Құжат мәтініне өту

О внесении изменения в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 29 декабря 2015 года № 1265 «Об утверждении Правил выдачи ходатайства на получение инвесторской визы для лиц, являющихся нерезидентами Республики Казахстан и осуществляющих инвестиционную деятельность на территории Республики Казахстан»

Бұйрық · № 11-1-4/573 · қабылданған 30.09.2025
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/29-2015-no-1265/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменения в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 29 декабря 2015 года № 1265 «Об утверждении Правил выдачи ходатайства на получение инвесторской визы для лиц, являющихся нерезидентами Республики Казахстан и осуществляющих инвестиционную деятельность на территории Республики Казахстан» Қолданыста Бұйрық ·№ 11-1-4/573 ·30.09.2025
30.09.2025 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.09.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 29 декабря 2015 года № 1265 «Об утверждении Правил выдачи ходатайства на получение инвесторской визы для лиц, являющихся нерезидентами Республики Казахстан и осуществляющих инвестиционную деятельность на территории Республики Казахстан»

Қолданыста Бұйрық ·№ 11-1-4/573 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 29 декабря 2015 года № 1265 «Об утверждении Правил выдачи ходатайства на получение инвесторской визы для лиц, являющихся нерезидентами Республики Казахстан и осуществляющих инвестиционную деятельность на территории Республики Казахстан»
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасының бейрезиденті болып табылатын және Қазақстан Республикасының аумағында инвестициялық қызметті жүзеге асыратын тұлғалар үшін инвесторлық виза алуға өтінішхатты беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 1265 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
11-1-4/573
Қабылданған күні
30.09.2025
Қолданысқа енгізілген күні
01.01.2026
Көрсетілген редакция
30.09.2025 214968_783514.kaz
Соңғы өзгеріс
30.09.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2500036996
ЭКБ идентификаторы
214968
Редакция идентификаторы
214968_783514
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 01:52

0

«Қазақстан Республикасының бейрезиденті болып табылатын және Қазақстан Республикасының аумағында инвестициялық қызметті жүзеге асыратын тұлғалар үшін инвесторлық виза алуға өтінішхатты беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1265 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Қазақстан Республикасының бейрезиденті болып табылатын және Қазақстан Республикасының аумағында инвестициялық қызметті жүзеге асыратын тұлғалар үшін инвесторлық виза алуға өтінішхатты беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 1265 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13039 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының бейрезиденті болып табылатын және Қазақстан Республикасының аумағында инвестициялық қызметті жүзеге асыратын тұлғалар үшін инвесторлық визаны алуға өтінішхатты беру қағидаларында:
көрсетілген қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасының бейрезиденті болып табылатын және Қазақстан Республикасының аумағында инвестициялық қызметті жүзеге асыратын тұлғалар үшін инвесторлық виза алуға өтінішхатты беру қағидаларын бекіту туралы» мемлекеттік көрсетілетін қызметке қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде:
реттік нөмірі 8-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
8.
Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі
1) заңды тұлғалар үшін:
инвесторлық визаны алуға мәлімделген тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың мемлекеттік немесе орыс тілінде нотариалды куәландырылған аудармасы бар электронды көшірмесі;
көрсетілетін қызметті алушы жарғысының мемлекеттік немесе орыс тілінде нотариалды куәландырылған аудармасы бар электронды көшірмесі;
осы Қағидалардың 3-тармағына сәйкес тұлғаның лауазымын растайтын құжаттың электронды көшірмесі;
өтінім беруге дейінгі соңғы 36 (отыз алты) айды алғанда көрсетілетін қызметті алушының инвестициялық жобаға инвестиция салу фактісін растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ресімделген бастапқы есепке алу құжаттары;
Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес ресімделген шот-фактуралар;
«Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес ресімделген кедендік декларациялар);
көрсетілетін қызметті алушыда мемлекеттік органдардың немесе квазимемлекеттік сектор субъектілерінің көрсетілетін қызметті алушының инвестициялық жобаны Қазақстан Республикасының аумағында іске асырғанын растайтын ұсынымдары болған жағдайда қосымша ұсынылады;
2) жеке тұлғалар үшін:
инвесторлық визаны алуға мәлімделген тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың мемлекеттік немесе орыс тілінде нотариалды куәландырылған аудармасы бар электронды көшірмесі;
өтінім беруге дейінгі соңғы 12 (он екі) айды алғанда көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) және 300 (үш жүз) мыңға баламалы АҚШ долларынан астам Қазақстан Республикасының экономикасына салынған инвестициялар сомасы көрсетілген инвестиция салу фактісін растайтын құжаттардың көшірмесі (10 (он) жылдан асатын эмиссиялық бағалы қағаздарды ұстаушының шотынан үзінді немесе мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) анықтамасы қоса берілген мемлекеттік немесе орыс тілінде нотариалды куәландырылған аудармасы бар жарғылық капиталды толықтыру жөнінде жарғыдан үзінді ұсынады).
».

2 2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Инвестиция комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын;

3

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

«Келісілді»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
«Келісілді»
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрлігі
«Келісілді»
Қазақстан Республикасының
Жасанды интеллект және цифрлық
даму министрлігі
«Келісілді»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі

Қолданыстағы