О внесении изменений и дополнений в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 29 июня 2015 года № 15-08/590 «Об утверждении Правил по охране территории Республики Казахстан от карантинных объектов и чужеродных видов»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 29 июня 2015 года № 15-08/590 «Об утверждении Правил по охране территории Республики Казахстан от карантинных объектов и чужеродных видов»
- Атауы (қаз.)
- «Қазақстан Республикасының аумағын карантиндiк объектiлерден және бөтен тектi түрлерден қорғау жөнiндегi қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 15-08/590 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 8
- Қабылданған күні
- 10.01.2018
- Көрсетілген редакция
- 10.01.2018 121565_320216.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 10.01.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1800016790
- ЭКБ идентификаторы
- 121565
- Редакция идентификаторы
- 121565_320216
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 02:07
0 «Қазақстан Республикасының аумағын карантиндiк объектiлерден және бөтен тектi түрлерден қорғау жөнiндегi қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 29 маусымдағы
№ 15-08/590 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
«Өсімдіктер карантині туралы» 1999 жылғы 11 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 1-тармағының 7) тармақшасына және «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. «Қазақстан Республикасының аумағын карантиндiк объектiлерден және бөтен тектi түрлерден қорғау жөнiндегi қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы
29 маусымдағы № 15-08/590 бұйрығына (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12032 болып тіркелген, 2015 жылғы
30 қазанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағын карантиндiк объектiлерден және бөтен тектi түрлерден қорғау жөнiндегi қағидаларда (одан әрі - Қағидалар):
2-тармақ мынадай мазмұндағы 13-1) тармақшасымен толықтырылсын:
«13-1) мөртаңба – өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспектормен немесе автомобиль өткізу пункттеріндегі уәкілетті адам қолтаңбасын және осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша келу орындары мен жеткізу орындарында жүргізілген карантиндік фитосанитариялық бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру нәтижелері бойынша қабылданған шешімді растау үшін карантиндік, фитосанитариялық сертификаттарда, көліктік (тасымал) құжаттарда және карантиндік фитосанитариялық бақылау және қадағалау актілеріне қоятын мөр;»;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Карантинге жатқызылған өнім, сондай-ақ көлік құралдары, «Өздеріне қатысты өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шаралар белгіленетін және жүзеге асырылатын карантинді объектілер мен бөтен текті түрлердің тізбесін және аса қауiптi зиянды организмдер тiзбесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 4-4/282 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде
№ 11739 болып тіркелген) бекітілген карантиндік объектілердің және бөтен текті түрлердің тізбесіне сәйкес карантиндік объектілерден және бөтен текті түрлерден таза күйінде әкелінеді.
Фитосанитариялық бақылау бекеттерінде әкелінетін, әкетілетін және транзиттік карантинге жатқызылған өнімге бастапқы карантиндік фитосанитариялық бақылау және қадағалау жүргізіледі.
Карантинге жатқызылған өнімнің межелі пункттерінде екінші карантиндік фитосанитариялық бақылау және қадағалау жүргізіледі.
Карантиндік фитосанитариялық бақылау немесе қадағалау жүргізу кезінде үлгілер іріктеп алынады, қажет болған кезде Заңның 7-бабы
1-тармағының 24) тармақшасына сәйкес аумақтың фитосанитариялық сипаттамасын және карантинге жатқызылған өнімнің шыққан жерін, межелі пунктін, сондай-ақ карантиндік объектілерден таза немесе олар аз таралған аймақтарды есепке ала отырып, оларға зертханалық сараптама жүргізіледі.
Морфологиялық белгілері бойынша карантиндік объектілерге, бөтен текті түрлерге, өсімдік ауруларының белгілеріне ұқсас организмдер, карантинге жатқызылған өнімнің карантиндік объектілермен және бөтен текті түрлермен зақымдану белгілері анықталған жағдайда үлгілер өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспектормен зиянкестердің, өсімдік ауруларының және арамшөптердің түрлік құрамын анықтау үшін зертханалық сараптамаға жіберіледі және бұл өнімді пайдалану шарттары туралы жазбасы бар карантиндік фитосанитариялық бақылау мен қадағалау бойынша актісі жасалады.
Іріктелген үлгілерді тасымалдау үшін тиісті сыйымдылығы, герметикалық жабылатын тығыны немесе қақпағы бар шыны немесе синтетикалық материалдардан жасалған ыдыстар не полимерлі материалдардан жасалған пакеттер не пергамент қағазы қолданылады.
Өнімнің үлгісімен түйісетін орауға арналған материалдар су өткізбейтін және майға төзімді, ерімейтін және сіңірмейтін, іріктелген үлгінің бүтіндігін қамтамасыз ететін болуы тиіс.
Зерттеу үшін іріктелген сынамаларды құрғақ таза шыны, полиэтиленді ыдысқа, біржолғы түтіктерге немесе полиэтиленнен, қағаздан жасалған қаптарға салады.
Шыны, полиэтиленді ыдыстарды, түтіктерді, қаптарды пергамент қағазға орайды, жіппен байлайды немесе тығыз бекітіп тастайды. Әр үлгі мөрленеді.
Мөрлегеннен кейін өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспектор карантиндік зертханаға тасымалдау кезінде олардың өзара араласуын, шашылуын және мөрдің бедерін бүлдірмей үлгілерге қол жеткізу мүмкіндігін болдырмау мақсатында үлгі оқшауланғанына, іріктелген сынамалар бүтіндігі қамтамасыз етілгеніне көз жеткізеді.
Әр үлгі осы Қағидаларға 1-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша, өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспектормен толтырылатын жапсырмамен (зерттеулердің соңына дейін сақталады) жабдықталады.»;
мынадай мазмұндағы 15-1-тармақпен толықтырылсын:
«15-1. Егер тасымалдаушы карантинге жатқызылған өнiмдi мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылау және қадағалау жүргізу үшін көрсетуден бас тартқан жағдайда, онда ол иесінің қаражаты есебiнен экспорттаушы елге қайтаруға жатады, ол туралы өсiмдiктер карантинi жөнiндегi мемлекеттiк инспектор осы Қағидаларға 2-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша карантинге жатқызылған өнімді қайтару актісін жасайды, уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерін, Қазақстан Республикасының шекара органдарын және мемлекеттік кіріс органдарын хабардар етедi.»;
21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«21. Жеке және заңды тұлғалар «электрондық үкіметтің» www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал), уәкiлеттi орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі не «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы фитосанитариялық сертификат алу үшiн мынадай құжаттар ұсынады:
1)осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiм;
2) жеке басын куәландыратын құжат және өтінім берушінің өкілдік ету өкілеттілігін куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі).
Уәкiлеттi орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі өтінімді қабылдаған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді. Ұсынылған құжаттардың толық болмауы фактісі анықталған жағдайда, уәкiлеттi орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі көрсетілген мерзімдерде өтінімді әрі қарай қараудан уәжді бас тарту береді.»;
22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«22. Әкетілетін карантинге жатқызылған өнiмнiң карантиндiк жай-күйiн өсiмдiктер карантинi жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлар тиеп-жөнелтудiң бастапқы орындарында және экспорттық партияларды қайта тиеу (қалыптастыру) кезiнде теңiз және өзен порттарында (айлақтарында), әуежайларда, темiржол станцияларында, пошта операторларының өндірістік объектілерінде, ішкі сауда объектілерінде, автовокзалдарда (автостанцияларда) және өзге де объектiлерде қайтадан белгiлейдi.
Морфологиялық белгілері бойынша карантиндік объектілерге ұқсас организмдер, өсімдіктер ауруларының белгілері, карантинге жатқызылған өнімдердің карантиндік объектілермен зақымдану белгілері анықталған кезде үлгілер зиянкестердің түрлік құрамын, өсімдіктер ауруларын және арамшөптерді анықтау үшін фитосанитариялық сараптамаға жіберіледі, олардың нәтижелері бойынша осы өнімді пайдалану шарттары туралы жазбасы бар карантиндік фитосанитариялық бақылау және қадағалау актісі жасалады.
Қайта тиеусiз әкету кезiнде шекаралық пунктте және фитосанитариялық бақылау бекетінде тиеп-жөнелту орнынан берiлген фитосанитариялық сертификаттың дұрыс ресiмделуiн ғана қадағалау жүзеге асырылады.»;
23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«23. Фитосанитариялық сертификатты карантинге жатқызылған өнімді зерттеген өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспектор береді және оның қолтаңбасы мен осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мөрмен (мөртаңбамен) расталады.
Фитосанитариялық сертификат карантинге жатқызылған өнімнің әрбір партиясына беріледі және оның карантиндік жай-күйін куәландыруы тиіс, онда жүргізілген залалсыздандыру, импорттаушы елдің осы өнімді жеткізу жөніндегі басқа қосымша карантиндік талаптарының орындалғаны туралы мәліметтер бар болуы тиіс.
Фитосанитариялық сертификат немесе оны беруден уәжді бас тарту оны алуға өтінім берілген күннен бастап бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде ресімделеді.
Фитосанитариялық сертификатты беруге арналған құжаттар Мемлекеттік корпорация арқылы қабылданған жағдайда, фитосанитариялық сертификаттарды Мемлекеттік корпорацияға уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі жолдайды.
Фитосанитариялық сертификатты беруден уәжді бас тарту үшін мыналар негіз болып табылады:
1) өтінім берушінің әкетілетін карантинге жатқызылған өнімді карантиндік жай-күйін айқындау үшін ұсынбауы;
2) импорттаушы елдің (экспорт кезінде) талаптарымен карантинге жатқызылған өнімде анықталған карантиндік объектілердің болуы рұқсат етілетін жағдайларды қоспағанда, карантинге жатқызылған өнімде карантиндік объектілердің анықталуы;
3) импорттаушы елдің (экспорт кезінде) талаптарына сәйкессіздіктің анықталуы;
4) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің уәкілетті органының лауазымды адамына карантинге жатқызылған өнімнің келуі туралы бірнеше рет (2 рет және одан көп) хабарламау және жете тексеруге ұсынбау, бұл межелі орынның өзгеру жағдайын қоспағанда, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің тиісті мемлекеттік уәкілетті органынан ақпарат алынғаннан кейін отыз күнтізбелік күн ішінде фитосанитариялық сертификатты беруден бас тартуға негіз болып табылады;
5) өтінім беруші фитосанитариялық сертификатты алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;
6) өтінім берушінің және (немесе) фитосанитариялық сертификатты беру үшін қажетті ұсынылған материалдардың, карантинге жатқызылған өнімнің, деректердің және мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
7) өтінім берушіге қатысты фитосанитариялық сертификатты алумен байланысты оның қызметіне немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің), болуы.»;
26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«26. Жеке және заңды тұлғалар портал не уәкiлеттi орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі арқылы келісім-хат алу үшiн мынадай құжаттар ұсынады:
1) осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім;
2) жеке басын куәландыратын құжат және өтінім берушінің өкілдік ету өкілеттілігін куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі).
Уәкiлеттi орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі өтінімді қабылдаған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді. Ұсынылған құжаттардың толық болмауы фактісі анықталған жағдайда, уәкiлеттi орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі көрсетілген мерзімдерде өтінімді әрі қарай қараудан уәжді бас тарту береді.»;
35, 36 және 37-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«35. Карантинге жатқызылған өнімді облысаралық тасымалдау уәкiлеттi орган ведомствосының аумақтық бөлімшесінің өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторы, Мемлекеттік корпорация беретін осы Қағидаларға
8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша карантиндік сертификаттар бар болғанда жүзеге асырылады.
Карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасының карантиндік аймақтарынан әкетуге карантиндік сертификаттар беруді уәкiлеттi орган ведомствосының аумақтық бөлімшесінің өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлары, Мемлекеттік корпорация жүргізеді.
Карантиндік сертификаттарды беруге арналған құжаттар Мемлекеттік корпорация арқылы қабылданған жағдайда, карантиндік сертификаттарды Мемлекеттік корпорация уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі жолдайды.
36. Жеке және заңды тұлғалар портал, уәкiлеттi орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі не Мемлекеттік корпорация арқылы карантиндік сертификат алу үшiн мынадай құжаттар ұсынады:
1) осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім;
2) жеке басын куәландыратын құжат және өтінім берушінің өкілдік ету өкілеттілігін куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі).
Уәкiлеттi орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі өтінімді қабылдаған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді. Ұсынылған құжаттардың толық болмауы фактісі анықталған жағдайда, уәкiлеттi орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі көрсетілген мерзімдерде өтінімді әрі қарай қараудан уәжді бас тарту береді.
37. Карантиндік сертификатты карантинге жатқызылған өнімді карантиндік фитосанитариялық бақылау және қадағалау актісі негізінде, карантинге жатқызылған өнімді карантиндік аймақтардан әкеткен жағдайда – карантинге жатқызылған өнімнің фитосанитариялық сараптамасы негізінде карантинге жатқызылған өнімді зерттеген өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспектор береді және оның қолтаңбасы мен мөрмен (мөртаңбамен) расталады.
Карантиндік сертификат карантинге жатқызылған өнімнің әрбір партиясына, осы өнімді жеткізу бойынша қосымша карантиндік талаптардың орындалғаны туралы мәліметтері көрсетіліп беріледі және оның карантиндік жай-күйін куәландырады.
Карантиндік сертификат немесе оны беруден уәжді бас тарту оны алуға өтінім берілген күннен бастап үш жұмыс күнінен аспайтын мерзімде ресімделеді.
Карантиндік сертификатты беруден бас тарту үшін мыналар негіз болып табылады:
1) өтінім берушінің карантинге жатқызылған өнімді карантиндік
жай-күйін айқындау үшін ұсынбауы;
2) қараөріктің шарка вирусы (Plum pox potyvirus) бар жемістер мен жидектерді, қалқаншалы және жалған қалқаншалы сымырлардың карантиндік түрлерін қоспағанда, карантинге жатқызылған өнімде карантиндік объектілердің анықталуы;
3) уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесінің өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторына карантинге жатқызылған өнімнің келуі туралы бірнеше рет (2 рет және одан көп) хабарламау және жете тексеруге ұсынбау, бұл межелі орынның өзгеру жағдайын қоспағанда, уәкілетті орган ведомствосының тиісті аумақтық бөлімшесінен ақпарат алынғаннан кейін отыз күнтізбелік күн ішінде карантиндік сертификатты беруден бас тартуға негіз болып табылады;
4) өтінім беруші карантиндік сертификатты алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;
5) өтінім берушінің және (немесе) карантиндік сертификатты алу үшін қажетті ұсынылған материалдардың, карантинге жатқызылған өнімнің, деректердің және мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
6) өтінім берушіге қатысты карантиндік сертификатты алумен байланысты оның қызметіне немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы.»;
39-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«39. Карантинге жатқызылған өнім иесі уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесін карантинге жатқызылған өнімнің келгені туралы кез келген қолжетімді әдіспен хабардар етеді және келген күннен кейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей межелі, жеткізу орнында карантиндік фитосанитариялық бақылау және қадағалауды жүзеге асыру үшін карантинге жатқызылған өнімді көрсетеді.
Егер тасымалдаушы өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік қадағалауды жүргізу үшін карантинге жатқызылған өнімді көрсетуден бас тартқан жағдайда, ол иесінің қаражаты есебінен жөнелтушіге қайтаруға жатады, ол туралы осы Қағидаларға 2-1-қосымшаға сәйкес карантинге жатқызылған өнімді қайтару актісі жасалады, бұл туралы өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспектор уәкілетті органның тиісті аумақтық бөлімшелерін хабардар етедi.»;
Қағидалар осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес 1-1-қосымшамен толықтырылсын;
Қағидалар осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес 2-1-қосымшамен толықтырылсын;
Қағидаларға 4-қосымша осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес мынадай редакцияда жазылсын;
Қағидаларға 9-қосымша осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес мынадай редакцияда жазылсын;
көрсетілген Қағидаларға 10-қосымша алып тасталсын.
2 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық және фитосанитариялық қауіпсіздік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесінің ресми жариялау және Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
3 3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;
4 4) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
5 5) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларда көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ақпарат және коммуникациялар
министрі
______________ Д. Абаев
2018 жылғы 2 сәуір
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрі
______________ Қ. Бозымбаев
2018 жылғы 19 наурыз
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
______________ Ж. Қасымбек
2018 жылғы 1 наурыз
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
______________ Б. Сұлтанов
2018 жылғы 1 ақпан
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
______________ Т. Сүлейменов
2018 жылғы 15 наурыз
1 Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары –
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2018 жылғы 10 қаңтардағы
№ 8 бұйрығына
1-қосымша
Қазақстан Республикасының
аумағын карантиндік объектілерден
және бөтен текті түрлерден
қорғау жөніндегі қағидаларға
1-1-қосымша
Нысан
Карантинге жатқызылған өнімнің шыққан жері/Происхождение подкарантинной
продукции______________________________________________________________________;
(ел, облыс, аудан/страна, область, район)
Өнімнің атауы/Наименование продукции___________________________________________
_______________________________________________________________________________;
Партия көлемі (салмағы, орын)/Объем партии (вес, мест)_________________________
_______________________________________________________________________________;
Карантинге жатқызылған өнімнің мақсаты/ Назначение подкарантинной продукции
_______________________________________________________________________________;
(өткізу, тұқымдық, отырғызылатын/реализация, семенной, посадочный )
Үлгілер іріктеу шарттары (температура, ылғалдылық, химиялық өңдеу)/ Условия
отбора образцов (температура, влажность, химическая обработка)
_______________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________;
Үлгінің көлемі (салмағы)/Объем (вес) образца___________________________________
_______________________________________________________________________________;
Жөнелтуші/Отправитель__________________________________________________________
_______________________________________________________________________________;
(заңды тұлғаның атауы немесе жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)/
наименование юридического или фамилия, имя, отчество (при наличии) физического
лица)
Алушы/Получатель_______________________________________________________________
_______________________________________________________________________________;
(фирма, шаруашылық/фирма, хозяйство)
Қосымша ақпарат (тікелей арналған немесе транзиттік жүк, қайта тиеу орны)/
Дополнительная информация (груз прямого назначение или транзитный, место
перегрузки)____________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________;
Үлгі иесінің (өкілдің) тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), әкесінің аты/фамилия,
имя, отчество (при наличии) собственника образца (представителя)_______________
_______________________________________________________________________________;
Қолы/Подпись_________________________;
Үлгіні іріктеп алған өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспектордың
тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)/фамилия, имя, отчество (при наличии)
государственного инспектора по карантину растений отобравшего образец
_______________________________________________________________________________;
Үлгі алынған күні/ Дата отбора образца_______________Қолы/Подпись______________;
Өсімдіктер карантині
жөніндегі мемлекеттік
инспектордың мөрі
немесе мөртаңбасы мөр орны/место печати
Печать или штамп
государственного инспектора по
карантину растений
Үлгіні қабылдаған зертхана маманы/специалист лаборатории принявший образец
_______________________________________________________________________________;
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)/фамилия, имя, отчество (при наличии))
Күні/Дата ___________________ Қолы/ Подпись____________________________________;
* Көрсетілген үлгі Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 29 маусымдағы № 15-08/590 бұйрығымен бекітілген Қазақстан
Республикасының аумағын карантиндiк объектiлерден және бөтен тектi түрлерден
қорғау жөнiндегi қағидалардың 8-тармағына сәйкес қайтарылады/*Указанный образец
возвращается в соответствии с пунктом 8. Правил по охране территории Республики
Казахстан от карантинных объектов и чужеродных видов утвержденных приказом
Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 29 июня 2015 года
№ 15-08/590____________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________;
Зертхана маманы/специалист лаборатории_________________________________________
_______________________________________________________________________________;
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)/фамилия, имя, отчество (при его наличии))
Күні/Дата ___________________Қолы/Подпись_________________________________;
Жапсырма көшірмесі
өсімдіктер карантині жөніндегі
мемлекеттік инспекторға берілді/
Копия этикетки вручена
государственному инспектору по
карантину растений_______________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)/фамилия, имя, отчество (при его наличии))
Күні/Дата ___________________ Қолы/Подпись_____________________________________;
*Ескертпе/*Примечание: үлгі қайтарылған жағдайда зертхана қызметкері толтырады/заполняется сотрудником лаборатории в случае возврата образца.
