Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в Указ Президента Республики Казахстан от 29 декабря 2015 года № 152 «О некоторых вопросах прохождения государственной службы»

Жарлық · № 870 · қабылданған 02.05.2025
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/29-2015-no-152/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в Указ Президента Республики Казахстан от 29 декабря 2015 года № 152 «О некоторых вопросах прохождения государственной службы» Қолданыста Жарлық ·№ 870 ·02.05.2025
02.05.2025 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.05.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в Указ Президента Республики Казахстан от 29 декабря 2015 года № 152 «О некоторых вопросах прохождения государственной службы»

Қолданыста Жарлық ·№ 870 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в Указ Президента Республики Казахстан от 29 декабря 2015 года № 152 «О некоторых вопросах прохождения государственной службы»
Атауы (қаз.)
«Мемлекеттік қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 152 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Жарлық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
870
Қабылданған күні
02.05.2025
Көрсетілген редакция
02.05.2025 209826_756815.kaz
Соңғы өзгеріс
02.05.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
U2500000870
ЭКБ идентификаторы
209826
Редакция идентификаторы
209826_756815
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 04:40

0 «Мемлекеттік қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 152 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1 1. «Мемлекеттік қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 152 Жарлығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану қағидаларында:
мынадай мазмұндағы 3-1 және 3-2-тармақтармен толықтырылсын:
«3-1. Мемлекеттік саяси қызметші алдыңғы мемлекеттік лауазымда тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін тәртіптік жауаптылыққа тартылады.
Егер алдыңғы мемлекеттік лауазым мемлекеттік саяси лауазым болып табылса, онда осы Қағидалардың 9-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, тәртіптік жауаптылық мәселесін қарауды мемлекеттік қызметші тәртіптік теріс қылық жасаған кезде лауазымды атқарған мемлекеттік орган осы Қағидалардың мемлекеттік саяси қызметшілерге қатысты тиісті ережелерін қолдана отырып жүзеге асырады.
Егер алдыңғы мемлекеттік лауазым мемлекеттік әкімшілік лауазым болып табылса, онда осы Қағидалардың 21, 24 және 25-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, тәртіптік жауаптылық мәселесін қарауды мемлекеттік қызметші тәртіптік теріс қылық жасаған кезде лауазымды атқарған мемлекеттік орган осы Қағидалардың мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге қатысты тиісті ережелерін қолдана отырып жүзеге асырады.
3-2. Осы Қағидалардың 3-1-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген мемлекеттік саяси қызметшіге тәртіптік жазаны осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген уәкілетті адам соңғы атқаратын лауазымы бойынша тәртіптік жаза қолдану мерзімдері шегінде қолданады.»;
17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«17. Мемлекеттік саяси қызметші мемлекеттік саяси лауазымда атқаратын өкілеттіктерін тоқтатқан күнге дейін алынбаған тәртіптік жаза осы өкілеттіктер тоқтатылған күннен бастап алынған болып есептеледі.»;
мынадай мазмұндағы 26-1-тармақпен толықтырылсын:
«26-1. Мемлекеттік әкімшілік қызметші алдыңғы мемлекеттік лауазымда тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін тәртіптік жауаптылыққа тартылады.
Егер алдыңғы мемлекеттік лауазым мемлекеттік саяси лауазым болып табылса, онда осы Қағидалардың 9-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, тәртіптік жауаптылық мәселесін қарауды мемлекеттік қызметші тәртіптік теріс қылық жасаған кезде лауазымды атқарған мемлекеттік орган осы Қағидалардың мемлекеттік саяси қызметшілерге қатысты тиісті ережелерін қолдана отырып жүзеге асырады.
Егер алдыңғы мемлекеттік лауазым мемлекеттік әкімшілік лауазым болып табылса, онда осы Қағидалардың 21, 24 және 25-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, тәртіптік жауаптылық мәселесін қарауды мемлекеттік қызметші тәртіптік теріс қылық жасаған кезде лауазымды атқарған мемлекеттік орган осы Қағидалардың мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге қатысты тиісті ережелерін қолдана отырып жүзеге асырады.
Мемлекеттік әкімшілік қызметшінің уәкілетті адамы:
1) қызметтік тергеп-тексеруді тоқтата тұру және қайта бастау үшін негіз болып табылатын материалдар мен мәліметтерді уақтылы береді;
2) мемлекеттік қызметшінің тәртіптік жауаптылығы мәселесін жан-жақты және объективті қарау үшін өзге де жәрдем көрсетеді.»;
мынадай мазмұндағы 45-1-тармақпен толықтырылсын:
«45-1. Осы Қағидалардың 49, 50, 51 және 52-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, осы Қағидалардың 26-1-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген мемлекеттік әкімшілік қызметшінің тәртіптік теріс қылығы бойынша қызметтік тергеп-тексеру мемлекеттік қызметші теріс қылық жасаған кезде лауазымды атқарған мемлекеттік органның уәкілетті адамының актісімен тағайындалады.
Қызметтік тергеп-тексеруді тағайындау және осы Қағидалардың 26-1-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген мемлекеттік әкімшілік қызметшінің тәртіптік теріс қылықтары жөніндегі мәліметтер туралы қызметтік тергеп-тексеру тағайындалған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде мемлекеттік әкімшілік қызметші лауазымды атқаратын мемлекеттік органның уәкілетті адамына хабарланады.
Қызметтік тергеп-тексеру материалдарын мемлекеттік қызметші теріс қылық жасаған кезде мемлекеттік әкімшілік лауазымды атқарған мемлекеттік органның Комиссиясы қарайды және тәртіптік жаза қолдану туралы ұсыным шығарылған жағдайда мемлекеттік қызметші теріс қылық жасаған кезде лауазымды атқарған мемлекеттік органның уәкілетті адамы тиісті материалдарды бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызметшінің соңғы жұмыс орны бойынша жібереді.»;
мынадай мазмұндағы 72-1 және 72-2-тармақтармен толықтырылсын:
«72-1. Осы Қағидалардың 26-1-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген мемлекеттік әкімшілік қызметшіге тәртіптік жазаны мемлекеттік органның уәкілетті адамы соңғы атқаратын лауазымы бойынша тәртіптік жаза қолдану мерзімдері шегінде қолданады.
72-2. Уәкілетті адам басқа мемлекеттік органнан берілген қызметтік тергеп-тексеру материалдарын және Комиссияның мемлекеттік әкімшілік қызметшінің алдыңғы мемлекеттік лауазымдағы тәртіптік теріс қылықтары бойынша тәртіптік жаза қолдану туралы ұсынымдарын қараған кезде материалдар қосымша қызметтік тергеп-тексеруге жіберілмейді.»;
83-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«83. Мемлекеттік қызмет тоқтатылған күнге дейін алынбаған тәртіптік жаза мемлекеттік әкімшілік қызметші мемлекеттік қызметті тоқтатқан күннен бастап алынған болып есептеледі.»;
86-тармақ алып тасталсын.

2 2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы