Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 29 июня 2015 года № 15-08/590 «Об утверждении Правил по охране территории Республики Казахстан от карантинных объектов и чужеродных видов»

Бұйрық · № 328 · қабылданған 08.09.2026
Заңдық күші: Қолданыста · 20.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/29-2015-no-15-08590-ekb-229902/on/2026-09-20/
Басып шығарылды 2026-09-20 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 29 июня 2015 года № 15-08/590 «Об утверждении Правил по охране территории Республики Казахстан от карантинных объектов и чужеродных видов» Қолданыста 08.09.2026 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О внесении изменений в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 29 июня 2015 года № 15-08/590 «Об утверждении Правил по охране территории Республики Казахстан от карантинных объектов и чужеродных видов»

Қолданыста Бұйрық № 328 20.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 29 июня 2015 года № 15-08/590 «Об утверждении Правил по охране территории Республики Казахстан от карантинных объектов и чужеродных видов»
Атауы (қаз.)
«Қазақстан Республикасының аумағын карантиндiк объектiлерден және бөтен тектi түрлерден қорғау жөнiндегi қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 15-08/590 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
328
Қабылданған күні
08.09.2026
Қолданысқа енгізілген күні
08.09.2026
Көрсетілген редакция
08.09.2026 229902_840892.kaz
Соңғы өзгеріс
08.09.2026
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2600039855
ЭКБ идентификаторы
229902
Редакция идентификаторы
229902_840892
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
17.09.2026 03:33
20.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.09.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 «Қазақстан Республикасының аумағын карантиндiк объектiлерден және бөтен тектi түрлерден қорғау жөнiндегi қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 15-08/590 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Қазақстан Республикасының аумағын карантиндiк объектiлерден және бөтен тектi түрлерден қорғау жөнiндегi қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 15-08/590 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12032 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
2-тармақтың 2) тармақшасы алып тасталсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағын карантиндік объектілерден және бөтен текті түрлерден қорғау жөніндегі қағидаларда:
25-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасы шегінен тыс жерге әкетуге фитосанитариялық сертификат алу үшін жеке немесе заңды тұлға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тиісті аумақтық бөлімшеге (көрсетілетін қызметті берушіге) электрондық нысанда «цифрлық үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы не қағаз және (немесе) электрондық түрінде аумақтық бөлімшенің (көрсетілетін қызметті берушінің) кеңсесіне не «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) № 1 тізбенің 8-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.»;
26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«26. Карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасының шегінен тыс жер әкетуге арналған фитосанитариялық сертификат немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап өтініш тіркелген сәттен бастап 16 (он алты) жұмыс сағатынан аспайтын мерзімде қағаз және (немесе) электрондық нысанда ресімделеді.»;
көрсетілген Қағидаларға 8-қосымшада:
«Карантинге жатқызылған өнiмдi Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкетуге фитосанитариялық сертификат беру» мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде:
3-бағанда, реттік нөмірі 5-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Фитосанитариялық сертификат немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тарту.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны – қағаз және (немесе) электрондық түрде.».

2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілетін осы бұйрықтың 1-тармағының екінші абзацын қоспағанда, 2026 жылғы 8 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы Жасанды
интеллект және цифрлық даму министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Экология және табиғи ресурстар министрлігі