2 № ___ карантинге жатқызылған өнімді қайтару актісі
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары –
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2018 жылғы 10 қаңтардағы
№ 8 бұйрығына
2-қосымша
Қазақстан Республикасының
аумағын карантиндік объектілерден
және бөтен текті түрлерден
қорғау жөніндегі қағидаларға
2-1-қосымша
Нысан
________________________________________________________________________________
(өсімдіктер карантині жөніндегі уәкілетті орган ведомствосының аумақтық
бөлімшесінің немесе автомобиль өткізу пунктінің атауы)
№ ___ карантинге жатқызылған өнімді қайтару актісі
Осы актіні мемлекеттік инспектор_____________________________________________
_____________________________________________________________________________
теміржол станциясы (автомобиль өткізу пункті) өкілінің және (немесе) кеден және
шекара органдары өкілдерінің _________________________________________________
_____________________________________________________________қатысуымен жасады.
20__ жылғы «__»____________ _________________________________________________
вагондардың нөмірлері________________________________________________________
мөлшері__________ тонна/килограмм, __________________________________________
орын карантинге жатқызылған өнім ______________________________________түсті.
Жіберуші_____________________________________________________________________
Экспедитор __________________________________________________________________
Алушы________________________________________________________________________
Көрсетілген жүк «Өсімдіктер карантині туралы» 1999 жылғы 11 ақпандағы
Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 5-тармағына сәйкес_________________
___________________________________________________себебі бойынша қайтарылды
Өсімдіктер карантині жөніндегі
мемлекеттік инспектор немесе автомобиль
өткізу пунктіндегі уәкілетті адам________ _____________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
Актінің көшірмесі берілді ________ ___________________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
20___ жылғы «__» ____________
3 Өтінім
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары –
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2018 жылғы 10 қаңтардағы
№ 8 бұйрығына
3-қосымша
Қазақстан Республикасының
аумағын карантиндік объектілерден
және бөтен текті түрлерден
қорғау жөніндегі қағидаларға
4-қосымша
Нысан
_________________________________
(өсімдіктер карантині жөніндегі уәкілетті орган
________________________________
ведомствосының аумақтық бөлімшесі)
_______________________________
(заңды тұлғаның толық атауы немесе жеке
________________________________
тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын
куәландыратын құжатта бар болса)
_________________________________
(бизнес сәйкестендіру нөмірі/жеке
сәйкестендіру нөмірі)
Өтінім
Қазақстан Республикасынан мынадай карантинге жатқызылған өнімді әкетуге
фитосанитариялық сертификат беруді сұраймын:
карантинге жатқызылған өнімнің атауы___________________________________________
_______________________________________________________________________________,
көлемі, оның сипаттамасы_______________________________________________________
_______________________________________________________________________________,
орын саны және орамасының сипаттамасы, айырым белгілері, таңбалануы____________
_______________________________________________________________________________;
* Өсімдіктердің ботаникалық атауы______________________________________________;
Жүк алушы, карантинге жатқызылған өнім жүк алушысының мекенжайы________________
_______________________________________________________________________________;
Карантинге жатқызылған өнімнің межелі орны_____________________________________
_______________________________________________________________________________;
Импорттаушы елдiң өсiмдiктер карантинi жөніндегі ұлттық қызметiнiң өсiмдiктер
карантинi саласындағы талабы___________________________________________________
_______________________________________________________________________________
Фитосанитариялық сертификаттың қосымша декларациясында көрсетілуі тиіс мәліметтер
_______________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________;
Залалсыздандыру жүргізілгені туралы мәліметтер:
фитосанитариялық талаптарда не келісімшартта (шартта) көзделген карантинге
жатқызылған өнімді залалсыздандыру тәсілі______________________________________
_______________________________________________________________________________,
карантинге жатқызылған өнімді залалсыздандыруды (фумигациялауды) жүргізу кезінде
пайдаланылған пестицидтің атауы________________________________________________
_______________________________________________________________________________,
карантинге жатқызылған өнімді залалсыздандыру (фумигациялауды) жүргізу кезіндегі
тұрақты экспозиция_____________________________________________________________,
