орган ___________________________
Тексеруді/бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық
бақылауды тағайындау туралы акт ____________________________ (№, күні)
Бақылау субъектісінің (объектісінің) атауы ______________________________
Бақылау субъектісінің (объектісінің) бизнес-сәйкестендіру нөмірі, (жеке
сәйкестендіру нөмірі) _______________________________________________
Орналасқан жерінің мекенжайы ______________________________________
№
Талаптар тізбесі
Талаптарға сәйкес келеді
Талаптарға сәйкес келмейді
1
2
3
4
1.
Қазақстан Республикасы азаматтығының, сондай-ақ туризм саласындағы даярлықтан өткені туралы сертификаттың болуы
2.
Туристерге уақытша болатын елге (жерге) бару, шығу және сонда болу қағидалары ережелері туралы, заңнамасы туралы, жергілікті халықтың салт-дәстүрлері туралы, діни әдет-ғұрпы, қасиетті орындар, табиғи, тарихи, мәдени ескерткіштер және туристерге көрсетілетін, ерекше қорғаудағы басқа да объектілер, қоршаған ортаның жай-күйі туралы, сондай-ақ саяхат жасаған кезде тап болуы мүмкін қауіптер туралы қажетті және дұрыс ақпаратты қамтитын саяхаттың ерекшеліктері туралы мәліметтерді уақтылы бергені және туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған алдын алу шараларын жүзеге асыру туралы жазбаша растаудың болуы
3.
Туристік қызмет саласындағы уәкілетті органға және азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органға, сондай-ақ туристің отбасына саяхат кезінде туристпен болған төтенше жағдай туралы білген немесе білуге тиіс кезден бастап ақпараттың уақтылы берілгені туралы растаудың болуы
Лауазымдық тұлға (лар)
___________________________________________________________________
(лауазымы) (қолы) (тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда)
Тексерілетін субъектінің басшысы
___________________________________________________________________
(лауазымы) (қолы) (тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда)
Басқа 4. Туристік операторға, туристік агентке, гидке, экскурсия жүргізушіге, туризм нұсқаушысына қатысты Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 138 - бабына сәйкес Қазақстан Республикасының туристік қызмет туралы заңнамасының сақталуына тексеру парағы
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
міндетін атқарушы
2026 жылғы 24 шілдедегі
№ 117 мен
Қазақстан Республикасы
туризм және спорт министрі
2026 жылғы 24 шілдедегі
№ 138 бірлескен бұйрығына
4-қосымша
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және
даму министрінің
2015 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1264 және
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
міндетін атқарушының
2015 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 842 бірлескен бұйрығына
5-қосымша
Туристік операторға, туристік агентке, гидке, экскурсия жүргізушіге, туризм нұсқаушысына қатысты Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 138 - бабына сәйкес Қазақстан Республикасының туристік қызмет туралы заңнамасының сақталуына тексеру парағы
__________________________________________________________________
бақылау субъектісінің (объектісінің) біртекті тобының атауы
Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган______________________________
Тексеруді тағайындау туралы акт_______________________________(№, күні)
Бақылау субъектісінің (объектісінің) атауы ______________________________
Бақылау субъектісінің (объектісінің) бизнес-сәйкестендіру нөмірі, (жеке
сәйкестендіру нөмірі) ________________________________________________
Орналасқан жерінің мекенжайы _______________________________________
№
Талаптар тізбесі
Талаптарға сәйкес келеді
Талаптарға сәйкес келмейді
1
2
3
4
Туристік оператор қызметіне
1.
Туристік операторлық қызметке лицензияның болуы
2.
Қалыптастырған туристік өнімнің болуы
3.
Еңбек өтілі бір жылдан кем емес, туристік білімі бар, кемінде бір қызметкердің болуы
4.
Жеке меншік құқығындағы немесе өзгеде заңды негіздегі кеңсеге арналған үй-жайдың болуы
Туристік агент қызметіне
1.
Туристік агенттік қызметтің басталғаны туралы хабарламаның болуы
Гид, экскурсия жүргізушісі, туризм нұсқаушысы қызметіне
1.
Гидтің, экскурсия жүргізушінің, туризм нұсқаушысының қызметін жүзеге асырудың басталғаны туралы хабарламаның болуы
Лауазымдық тұлға (лар)
_______________________________________________________________
(лауазымы) (қолы) (тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда)
Тексерілетін субъектінің басшысы
_______________________________________________________________
(лауазымы) (қолы) (тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда)