О внесении изменений в постановление акимата Павлодарской области от 29 января 2015 года № 16/1 «Об утверждении Положения о государственном учреждении «Управление ветеринарии Павлодарской области»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление акимата Павлодарской области от 29 января 2015 года № 16/1 «Об утверждении Положения о государственном учреждении «Управление ветеринарии Павлодарской области»
- Атауы (қаз.)
- Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 29 қаңтардағы «Павлодар облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» № 16/1 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 58/2
- Қабылданған күні
- 25.02.2016
- Көрсетілген редакция
- 26.05.2017 100614_189186.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 26.05.2017
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V16P0005013
- ЭКБ идентификаторы
- 100614
- Редакция идентификаторы
- 100614_189186
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 10:19
0 Павлодар облысы әкімдігінің
2015 жылғы 29 қаңтардағы
«Павлодар облысының
ветеринария басқармасы»
мемлекеттік мекемесі туралы
ережені бекіту туралы»
№ 16/1 қаулысына
өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы «Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы» № 410 Жарлығына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 29 қаңтардағы «Павлодар облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» № 16/1 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4305 болып тіркелген, 2015 жылғы 21 ақпанда «Сарыарқа самалы», «Звезда Прииртышья» газеттерінде жарияланған) келесідей өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Павлодар облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережеде:
20-тармақтың 33) тармақшасы алынып тасталсын;
25-тармақтың 6) тармақшасы алынып тасталсын.
2 2. «Павлодар облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:
осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
осы қаулы аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.