Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в Указ Президента Республики Казахстан от 29 декабря 2015 года № 150 «Об утверждении Реестра должностей политических и административных государственных служащих»

Жарлық · № 560 · қабылданған 20.04.2021
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/29-2015-no-150-ekb-155120/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в Указ Президента Республики Казахстан от 29 декабря 2015 года № 150 «Об утверждении Реестра должностей политических и административных государственных служащих» Қолданыста Жарлық ·№ 560 ·20.04.2021
20.04.2021 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.04.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в Указ Президента Республики Казахстан от 29 декабря 2015 года № 150 «Об утверждении Реестра должностей политических и административных государственных служащих»

Қолданыста Жарлық ·№ 560 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в Указ Президента Республики Казахстан от 29 декабря 2015 года № 150 «Об утверждении Реестра должностей политических и административных государственных служащих»
Атауы (қаз.)
«Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 150 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Жарлық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
560
Қабылданған күні
20.04.2021
Көрсетілген редакция
20.04.2021 155120_521015.kaz
Соңғы өзгеріс
20.04.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
U2100000560
ЭКБ идентификаторы
155120
Редакция идентификаторы
155120_521015
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 08:32

0 «Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 150 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1 1. «Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 150 Жарлығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізілімінде:
«2-тарау. Мемлекеттік әкімшілік лауазымдар» деген тарауда:
«Б» корпусы» деген бөлімде:
С санаттарының тобында:
С-1 санаты:
«Шетелдегі мекеменің кеңесшісі – уәкілі» деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
«Баспасөз хатшысы»;
С-3 санатында:
«Орталық атқарушы органның бірінші басшысының көмекшісі, кеңесшісі, баспасөз хатшысы» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«Орталық атқарушы органның бірінші басшысының көмекшісі, кеңесшісі»;
D санаттарының тобында:
D-2 санаты:
«Облыс, республикалық маңызы бар қала және астана әкімінің әскери қауіпсіздік және қорғаныс мәселелері жөніндегі көмекшісі» деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
«Баспасөз хатшысы»;
D-3 санатында:
«Баспасөз хатшысы» деген жол алып тасталсын.

2 2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы