О внесении дополнений в указы Президента Республики Казахстан от 29 декабря 2015 года № 150 «Об утверждении Реестра должностей политических и административных государственных служащих» и от 29 декабря 2015 года № 152 «О некоторых вопросах прохождения государственной службы»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнений в указы Президента Республики Казахстан от 29 декабря 2015 года № 150 «Об утверждении Реестра должностей политических и административных государственных служащих» и от 29 декабря 2015 года № 152 «О некоторых вопросах прохождения государственной службы»
- Атауы (қаз.)
- «Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 150 және «Мемлекеттік қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 152 жарлықтарына толықтырулар енгiзу туралы
- Акт түрі
- Жарлық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 651
- Қабылданған күні
- 03.09.2021
- Көрсетілген редакция
- 03.09.2021 158406_537820.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 03.09.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- U2100000651
- ЭКБ идентификаторы
- 158406
- Редакция идентификаторы
- 158406_537820
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 06:55
0 Қазақстан Республикасының
Президенті мен Үкiметі актiлерiнiң
жинағында жариялануға тиiс
«Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 150 және «Мемлекеттік қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 152 жарлықтарына толықтырулар енгiзу туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1 1. Қазақстан Республикасы Президентінің мынадай жарлықтарына толықтырулар енгізілсін:
1 1) «Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 150 Жарлығында:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізілімінде:
«2-тарау. Мемлекеттік әкімшілік лауазымдар» деген тарауында:
«Б» корпусы» деген бөлімінде:
D санаттарының тобында:
жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын облыстық атқарушы органдарға, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың атқарушы органдарына, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың Қазақстан халқы Ассамблеясының аппараттарына (хатшылықтарына)
қатысты мемлекеттік әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізбесінен кейін мынадай мазмұндағы жаңа кіші топпен толықтырылсын:
«Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, облыстық атқарушы органдарға есеп беретін және бақылауындағы аудандық атқарушы органдар, сондай-ақ облыстық маңызы бар қалалардың атқарушы органдары
D-R-1 санаты
Бөлім басшысы
D-R-2 санаты
Бөлім басшысының орынбасары
D-R-3 санаты
Сектор меңгерушісі
D-R-4 санаты
Бас маман
D-R-5 санаты
Жетекші маман»;
2 2) «Мемлекеттік қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 152 Жарлығында:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік қызметшілерге ротация жүргізу қағидалары мен мерзімдері, ротацияға жататын мемлекеттік қызметшілердің санаттары мен лауазымдарында:
мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
«3-1. Егер Қазақстан Республикасының Президенті өзгеше шешім қабылдамаса, мемлекеттік қызметшіні ротациялау жүзеге асырылған бұрынғы лауазымына тағайындауға ол басқа мемлекеттік лауазымға ротацияланған күннен бастап кемінде бір жыл өткеннен кейін жол беріледі.
Бұл ретте Қазақстан Республикасы Президентінің осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген шешімі мемлекеттік саяси қызметшіге және «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшісіне қатысты тиісті мемлекеттік органның бірінші басшысының ұсынысы бойынша қабылдануы мүмкін.»;
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген «Б» корпусының бос немесе уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына конкурс өткізілместен, ауысу тәртібімен орналасу қағидаларында:
мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
«4. Мемлекеттік қызметшіні ротациялау жүзеге асырылған оның бұрынғы лауазымына ауысу тәртібімен тағайындауға ол басқа мемлекеттік лауазымға ротацияланған күннен бастап бір жыл ішінде жол берілмейді.».