О внесении изменений в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 29 июня 2015 года № 15-08/590 "Об утверждении Правил по охране территории Республики Казахстан от карантинных объектов и чужеродных видов"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 29 июня 2015 года № 15-08/590 "Об утверждении Правил по охране территории Республики Казахстан от карантинных объектов и чужеродных видов"
- Атауы (қаз.)
- "Қазақстан Республикасының аумағын карантиндік объектілерден және бөтен текті түрлерден қорғау жөніндегі қағидаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 15-08/590 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 285
- Қабылданған күні
- 27.06.2016
- Көрсетілген редакция
- 27.06.2016 105539_124092.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 27.06.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1600014107
- ЭКБ идентификаторы
- 105539
- Редакция идентификаторы
- 105539_124092
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 08:36
0 «Қазақстан Республикасының аумағын карантиндік объектілерден және бөтен текті түрлерден қорғау жөнiндегi қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 15-08/590 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Қазақстан Республикасының аумағын карантиндiк объектiлерден және бөтен тектi түрлерден қорғау жөнiндегi қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 15-08/590 бұйрығына (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12032 болып тіркелген, 2015 жылғы 30 қазанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағын карантиндік объектілерден және бөтен текті түрлерден қорғау жөніндегі қағидаларда:
23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«23. Фитосанитариялық сертификатты карантинге жатқызылған өнімді зерттеген өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспектор береді және оның қолтаңбасы мен осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мөрмен (мөртабанмен) расталады.
Фитосанитариялық сертификат карантинге жатқызылған өнімнің әрбір партиясына беріледі және оның карантиндік жай-күйін куәландыруы тиіс, онда жүргізілген залалсыздандыру, импорттаушы елдің осы карантиндік өнімді жеткізу жөніндегі басқа қосымша карантиндік талаптарының орындалғаны туралы мәліметтер бар болуы тиіс.
Фитосанитариялық сертификат немесе оны беруден дәлелді бас тарту оны алуға өтінім берілген күннен бастап бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде ресімделеді.
Фитосанитариялық сертификатты беруден дәлелді бас тарту үшін мыналар негіз болып табылады:
1) өтінім иесінің фитосанитариялық сертификатты алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) өтінім иесінің және (немесе) фитосанитариялық сертификатты беру үшін қажетті ұсынылған материалдардың, карантинге жатқызылған өнімнің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) уәкілетті мемлекеттік органның фитосанитариялық сертификат беру үшін қажетті келісімі туралы сұрау салуға берілген теріс жауап, сондай-ақ фитосанитариялық сараптаудың, зерттеудің немесе тексеріп қараудың теріс қорытындысы;
4) өтінім иесіне қатысты оның қызметіне немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің), сондай-ақ өтінім иесінің фитосанитариялық сертификатты алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылу туралы соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы;
5) межелі орны бойынша мемлекеттің уәкілетті органының лауазымды тұлғасына карантинге жатқызылған өнімді бірнеше рет (2 немесе одан да көп) хабарламауы немесе ұсынбауы.»;
11-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Тамақ қауіпсіздігі департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға, сондай-ақ бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
3 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Ақпарат және коммуникациялар министрі
____________Д. Абаев
2016 жылғы 30 маусым
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
____________Б. Сұлтанов
2016 жылғы 29 маусым
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
______________ Қ. Бишімбаев
2016 жылғы 14 шілде
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрі
____________ Қ. Бозымбаев
2016 жылғы 11 шілде
1 Өсімдіктер карантині бойынша бақылау жүргізу туралы акті
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің
2016 жылғы 27 маусымдағы
№ 285 бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасының
аумағын карантиндік объектілерден
және бөтен текті түрлерден
қорғау жөніндегі қағидаларға
11-қосымша
Нысан
Өсімдіктер карантині бойынша бақылау жүргізу туралы акті
Мен, ______________________________________ өсімдіктер карантині жөніндегі
мемлекеттік инспектор «Өсімдіктер карантині туралы» 1999 жылғы 11 ақпандағы
Қазақстан Республикасы Заңының, 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан
Республикасы Кәсіпкерлік Кодексінің және Қазақстан Республикасының аумағын
карантиндік объектілерден және бөтен текті түрлерден қорғау жөніндегі
қағидалардың негізінде карантиндік іс-шаралардың орындалуына тексеру
жүргіздім__________________________________________________________________
(заңды тұлғаның атауы немесе жеке тұлғаның тегі,
___________________________________________________________________________
аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)).
1. Тексеру барысында анықталды (қандай мерзімде және қандай құжаттар бойынша
тексерілгенін және не анықталғанын көрсету қажет)___________________________
____________________________________________________________________________
2. Тексеру нәтижесі бойынша қорытынды және өсімдіктер карантині жөніндегі
мемлекеттік инспектордың нұсқамасы (орындалуы міндетті іс-шараны, мерзімін,
орындауға жауапты адамдарды көрсету қажет) _________________________________
____________________________________________________________________________
Акт 2 данада жасалды – оның біріншісі заңды немесе жеке тұлға өкіліне
беріледі, екіншісі өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспектордың
тапсырмасын және нұсқамасын орындауды тексергеннен кейін карантиндік
инспектордың ісінде қалады, орындалмаған жағдайда хаттама толтырылады.
Өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспектор________________________
Актінің бірінші данасын алдым
Иесі (өкілі)________________________________
Күні ______________
Өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспектор нұсқамасының
орындалуын тексеру нәтижесі
Тексеру жүргізілді_______________________________________, иесінің (өкілінің)
қатысуымен __________________________________________________________________
(лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда))
Тексеруде анықталды (тапсырмалардың орындалуы (орындалмауы):_________________
_____________________________________________________________________________
Өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспектор_________________________
_____________________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда))
Иесі (өкілі) ________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда))