Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 29 декабря 2015 года № 1267 «Об утверждении Правил пользования автомобильными дорогами, дорогами оборонного значения»

Бұйрық · № 85 · қабылданған 21.11.2023
Заңдық күші: Қолданыста · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/29-2015-no-1267/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 29 декабря 2015 года № 1267 «Об утверждении Правил пользования автомобильными дорогами, дорогами оборонного значения» Қолданыста Бұйрық ·№ 85 ·21.11.2023
21.11.2023 редакциясы
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.11.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 29 декабря 2015 года № 1267 «Об утверждении Правил пользования автомобильными дорогами, дорогами оборонного значения»

Қолданыста Бұйрық ·№ 85 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 29 декабря 2015 года № 1267 «Об утверждении Правил пользования автомобильными дорогами, дорогами оборонного значения»
Атауы (қаз.)
«Автомобиль жолдарын, қорғаныстық маңызы бар жолдарды пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 1267 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
85
Қабылданған күні
21.11.2023
Көрсетілген редакция
21.11.2023 188702_667845.kaz
Соңғы өзгеріс
21.11.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2300033666
ЭКБ идентификаторы
188702
Редакция идентификаторы
188702_667845
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 15:33

0 «Автомобиль жолдарын, қорғаныстық маңызы бар жолдарды пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 1267 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Автомобиль жолдарын, қорғаныстық маңызы бар жолдарды пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 1267 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 13524 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Автомобиль жолдарын, қорғаныстық маңызы бар жолдарды пайдалану қағидаларында:
1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-тарау. Жалпы ережелер»;
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«2-тарау. Автомобиль жолдарын, қорғаныстық маңызы бар жолдарды пайдалану тәртібі»;
3-тармақтың 9) және 10) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«9) ақы алу пунктінде, ол бар болған жағдайда, ақылы учаскелер бойынша жол жүру ақысын төлейді және/немесе автокөлік құралының дербес шотында немесе мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісінің шотында ақша қаражаты болған кезде бақылау аркаларында есептен шығарады;
10) төлеу тәсілдері және (немесе) көлік құралының техникалық сипаттамалары бойынша сараланған, орнатылған ақпараттық таблоға сәйкес көлік құралдарының тиісті жол жүру белдеуі бойынша жүріп өтуді жүзеге асырады, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Ұлттық оператор немесе автомобиль жолдарын өзге басқарушылар белгілеген жылдамдық режимін және жүріп өту қашықтығын сақтайды.»;
4-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерімен бірігіп автовокзалдардың, ұйымдардың кезекші-диспетчерлік қызметтеріне, сондай-ақ жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның көрші облыстардағы аумақтық бөлімшелеріне және шекаралас мемлекеттердiң төтенше жағдайлар бойынша мемлекеттiк органдарына олардың салдарының алдын алу және оларды жою бойынша жедел шараларды қолдануы және көмек көрсетуі үшін хабарлайды;»;
5-тармақта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) жол иелерінің тиісті келісімінсіз, сондай-ақ «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен және «Хабарламалар нысандарын және Мемлекеттік органдардың хабарламаларды қабылдау қағидаларын бекіту туралы, сондай-ақ хабарламаларды қабылдауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 6 қаңтардағы № 4 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10194 болып тіркелген) сәйкес мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыратын органдарды хабардар етпей, жөндеу және құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізуге;»;
13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«13) «Халықаралық және республикалық маңызы бар ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын байланыс және электр беру арналарының, желілерінің, мұнай құбырларының, газ құбырларының, су құбырларының және теміржолдардың, басқа да инженерлік желілердің, коммуникациялардың кесіп өтуін жобалау үшін, сондай-ақ кiрме жолдарды және халықаралық және республикалық маңызы бар ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарына жалғасатын жолдарды салу үшін техникалық шартты беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 15 мамырдағы № 292 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20658 болып тіркелген) сәйкес қандай да болсын коммуникацияларды (мұнай құбыры, су құбыры, байланыс және электр беру желілері, газ құбыры, кәріз төсеу) топырақ төсеміне, сондай-ақ көпірдің және жол өткелінің астына салуға жол берілмейді.».

2 2. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Көлік вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігі

Қолданыстағы