О внесении изменений в Приказ исполняющего обязанности Министра сельского хозяйства Республики Казахстан «Об утверждении Правил ведения охотничьего хозяйства» от 29 мая 2015 года № 18-2/501
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в Приказ исполняющего обязанности Министра сельского хозяйства Республики Казахстан «Об утверждении Правил ведения охотничьего хозяйства» от 29 мая 2015 года № 18-2/501
- Атауы (қаз.)
- «Аңшылық шаруашылығын жүргiзу қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 29 мамырдағы № 18-2/501 бұйрығына өзгерiстер енгiзу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 140
- Қабылданған күні
- 13.05.2021
- Көрсетілген редакция
- 13.05.2021 155943_525465.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 13.05.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2100022754
- ЭКБ идентификаторы
- 155943
- Редакция идентификаторы
- 155943_525465
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 08:08
0 «Аңшылық шаруашылығын жүргiзу қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 29 мамырдағы № 18-2/501 бұйрығына өзгерiстер енгiзу туралы
«Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі № 593 Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 58) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Аңшылық шаруашылығын жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 29 мамырдағы № 18-2/501 бұйрығында (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11551 болып тіркелген, 2012 жылғы 20 тамызда «Егемен Қазақстан» газетінің № 160 (28286) санында жарияланған);):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Аңшылық шаруашылығын жүргізу қағидаларында:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. «Қазақстан Республикасы аумағында шаруашылықаралық аңшылық ісін ұйымдастыру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 17 ақпандағы № 25-03-01/63 бұйрығына сәйкес жүргізілген аңшылық алқаптарын шаруашылықаралық аңшылықты ұйымдастыру нәтижелері бойынша жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті органның ведомствосы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес аңшылық шаруашылықтарының санаттарын айқындайды.»;
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«11. Жануарлар дүниесін пайдаланушы бекітіп берген аңшылық алқаптардағы жануарлар дүниесі объектілерін қорғау:
1) жануарлар дүниесі объектілерін қорғау, өсімін молайту және пайдалану жөніндегі қағидаларды, нормалар мен нормативтерді сақтау қағидаттарына негізделеді;
2) жануарлар дүниесін пайдалануға шектеулер мен тыйым салуларды сақтау қағидаттарына негізделеді;
3) жануарлардың бағалы, сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерін қорғау;
4) жануарлар дүниесін пайдаланудың белгіленген қағидаларын бұзуды болғызбау;
5) жануарлар дүниесі объектілерін, олардың мекендеу ортасын, көбею жағдайларын, қоныс аудару жолдары мен шоғырлану орындарын қорғауды ұйымдастыруды қамтамасыз ету:
қорықшылық қызметті құру;
қорықшылық қызметті нысанды киіммен, қызметтік куәлікпен, қызметтік қарумен қамтамасыз ету;
биотехникалық іс-шаралар жүргізу;
мемлекеттік органдарға аңшылық жануарлар түрлерін қорғауды жүзеге асыруға көмек көрсету (жануарлар дүниесін қорғау бойынша бірлескен рейдтік іс-шаралар өткізу);
6) жануарлардың аңшылық түрлерін жасанды өсіру (Ескертпе: аңшылық пайдаланушының қаржылық жпғдпйына байланысты оның қалауы бойынша);
7) жануарлар ауырған жағдайда, дүлей зілзала кезінде және басқа себептер салдарынан қырылу қаупі төнген жағдайларда оларға көмек көрсету;
жануарлар дүниесі объектілерін қорғау және орнықты пайдалану идеяларын насихаттау;
8) азаматтарды жануарлар дүниесіне ізгілікті және ұқыпты қарау рухында тәрбиелеу мақсаттарында жүзеге асырылады.»;
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: Қорықшылық қызметтерді өз қаражат есебінен аңшылық шаруашылығы ұйымдары құрады.
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«15. Бекітіліп берілген аңшылық шаруашылықтарында жануарлар дүниесін молайту жөніндегі жұмыстардың тізбесі шаруашылықішілік аңшылық ісін ұйымдастыруда және аңшылық шаруашылығын жүргізу жоспарында көзделеді.
Аңшылық шаруашылығын жүргізу жоспарына түзету экономикалық құрамдас бөлік пен өңірлік жағдайлар өзгерген жағдайда қажеттілігіне қарай енгізіледі.»;
11-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2 2. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3 3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
1 Аңшылық шаруашылықтарының санаттары
Экология, геология және
табиғи ресурстар министрінің
2021 жылғы 13 мамырдағы № 140
бұйрығына қосымша
Аңшылық шаруашылығын
жүргiзу қағидаларын бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл
шаруашылығы министрінің м.а.
2015 жылғы 29 мамырдағы
№ 18-2/501 бұйрығына
қосымша
Аңшылық шаруашылықтарының санаттары
Аңшылық шаруашылықтарының санаттары
Аңшылық шаруашылы ғының алатын алаңының нормасы (гектaр)
Аң аулау объектiлерiне жатқызылған мекендейтiн жануарлар түрлерiнiң шектi мөлшерi
Аңшылық алқаптарды бекiтiп берудiң ұсынылатын мерзiмi (жыл)
1
2
3
4
1 санат
кемiнде 5000
тұяқты жануарлар түрлерi-кемiнде 3, ұсақ және қанатты құстың түрлері - кемiнде 5
49
2 санат
кемiнде 15000
тұяқты жануарлар түрлерi-кемiнде 3, - ұсақ және қанатты құстың түрлерi-кемiнде 3
40
3 санат
кемiнде 20000
тұяқты жануар лар түрлерi-кемiнде 2, ұсақ және қанатты құстың түрлерi - кемiнде 3
30
4 санат
кемiнде 20000
тұяқты жануарлар түрлерi-кемiнде 1, ұсақ және қанатты құстың түрлерi-кемінде 3
20
5 санат
кемiнде 10000
ұсақ және қанатты құстардың түрлері кемінде - 3
10