О внесении изменений в постановление акимата Актюбинской области от 29 мая 2015 года № 177 «Об утверждении регламента государственной услуги «Выдача удостоверений на право управления самоходными маломерными судами»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление акимата Актюбинской области от 29 мая 2015 года № 177 «Об утверждении регламента государственной услуги «Выдача удостоверений на право управления самоходными маломерными судами»
- Атауы (қаз.)
- «Өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді жүргізу құқығына куәліктер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» Ақтөбе облысы әкімдігінің 2015 жылғы 29 мамырдағы № 177 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 85
- Қабылданған күні
- 03.03.2016
- Көрсетілген редакция
- 06.03.2020 101382_448022.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 06.03.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V16C0004846
- ЭКБ идентификаторы
- 101382
- Редакция идентификаторы
- 101382_448022
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 10:10
0 «Өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді жүргізу құқығына куәліктер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» Ақтөбе облысы әкімдігінің 2015 жылғы 29 мамырдағы № 177 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының 16-бабының 3 тармағына, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 45 «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 556 «Ішкі су көлігі саласында мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13290 тіркелген) бұйрығына сәйкес, Ақтөбе облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ
1
1. Ақтөбе облысы әкімдігінің 2015 жылғы 29 мамырдағы № 177 «Өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді жүргізу құқығына куәліктер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4418 тіркелген, 2015 жылғы 14 шілдеде «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
жоғарыда аталған қаулымен
бекітілген «Өздігінен жүретін шағын
көлемді кемелерді жүргізу құқығына куәліктер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:
1-тармақтың 1) тармақшасы мынадай
редакцияда жазылсын:
«1) Қазақстан Республикасы Инвестициялар
және даму министрлігінің «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы»
коммерциялық
емес акционерлік қоғамы
(бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);»;
1-тармақтың 2-тармақшасының екінші
абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру Мемлекеттік корпорация арқылы
жүзеге асырылады.»;
2 тараудың 4-тармағының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша
рәсімнің (іс-әрекеттің) басталуына қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияға
жүгінген кезде:»;
4-тараудың атауы мынадай редакцияда
жазылсын:
«4. Мемлекеттік корпорациямен өзара
іс-әрекет жасау, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде ақпараттық
жүйені қолдану тәртібінің сипаттамасы»;
4 тараудың 6-тармағының бірінші абзацы мынадай
редакцияда жазылсын:
«6. Мемлекеттік корпорацияда
мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-әрекеттің) мазмұны, оны орындау
ұзақтығы:»;
6-тармақтың 1), 2), 3) және 7)
тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«1) көрсетілетін
мемлекеттік қызметті алушы Стандарттың
1-қосымшасына сәйкес Мемлекеттік
корпорация операторына қажетті құжаттарды және
өтінішті тапсырады, ол электрондық кезек ретімен «кедергісіз қызмет көрсету» арқылы операциялық залда жүзеге асырылады;
2) 1- үдеріс -
қызмет көрсету үшін Мемлекеттік
корпорация операторы Мемлекеттік корпорацияның Ықпалдастырылған
ақпараттық жүйесінің автоматтандырылған жұмыс орнына (бұдан әрі – МК ЫАЖ АЖО)
логин мен парольді (авторизациялау үдерісі) енгізу;
3) 2 - үдеріс – Мемлекеттік корпорация операторымен мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұраныс нысанын таңдау,
экранға шығару және Мемлекеттік корпорация
операторымен қызмет алушының деректерін, сондай-ақ сенімхат бойынша қызметті
алушы өкілінің (нотариалды куәландырылған сенімхат болғанда немесе сенімхатты
өзге де куәландыру кезінде – сенімхаттың мәліметтері толтырылмайды) деректерін
енгізу;»;
«7) 5-үдеріс – МК
ЫАЖ арқылы Мемлекеттік
корпорация операторының электрондық цифрлық
қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған (қол қойылған) электрондық
құжатты (көрсетілетін қызметті алушының сұранысын) «Е – лицензиялау»
мемлекеттік деректер қорының автоматтандырылған жұмыс орны ақпараттық жүйесіне
(бұдан әрі – ЕЛ МДҚ АЖО АЖ) жіберу.»;
4 тараудың 7-тармағының бірінші абзацы мынадай
редакцияда жазылсын:
«7. Мемлекеттік корпорацияда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі үдерісінің
құрамына кіретін әрбір рәсімнің
(іс-әрекеттің) мазмұны, оны орындау ұзақтығы:»;
4 тараудың 9-тармағы мынадай редакцияда
жазылсын:
«9.
Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде көрсетілетін қызметті берушінің
құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) рәсімдерінің (іс-әрекеттерінің)
өзара іс-әрекеттерінің реттілігінің толық сипаттамасы, сондай-ақ өзге көрсетілген қызметті берушілермен және
(немесе) Мемлекеттік корпорациямен өзара
іс-әрекет тәртібінің сипаттамасы осы регламентке 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің
бизнес-үдерістерінің анықтамалығында көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсетудің
бизнес-үдерістерінің анықтамалығы көрсетілетін қызметті берушінің
интернет–ресурсында орналастырылады.»;
«Өздігінен жүретін
шағын көлемді кемелерді жүргізу құқығына куәліктер беру» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет регламентіне 2-қосымша осы
қаулының 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2 2. «Ақтөбе облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесі осы қаулыны «Әділет» ақпараттық–құқықтық жүйесінде орналастыруды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Ж.М. Бексарыға жүктелсін.
4
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі, бірақ, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 556 «Ішкі су көлігі саласында мемлекеттік қызметтер көрсету стандарттарын бекіту туралы» бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 45 бұйрығы қолданысқа енгізілгеннен бұрын емес.
5 «Өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді
жүргізу құқығына куәліктер беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламентіне қосымша
«Өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді
жүргізу құқығына куәліктер беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламентіне 2-қосымша
Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-үдерістерінің анықтамалығы