Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнения в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 29 июня 2015 года № 15-02/584 «Об утверждении фитосанитарных нормативов, форм фитосанитарного учета, а также Правил их представления»

Бұйрық · № 318 · қабылданған 28.08.2023
Заңдық күші: Қолданыста · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/29-2015-no-15-02584-ekb-185677/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнения в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 29 июня 2015 года № 15-02/584 «Об утверждении фитосанитарных нормативов, форм фитосанитарного учета, а также Правил их представления» Қолданыста Бұйрық ·№ 318 ·28.08.2023
28.08.2023 редакциясы
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.08.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнения в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 29 июня 2015 года № 15-02/584 «Об утверждении фитосанитарных нормативов, форм фитосанитарного учета, а также Правил их представления»

Қолданыста Бұйрық ·№ 318 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнения в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 29 июня 2015 года № 15-02/584 «Об утверждении фитосанитарных нормативов, форм фитосанитарного учета, а также Правил их представления»
Атауы (қаз.)
«Фитосанитариялық нормативтерді, фитосанитариялық есепке алу нысандарын, сондай-ақ оларды ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 15-02/584 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
318
Қабылданған күні
28.08.2023
Көрсетілген редакция
28.08.2023 185677_653396.kaz
Соңғы өзгеріс
28.08.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2300033363
ЭКБ идентификаторы
185677
Редакция идентификаторы
185677_653396
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 17:05

0 «Фитосанитариялық нормативтерді, фитосанитариялық есепке алу нысандарын, сондай-ақ оларды ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 15-02/584 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Фитосанитариялық нормативтерді, фитосанитариялық есепке алу нысандарын, сондай-ақ оларды ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 15-02/584 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11913 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген фитосанитариялық нормативтерде:
мынадай мазмұндағы 151-1-тармақпен толықтырылсын:
«
151-1
Ша­бын­дық кө­бе­ле­гі
жұл­дыз­құрт­тар
ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы да­қыл­да­ры
өс­кін­дер, жас өсім­дік­тер
1 шар­шы метр­ге 5-10 жұл­дыз­құрт
ве­ге­та­ци­я­лық ке­зе­ңі
1 шар­шы метр­ге 20 жұл­дыз­құрт
»;
153-тармақ алып тасталсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Фитосанитариялық есепке алу нысандарын ұсыну қағидаларында:
5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Фитосанитариялық есепке алу субъектілері фитосанитариялық есепке алуды жүргізеді және Комитеттің аудандық аумақтық бөлімшелеріне (бұдан әрі – аудандық инспекция) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес нысандар бойынша пестицидтерді, биоагенттерді өндіру, өткізу, қолдану, қозғалысы, сақтау, залалсыздандыру орны бойынша фитосанитариялық есептілікті ұсынады.
6. Әкімшілік деректерді жинауға арналған фитосанитариялық есепке алу нысандарын фитосанитариялық есепке алу субъектілері аудандық инспекцияларға есептердің мынадай түрлері бойынша және мерзімдерде ұсынады:
1) пестицидтерді, биоагенттерді өндіру және (немесе) өткізу туралы есеп, жылына екі рет, есепті жылдан кейінгі тиісті жылдың 10 шілдесіне дейін және 10 қаңтарына дейін;
2) пестицидтердің, биоагенттердің қозғалысы туралы есеп, жылына екі рет, есепті жылдан кейінгі тиісті жылдың 10 шілдесіне дейін және 10 қаңтарына дейін;
3) пестицидтерді, биоагенттерді сақтау туралы есеп жыл сайын, есепті жылдан кейінгі тиісті жылдың 10 қаңтарына дейін;
4) химиялық өңдеулер жүргізуі туралы есеп ай сайын, наурыздан қыркүйекке дейін, есепті айдан кейінгі айдың 10-күніне дейін;
5) тыйым салынған және жарамсыз болып қалған пестицидтерді және олардың ыдыстарын, сондай-ақ пайдаланылған пестицидтердің ыдыстарын залалсыздандыру жөніндегі есеп жыл сайын, есепті жылдан кейінгі тиісті жылдың 10 қаңтарына дейін.»;
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Фитосанитариялық есепке алу нысандарын аудандық инспекцияның мемлекеттік инспекторы облыстық инспекцияларға есептердің мынадай түрлері бойынша және мерзімдерде ұсынады:
1) пестицидтерді, биоагенттерді өндіру және (немесе) өткізу туралы есеп, жылына екі рет, есепті жылдан кейінгі тиісті жылдың 15 шілдесіне дейін және 15 қаңтарына дейін;
2) пестицидтердің, биоагенттердің қозғалысы туралы есеп, жылына екі рет, есепті жылдан кейінгі тиісті жылдың 15 шілдесіне дейін және 15 қаңтарына дейін;
3) пестицидтерді, биоагенттерді сақтау туралы есеп, жыл сайын, есепті жылдан кейінгі тиісті жылдың 15 қаңтарына дейін;
4) химиялық өңдеулерді жүргізу туралы есеп, ай сайын, наурыздан қыркүйекке дейін, есепті айдан кейінгі әр айдың 15-күніне дейін;
5) тыйым салынған, жарамсыз болып қалған пестицидтерді және олардан босаған ыдыстарды, сондай-ақ пайдаланылған пестицидтердің ыдыстарын залалсыздандыру жөніндегі есеп, жыл сайын, есепті жылдан кейінгі тиісті жылдың 15 қаңтарына дейін.»;
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«11. Фитосанитариялық есепке алу нысандарын облыстық инспекцияның мемлекеттік инспекторы Комитетке есептердің мынадай түрлері бойынша және мерзімдерде ұсынады:
1) пестицидтерді, биоагенттерді өндіру және (немесе) өткізу туралы есеп, жылына екі рет, есепті жылдан кейінгі тиісті жылдың 20 шілдесіне дейін және 20 қаңтарына дейін;
2) пестицидтердің, биоагенттердің қозғалысы туралы есеп, жылына екі рет, есепті жылдан кейінгі тиісті жылдың 20 шілдесіне дейін және 20 қаңтарына дейін;
3) пестицидтерді, биоагенттерді сақтау туралы есеп, жыл сайын, есепті жылдан кейінгі тиісті жылдың 20 қаңтарына дейін;
4) химиялық өңдеулер жүргізу туралы есеп, ай сайын, наурыздан қыркүйекке дейін, есепті айдан кейінгі әр айдың 20-күніне дейін;
5) тыйым салынған, жарамсыз болып қалған пестицидтерді және олардан босаған ыдыстарды, сондай-ақ пайдаланылған пестицидтердің ыдыстарын залалсыздандыру жөніндегі есеп, жыл сайын, есепті жылдан кейінгі тиісті жылдың 20 қаңтарына дейін.».

2 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау және
реформалар агенттігі
Ұлттық статистика бюросы
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі

Қолданыстағы