карантинге жатқызылған өнімді залалсыздандыру (фумигациялау) қандай температурада
жүргізілді_____________________________________________________________________
карантинге жатқызылған өнімді залалсыздандыруды (фумигациялауды) жүргізу кезінде
пайдаланылған пестицидтің концентрациясы ______________________________________
_______________________________________________________________________________;
Карантинге жатқызылған өнім туралы қосымша ақпарат_____________________________
_______________________________________________________________________________;
Импорттаушы елдің атауы________________________________________________________;
Карантинге жатқызылатын өнімнің межелі мекенжайы_______________________________
_______________________________________________________________________________;
Көлік түрі, көлік құралының нөмірі немесе кеменің атауы, тасымалдау түрі_______
_______________________________________________________________________________;
Карантинге жатқызылған өнімнің жүру маршруты___________________________________
_______________________________________________________________________________;
Тиеп жөнелту күні, тиеп жөнелту орны___________________________________________;
Сол арқылы карантинге жатқызылған өнімді әкелу болжанатын импортаушы елдiң
шекаралық пунктiнiң атауы______________________________________________________
_______________________________________________________________________________;
Карантинге жатқызылған өнім шығарылған ел______________________________________
_______________________________________________________________________________;
Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын, Қазақстан Республикасының заңдарына
сәйкес дұрыс емес мәлімет бергенім үшін жауапкершілік туралы хабардармын және
заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.
Басшы______ ____________________________________________________________________
(қолы) тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар болса)
Мөр орны 20 __ жылғы «___» _____________
(жеке кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда)
*Ескертпе: толтыру міндетті емес жолдар
4 Өтінім
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары –
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2018 жылғы 10 қаңтардағы
№ 8 бұйрығына
4-қосымша
Қазақстан Республикасының
аумағын карантиндік объектілерден
және бөтен текті түрлерден
қорғау жөніндегі қағидаларға
9-қосымша
Нысан
________________________________
(өсімдіктер карантині жөніндегі уәкілетті
_______________________________
орган ведомствосының аумақтық
_______________________________
бөлімшесінің атауы)
______________________________
(заңды тұлғаның толық атауы немесе жеке тұлғаның
______________________________
тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын
______________________________
кәуландыратын құжатта бар болса), заңды мекенжайы
______________________________
(бизнес сәйкестендіру нөмірі/
______________________________
жеке сәйкестендіру нөмірі)
Өтінім
___________________________________мынадай карантинге жатқызылған өнімді әкетуге
(облыстан, қаладан)
карантиндік сертификат беруді сұраймын:
1. Карантинге жатқызылған өнімнің атауы мен көлемі, оның сипаттамасы
_______________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________,
орын саны және орама сипаттамасы, айырым белгілері
_______________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________,
межелі мақсаты ________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________;
2. *Өсімдіктердің ботаникалық атауы____________________________________________
_______________________________________________________________________________;
3. Облыстың (қаланың) атауы, карантинге жатқызылған өнімнің межелі мекенжайы
_______________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________;
4. Карантинге жатқызылған өнімді тиеп жөнелту күні және орны
_______________________________________________________________________________;
5. Жөнелту станциясының атауы _________________________________________________
_______________________________________________________________________________;
6. Межелі станцияның атауы_____________________________________________________
_______________________________________________________________________________;
7. Жүк алушы, карантинге жатқызылған өнім жүк алушысының мекенжайы
_______________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________;
Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын, Қазақстан Республикасының заңдарына
сәйкес дұрыс емес мәлімет бергенім үшін жауапкершілік туралы хабардармын және
заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.
Басшы ______ ___________________________________________________________________
(қолы) тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландаратын құжатта бар болса)
Мөр орны 20 __ жылғы «___» ________________
(жеке кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда)
*Ескертпе: толтыру міндетті қажетті емес жолдар